Болашаққа сеніммен қарау үшін

Қостанай таны, № 141 (1 желтоқсан) 2010 ж.

Тарих ғылымдарының докторы  Аманжол Күзембайүлымен сұхбат

- Аманжол Күзембайулы, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық үйымына төрағалық еткеніне 11 ай толып отыр. Осы үйымның тарихына қысқаша тоқталып өтсеңіз.
- Бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі беделді халықаралық ұйым ғой. Атының өзі айтып турғандай, ЕҚЫҰ-ның басты мақсаты - мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, жанжалдың алдын-алу, бәсеңдету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, әділеттілік пен ынтымақтастықты орнату. Ұйым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының орта кезінде құрылды. Өзіңіз білесіз, екінші дүниежүзілік соғыстан Еуропа елдері, әсіресе, Шығыс Еуропа елдері қатты зардап шекті. Бұл соғыстың адамзат баласына әкелген қасіреті өте үлкен болды. Соғыстан кейін де капиталистік елдер мен социалистік елдер арасындағы өзара бақталастық, жанталаса қарулану қатты белес алды. Тіпті үшінші дүниежүзілік соғыс қатері туындады.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар қарсаңында АҚШ өте алапат қару - ядролық қаруға ие болды. Ие болып қана қоймай, онымен бүкіл әлемді қорқыту үшін және жаңа қарудың жер бетінде теңдесі жоқ қару екенін көрсету үшін Жапонияның Хиросима және Нагаски қалаларына атом бомбасын тастап, өзінің ең үстем держава екендігін танытып, сес көрсетті. 1949 жылы екінші алып ел КСРО да ядролық қаруға ие болды. Бұдан кейін осы екі алып елдің жаңа қарумен жан¬таласа қарулану жарысы басталды. Дүние бір-біріне қарсы екі жүйеге бөлінді. Бұл адамзаттың ортақ үйі - Жерге қауіп-қатер төндірді.
Адамзат баласы үшін осындай апатты болдырмау өте өткір мәселе еді. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын көп көрген Еуро¬па үшін қауіпсіздік мәселесі өте алаңдатарлық еді. Осындай алаң-даушылық өткен ғасырдың 70-ші жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өмірге келуіне бірден-бір себеп болды.
1972 жылы Брюссель қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жолында күресуші күштердің ассамблеясы өтті. Бұл жиында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидалары жарияланып, жалпыеуропалық кеңес шақыру жөнінде мәлімдеме қабылданды.1972 жылы Еуропаның 33 елі және АҚШ пен Канада өкілдері Хельсинкиде көп жақты келіссөздерді бастады. Қатысушы елдердің он бесі НАТО, жетеуі Варшава Шарты үйымының мүшелері болса, он екісі бейтарап мемлекеттер болды. Хельсинки кеңесінің қорытындылары халықтардың бейбітшілікке, қарусыздануға, ынтымақты дамытуға занды мүдделігін бейнелеп берді. 1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде Хельсинки Кеңесін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі үйым (ЕҚЫҰ) деп атау туралы шешім қабылданды. 1992 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан бүл ұйымның қатысушысына айналды. 1991 жылы іс ба-сындағы төраға қызметі енгізілді. Қазақстанға дейін 20 мемлекет ЕҚЫҰ-ның төрағасы болды. Қазақстанның алдында бұл ұйымға Грекия төрағалық етсе, алдағы жылы Литва төрағалық ететін болады.
- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәртебесіне ие болуының маңызы қандай?
- Тәуелсіз жас мемлекеттердің бұл үйымға төрағалық етуінің маңызы аса зор. Бүл ең алдымен біздің елімізге көрсетіліп отырған жоғары құрмет. Еліміздегі демократия дамуың адам құқықтарының сақталуың ұлтаралық келісімді, экономикалық дамуымызды мойындау. Яғни, әлемдік қоғамдастықтын біздің елге деген сенім білдіруі. Дүниежүзіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі мәртебелі ұйымға төрағалық ету әркімнің маңдайына жазыла бермейді.
Әлем елдерін тыныштық пен татулыққа, бейбіт өмірге шақыру үшін алдымен өзүйіңде татулық, бірлік, үлтаралық келісім болуы керек қой. Бүлар болмаған жағдайда баска елдерге не айта аласың? Құдайға шүкір, бұл орайда біздің еліміз талайларға үлгі боларлықтай.
2002 жылы Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің бірінші сам-митінің өтуі де Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын әлемге тағы бір паш еткен еді. Бұл саммит Қазақстанның халықаралық қоғам-дастықтағы орнын бұрынғыдан да айшықты таныта түсті.
- Осы ЕҚЫҰ-ға мүшө елдердің бір-бірімен езара ара-қатынасында ұстанатын белгілі бір қағидалары болуы керек емес пе? Сонда олар қандай қағидаларға сүйенеді?
- Иә, бұл үйымға мүше елдер өздерінің бейбітшілікті, ынтымақтастықты дамытуға адалдығын сақтай отырып, өзара қатынастарда негізгі он қағиданы басшылыққа алулары керек. Бұлар - бір-бірінің егемендік, тәуелсіздік құцықтарын құрметтеу, күш қолданбау, қоқанлоққы жасамау, шекаралардың
мызғымастығы, мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, дауларды бейбіт жолмен реттеу, ішкі істерге араласпау, адам құқы мен негізгі бостандықтарды, оның ішінде ар-ождан, дін және наным бостандықтарын қүрметтеу, халықтардың тең
құкықтылығы мен өз тағдырын өзі билеу құқығы, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, халықаралық құқық жөніндегі міндеттемелерін
адал орындау.
Байқап отырсаңыз осы он қағидада көп жай қамтылған Осы қағидаларға адал болу, оларды орындау ұйымға мүше елдердің бұлжымас әрі абыройлы міндеті болуы керек.
- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының маңызды бағыттары қандай?
- Маңызды бағыттардың бірі - Орталық Азияның тұрақты дамуы. Қазақстан осы ұйымның әлеуетін пайдаланып, аймақтық ынтымақ-тастықты дамытуға мүдделі. Өкінішке қарай, Орталық Азияда тамыр жайған қауіп-қатерлердің салдары созылып барады. Мұның себебі, бір жағынаң аймақтағы елдерде саяси реформалардың тұрлаусыздығы мен күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты болса, екінші жағынаи, Ауғанстан, Кавказ, Қытайдағы Шыңжан сияқты көршілес аймақтардағы тұрақсыздық кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Орталық Азиядағы бір-біріне өзара қатысты екі үлкен міндетті мойнына алды. Біріншісі - ЕҚЫҰ-ға оңтүстік бағыттан төнетін қауіп-қатерлерді болдыр¬мау. Яғни, ЕҚЫҰ-ны оңтүстік бағыттан қорғау. Атап айтқанда, ұйымның лаңкестік, экстремизм, есірткі тасымалы, үйымдасқан қылмыс, қару-жарақ саудасы және заңсыз көші-қон сияқты күрделі мәселелерге қарсы күресті күшейтуді ұйымдастыру қажет. Меніңше, Қазақстан осы қатерлермен күресті уйымдастыратын орталық бола алады. Ал екінші міндет - Орталық Азияда діни экстремизмнің кеңінен қанат жаймауы үшін жалпыға ортақ демократиялық стандарттар мен дәстүрлерді енгізу.
- Таяуда өткізілетін Астана Саммитінде қандай мәселелер қаралады деп ойлайсыз?
- ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Астана Саммитіне үлкен үміт артып отыр. Өйткені, бұл Саммит Ауғанстан мен Қырғызстандағы ахуал Таулы Қарабақ пен Днестр бойындағы жанжалдар және баска да адамзатты алаңдатып отырған ең маңызды мәселелер бойынша саяси мәмілеге келуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ауғанстандағы есірткі саудасымен бірлесіп күресу мәселесі де Саммиттің қарайтын басты мәселелерінің бірі болмақ. Ауғанстандағы лаңкестік, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі саудасына қарсы тиімді жолмен бірлесіп куресу үшін Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде АҚШ пен Ресейдің бастамасын қолдайтын болады.
Ұйымның іс басындағы төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың айтуынша, Саммитте еуроантлантикалық және еуро-азиялық қауіпсіздіктің болашағы, ЕҚЫҰ-ның аумағынан тыс жерлердегі жаңа қауіп-қатерлермен күресудегі ұжымдық күш-жігерді біріктіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, нәсілдік алаңдаушылыққа жол бермеу және басқа да мәселелер қаралатын болады.

Д. Әбіш

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Болашаққа сеніммен қарау үшін