Студенттермен болған шынайы әңгіме

Қостанай, 25 ақпан 2005 жылы

25.02.2005

Қостанай мемлекеттік педагогика институтының акт залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Аманмен кездесу болып өтті. Бұл шараны ұйымдастырған осы оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы Қуат Баймырзаев Евгений Иосифовичтен Елбасы Нурсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы ой-толғамын ортаға салуын сурады.
Е.Аман сөзін биылғы жылғы Жолдаудың рет саны бойынша оныншы екенінен бастады. Бұл қужат еліміздің Конституциясының он жылдығымен сәйкес келіп отыр. Сол себептен оның терең мазмұнды болғанына журттың бәрі көз жеткізгенін айтты.
Сенатор онан әрі қарай Жолдаудың мазмунына шолу жасап, оны өзі қалай қолдайтыны туралы қысқаша әңгімеледі. Қазақстан күшқуаты артқан елдің біріне айналғанын ауызға алды. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Мәселен, бюджет саласы қызметкерлерінің, зейнеткерлердің, мүгедектердің, көп балалы отбасылардың жалақысы, студенттердің стипендиясының көбейгендігі соның дәлелі. Оның сөзін институттың оқытушылары мен студенттері зор ынта қойып тыңдады. Сонан болу керек, Евгений Аманға көптеген сауалдар қойылды.
Мәселен, тарих факультетінің үшінші курс студенті Анастасия Тутко "Ауыл" бағдарламасының болашақ тағдыры туралы білгісі келді.
-Сіз осыбағдарламаныңбиыл үшінші жып жүзеге асырылып жатқанын білесіз, - деді сенатор. - Оның жалғасы қан-дай болатынына алаңдауыңыз орынды. Бұл істің жалғасы мәнді болады. Елді мекендердің тағдыры ауыл шаруашы-лығына тікелей байланысты. Тек биы-лғы жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді.
Әлгі А.Тутко жиналғандарды елең еткізген тағы бір сауалын көлденең тартты. Оның сауалы мынандай:
- Сенатор мырза, сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанның бүкіләлемдік сауда уйымына кіруге талпынысы ерте емес пе?
Сенатордың жауабы:
- Олай депайтуға болмайды. Қашанда көштен кейін қалмау керек.
Залда отырғандардың ішінен өтініштілек жасағандар да болды. Олар оқу орны қызметкерлерінің балалары үшін жазғы демалыста соларға лайықты демалыс орнын ұйымдастыруға ықпал ете алатынын, алмайтынын білгісі келді.
Е.Аман тілектің орынды еқеніне тоқ-талды. Халық қалаулысы ретінде қол ұшын беруге уәде етті. Сол үшін осы педагогика институтының ректоры Қуат Баймырзаевпен ақылдасып, шешім қабылдайтынын жасырмады.
Тарих факультетінің деканы Иван Терновой Кеңес Одағы кезінде жас мамандар туралы заңның болғанын еске тусірді. Онда жас мамандарга әжептәуір жеңілдіктер жасалдыжәне жастарға заңның үлкен шарапаты тиген еді. Осын-дай заңның қабылданатынын, қабыл-данбайтынын Иван Кондратьевич білгісі келді. Қазіргі уақытта ешқандай заң жас мамандарға көмектесе алмайды. Соның себебі неліктен деген сауалға тоқталды.
Сенатор бұл мәселе жұрттың көкейінде жүргенін мойындады. Соған орай мұндай заңның өмірге келуін заман-ның өзі талап етіп отыр. Шынында да, жас мамандар қамқорлыққа зәру. Сол себептен қызметке қабылдаушылар шешімді әрекет жасауы керек. Жас ма¬мандарга жеңілдіктер жасаса, құбақуп. Булар - жас мамандарга арналған тұрғын үйлерге, еңбекақының жоғары болуына байланысты өзекті мәселелер.
Е.Аман жас мамандар туралы жекелей заңның қабылдану, қабылданбауы әзірге белгісіз екенін ескертті. Басқа заңдар мен Кодекстерге енгізілуі мүмкін деген пікірімен шектелді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Студенттермен болған шынайы әңгіме