Білімге қамқорлық

Қостанай таңы, 2 ақпан (№ 12), 2011 ж.

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы ерекше өзгерістерге толы болды. Әсіресе ғылым саласына қатысты айтылған ойлары орынды деп ойлаймын. Осы жерде көрсетілгендей, әрбір ғылым жолын қуған жастар үшін белгілі бір сатылардан өту міндет болып табылып отыр. Бұл да болса жас ғалымдарымыздың жоғары оқу орындарын аяқтаған тұста магистратураға түсіп, PhD доктор атағы жолында терең білім алып, құнды еңбек жазуларына зор ықпал етпек. Елбасымыздың бағамдауынша: "2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады. 2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациялаудан өткен ЖОО-лар үлесі 30 пайызды құрайтын болады.
Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін ЖОО-лардың үлесі 5 пайызға дейін артады. Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады". Екіншіден, студенттер сапалы білім алу үшін ол жұмыстарды жүргізіп отырған мамандарымыздың материалдық жағдайы да бұл Жолдауда айқын ескеріліп отыр. Елбасы бұл жөнінде: "Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемің бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз. Екі жыл қатарынан біз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдік."Нұр Отан" партиясының Халықтық тұғырнамасында жоспарланғанындай, 2012 жылға қарай зейнетақылардың, бюджеттік ұйымдар еңбекақыларының және стипен-диялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі",- деген болатын.

Қалиев Болат 
ҚМПИ-дің мәдени-бұқаралық
бөлім бастығы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Білімге қамқорлық