Жыр алыбы Жамбыл

Костанай, 10 наурыз (№ 18-19), 2011 ж.

Жуырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қазақтын, ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» деп аталатын әдеби кеш болып өтті. Бұл кешті аталмыш білім ордасының ғылыми кітапханасының қызметкерлері мен тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
Аталған кештің жоғары деңгейде өтуіне филология және өнер факультетінің студенттері атсалысты. Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың жырлары оқылды. Сонымен қатар ұлы ақынның Айкүміспен айтысынан үзінді көрсетілді. Өнер факультетінің студенттері әуелетіп ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Басқосу өте әсерлі өтті.
Аталмыш институттың ішіндегі тәрбие және әлеуметтік жұмыстардың басқармасының бастығы Сара Жақаеваның айтуына қарағанда, осындай әдеби кештер жастардың патриоттық сана-сезімін оятады. Ұлы Жамбылдың кезінде қандай кемеңгер тұлға болғандығынан мол мағлұмат алады. Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны толық қамтылып, оның 1916 жылы ұлт-азаттық күресте өзінің жалынды жырларымен халқын қалай жігерлендіргені, қандай жырлар арнағаны жөнінде әңгіме айтылып, сыр шертілді. Осы басқосуға жиналған студенттер ғасырға жуық жасаған атамыздың өздеріне белгісіз қырларына қанығып, көптеген мәліметтер алды.

Кәкімжанова Аягөз

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Жыр алыбы Жамбыл