Кафедралар -факультеттің мық шегесі

Қостанай таңы, 2005 жылы, 9 ақпан

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары факультеті 2004 жылы жаратылыс және жантану факультеті негізінде қурылды. Мунда 050112-химия, 030340 - химия және биология, 050313 -биология, 050116 - география пәндері бойынша мамандарды дайындайды.
«Биология» және «География» мамандығына магистратура бар.

Сол сияқты факультеттің өзіндік ерекше тарихы, қалыптасқан дәстүрі бар. Жоғары дәрежелі профессорлық-оқытушы құрамы факультеттің жумысын дамытып, көркей-туде көптеген еңбек сіңіруде.
Факультетті аталмыш оқу орнының дамуынада, факультеттің дамуына да үлкен үлес қосқан химия ғылымдарының кандидаты, профессор Қ. Ханапин басқарады.

Бүгінгі таңда 400-ден астам студенттер факультеттің сырттай және күндізгі оқитын қазақ және орыс бөлімдерінде білім нәрімен сусындауда.
Факультетте екі кафедра бар: химия, биология және география. Кафедралар ұжымы жоғары деңгейде жұмыс атқарып отыр.
Факультетте география ғылымдарының докторы, профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы, ғылым кандидаттары: Қуанышбаев Сейтбек Бикенұлы, Утина Зәуреш Есмұханқызы, Важев Владимир Викторович, Әбдіқалықова Қалимаш Ақатқызы, Важева Наталья Виньяминовна, Валяева Елена Алексеевна, Қонысбаева Дәмелі Төремұратқызы және биология ғылымының докторы Брагина Татьяна Михайловна, доценттер Музычко Людмила Михайловна, Маланьина Нина Андреевна, аға оқытушылар: Оразымбетова Баян Баймағамбетқызы, Көбеев Марат Сапабек-ұлы, Қожмұхаметова Аян Сұлтанқызы, Шәкеева Рысалды Жақанқызы, Тәуірбаева Гұлжан Ормантайқызы жұмыс істейді.

Химия кафедрасы - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді факультеттегі ең алғаш қалыптастырған кафедра.
Ал ғылыми-зерттеу жұмысы негізінен - Қостанай облысындағы табиғи ресурстарды химия-экологиялықзерттеуге бағытталған:

  • табиғи сулардың сапасын зерттеу, табиғи адсор-бенттерді қолдана отырып, су құрамын коррекциялау;
  • дәрілік шөптердің фитохимиялық қасиетін зерттеу;
  • қоршаған ортаға экологиялық бага беру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін қазіргі заманға сай технологиялар, компьютерлік модельдеу қол-данылады. Ал, Екатерина Медведьева сынды түлегіміз А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың магистратурасында оқиды.

Биология кафедрасы - ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Қазақстанның Солтүстік аймақ-тарындағы өсімдіктер мен жанауарлар дүниесін, фитоценоз динамикасын зерттейді.
Ғалымдарымыздың, магистранттарымыздың және студенттердің зерттейтін ғыгіыми тақырыптары қызықты, жан-жақты, кең ауқымды:

  • Солтүстік аймақтың табиғи ресурстарын экологиялык тиімді қолдану;
  • дәрілік өсімдіктерді фитохимиялық анализдеу;
  • ландшафттардың өзгеруін зерттеу.

Биология жэне география кафедрасының меңгерушісі - биология ғылымының кандидаты Қонысбаева Дәмелі Төремұратқызы.
Студенттердің білім сапасын жоғарылатып, белсенділігін арттыру үшін кафедра оқытушылары оқыту үрдісіне қазіргі заманға сай технологияларды қолдануда.
Оқу барысында биология және география бөлімінің студенттері бірнеше тәжірибеден өтеді:

  • оқу тәжірибесі - флора және фаунаның био-ерекшеліктерін зерттеу үшін «Сосновый бор», «Каменное озеро» стационарлық базасында өтеді;
  • ндірістік тәжірибесі - өндірістің технологиясы мен танысу және зерттеу, жұмыс істеу үрдісін бақылау.

Тәжірибе базалары: қоршаған ортаны қорғау бөлімі; қалалық су жүйесі,облыстық кеден басқармасы; орман-тоғай және биоресурстар басқармасы; қалалық СЭС, ғылыми зертханалар.

Достық аясындағы ғылыми байланыстар

Факультет Ресей, Голландия, Швейцария, Германия секілді мемлекеттердегі және өз еліміздегі Астана, Қарағанды, Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарымен халықаралық байланысқа шығып отырады. Тәжірибе алмасады.
Сол сияқты біздің факультеттің студенттері Мәскеу, Екатеринбург қалаларында ғылыми сынақта болады. Осындай елдердегі мәртебелі оқу ордасымен ынтымақтастықтың арқасында ол жақтың ғалымдары келіп, дәріс те оқып түрады.
Студенттер ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі орындарға ие болып жүр, ал ғылыми жүмыстары оқу үрдісіне енгізіледі.
Түлектеріміз барлық салада: мектеп, колледж, емдеу орындарында, ішкі істер органдарында, банк, зертханаларда жемісті еңбек атқаруда.

Жастықтың оты жалындап

Студенттердің ішінде 55 оқу озаты, 65 грант иегерлері, 1 спорт шеберлігіне кандидат бар. Оқу аудиториялары, қазіргі заманға сай жабдықталған, сонымен қатар компьютерлік сынып студенттердің қолдануына берілді.
Қазіргі әдістемелік талап-тілектерге сай жабдықталған анатомиялық мұражай, фитозертханалар бар.
Студёнттердің бос уақытының қызықты өтуіне де жағдай жасалған. Олар институт, факультет аралық мәде-ни шаралардың үйтқысы, КВН-нен 2-ші жүлделі орынға ие болды, мәселен мектеп оқушыларымен бірлесіп, ин-теллектуалдық-экологиялық ойынға, Наурыз мейрамы-нажәне білім деңгейінайқындайтынпедагогикалықжәне психологиялық олимпиадаға қатысып, өздерінің шебер-ліктерін көрсетті.
Біздің студенттер «Ровесник» педагогикалық отрядының құрамына кіреді және жыл сайын сауықтыру лагеріне жолдамамен қатысып түрады. Онда 3-ші курс студенттері Тен Юлия, Компанец Татьяна, Мұхамеджанов Олжас, т.б. жылда жолдама алып педагогикалық отрядта жүмыс істейді.

Оқу мен ғылымға қуштар, көңілді, спортта өрі сүлу, әрі күшті, сенбіліктерде - еңбек сүйгіш студенттер - бул жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері!

Толассыз еңбек тосқауылды бүзып өтеді

Зөуреш апай галым боламын деп ойлады дейсіз бе? Тынымсыз, ыждағаттылықпен тер төккен еңбектің нәтижесінде осындайға жетіп отырғаны.
Зәуреш Есмұханқызы қышқылдық-негіздік өрекеттесу теориялары, физикалық химия сияқты пөндерден дөріс оқып, зертханалық жүмыстарды жүргізумен қатар студенттерді ғылым жолына түсуге баулыды.

1961 жылы Шолақсай орыс орта мектебін жақсы бағалармен аяқтап, Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік Үлттық университетінің (бүрынғы С.Киров атындағы ҚазМУ) химия факультетіне 1962 жылы оқуға түседі. Студенттік жылдар да өте шығады. Стажер-зерттеуші болып осы оқу орнының органикалық емес химия кафедрасында қалады, аспирантураны да аяқтайды.
Ал, 1973 жылы туған жеріне оралып, сол кездегі "КСРО-ның 50 жылдығы" атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына химия пөнінің оқытушысы болып орналасады. Сол жылы Зөуреш Есмұханқызы химия ғылымдарының докторлары Б.Беремжанов пен Н.Нұрахметовтың (қазір академик) жетекшілігімен "Изучение процессов и продуктов взаимодействия тиокарбамида с минеральными кислотами" тақырыбына кандидаттык, диссертациясын қорғады. Осы оқу орнында химия кафедрасының меңгерушісі де, факультет деканы болып та қызмет атқарды.
Ғылым жолы деген кедірлі-бұдырлы. Маңдайдың ащы тері тегілмесе, еңбектенбесең, игілігін қалай көресің? Зөуреш Есмүханқызы институт, кейін университет (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемуниверситеті) қабырғасында органикалық емес химия, кешенді қосылыстардың химиясы.
Сол еңбекті шөкірттері ақтап та шықты. Шөкірттерінің бірі О.Шакурская Шымкенттің химия технологиялық университетінде кандидаттық диссертациясын қорғаса, бірнеше студенттері Өскемен, Петропавл қалаларында өткен республикалық олимпиадаларда бірнеше рет бірінші орынды жеңіп алды.
Осындай оқу-төрбие, ғылыми-зерттеу жүмыстары үшін Зөуреш Есмүханқызына 1996 жылы Қостанай мемуниверситетінің ғылыми кеңесінің шешімімен "Жалпы, органикалық емес және аналитикалық химия кафедрасының профессоры" атағы берілді.
Химия дегеніңіз шағып жіберер жаңғағыңыз да емес. Небір формуланы, өдіс-төсілді де білген жөн. Бір затты екінші затқа байқамай қосып көріңізші, нөтижесі не болар екенін. Сондықтан химия саласын білу үшін еңбек қана емес, ерік пен қайтпас мінез де керек. Зөуреш Есмүханқызы "Қазақстанға еңбек сіңірген қызметкер" деген қүрметті атаққа ие болып, Ел Президентінің атынан "Алғыс хатты" алды. Ол кісінің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы химия факультетіне, кафедрасына сіңірген еңбегі үлан-ғайыр. Үжым мен студенттер арасында абыройы зор.

СУРЕТТЕ: Білікті оқытушы-ғалым Зәуреш ЕСМҰХАНҚЫЗЫ.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Кафедралар -факультеттің мық шегесі