Студенттер үшін барлық мүмкіндіктер жасалды

Қостанай таңы, 2013 жылы, 23 қантар, №9

-Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз" – деген болатын. Елбасы 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасауды ұсына келе, оның ішінде 2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек екенін атап өтті. Өткен жылдардың "Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін-діктері" атты Жолдауында жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс, елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек деп көрсетілген.

Еліміздің көптеген жоғары оқу орындары аталған халық-аралық талаптарға сәйкес өз міндеттерін орындауда Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Сондықтан да еліміздегі білім сапасы жоғары оқу орындарының қатарына география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев жетекшілік етіп отырған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын айтуға болады.

Соңғы жылдары "мектеп бітірушілер мамандықтарын дұрыс таңдайды ма?" – деген сауал ой мазалайтын сұрақтың біріне айналды. Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ, мектеп бітіруші алдымен өзінің таңдайтын мамандығына деген қызығушылығымен қатар болашақта қоғамдағы рөлім қандай болады, еліме қандай пайдамды тигіземін, таңдаған мамандығым тиімді ме? – деп ойлануы қажет.

Мамандық таңдап отырған мектеп бітіруші түлектерге бүгінгі күні "педагог" мамандығын таңдау, тиімді әрі пайдалы екенін айта кетуге болады. Себебі, соңғы жылдары еліміз-де педагог мамандықтарына көптеп білім гранты бөлінуде, мұғалім мәртебесі көтерілуде. 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген кейбір студенттеріміз магистратураға грант есебімен оқуға түсіп, қазір Астана, Алматы т.б сияқты ірі қалаларда білім алуда. Тіпті докторантураға грант есебімен білім алып жүрген оқытушылар да бар.

Сондықтан, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын таңдаған студенттер жан-жақты ұтады.
– біріншіден, мемлекетіміз педагогикалық мамандықтарына грант санын көп мөлшерде бөлуде;
– екіншіден, мемлекеттік оқу орнында грант есебімен білім алған студент болашақта жұмыссыз қалмайтынына кәміл сенуге болады;
– үшіншіден, жоғары педагогикалық институтында білім алудағы көпшілік пәндер кәсіптік қызметпен қатар жеке тұлғаның жалпы өмір сүру әдісіне көп көмегін береді. Атап айтқанда, педагогика, психология пәндері жалпы қоғамда жақсы қарым-қатынас орнатып, жеке тұлғаның басқа да қабілеттерін дамытуға өз көмегін береді. Мұғалім мамандығының қоғамда атқаратын рөлі ерекше болғандықтан, қай уақытта болмасын мұғалім мамандығы өзінің қажеттілігін жоғалтқан емес. Өйткені, мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа ие. Мұғалім әрқашанда жас ұрпақ алдында адамгершілігі мол,тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді болуы керек. Елбасымыз: "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр" – деген болатын.

Қостанай мемлекеттік педагогика институты – үлкен білім және ғылым ордасы – деп айтсақ, артық емес. Бүгінгі күні алты ғылым докторы, жетпіс алты ғылым кандидаты, он екі білім беру саласының құрметті қызметкері, тоғыз Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, жеті ҚР-ның Білім және ғылым дамуына еңбек сіңірген үздіктер, алты үкіметіміздің орден және медальдарымен марапатталған білікті профессорлық оқытушылар құрамы студенттерге жоғары деңгейдегі білім беруде. Институтта оқытушыларға барлық жағдай жасалған.

2012 жылдың 13 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан тәуелсіз комиссияның ұйымдастыруымен мемлекетіміздің барлық жоғары оқу орындарында студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізілді. Нәтижесінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің білімдері жоғары бағалануы – оқу орнымыздың сапалы маман даярлайтынын дәлелдей түседі.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында түрлі үлкенді-кішілі шаралардың өткізіліп тұратыны белгілі. Өткен жылы институтымыздың ректоры Қуат Баймырзаевтың ұсынысымен оқу және әдістемелік жұмыстар жөнін-дегі проректоры, з.ғ.к., профессор Төлеген Мұхтардың ұйымдастыруымен өткен "Үздік студенттер слетін" айтуға болады. Бұл шараға "үздік" оқитын студенттеріміз қатысты. Ректорымыз Қуат Баймырзаев үздік студенттерге ақшалай сыйлық, ата-аналарына алғыс хат, сертификат тапсырды. Мерекеге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын үздік бітірген түлектер, Қостанай облысының білім беруді бақылау саласы департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент Бәтима Даумова, облыстық "Нұр Отан" ХД партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, п.ғ.д., профессор Римма Бектұрғанова қатысып, студенттерге тілектерін айтып, институтымызға өз алғыстарын білдірді.

"Өрлеу" білім жетілдірудің Ұлттық орталығының аясында оқытушыларымыз шетелдерден тәжірибе алуда. Атап айтатын болсақ, Кембридж университетінде – Виктория Коваль, Марина Ильященко; Германияда – Әлия Нұрышева; Цукуба университетінде (Жапония) – Анжелика Ткаченко, Гүлшат Хамзина, Ольга Полевая.

"Электронды журнал" – білім беру ісінде жақсы көмекші құрал екені бәрімізге белгілі. Бұл құрал студенттер және ата-аналар үшін өте ыңғайлы болып отыр. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің білімдеріне айқындылық таныту мақсатымен ұйымдастырылған бұл тегін электронды журналда, студенттің сабаққа қатынасуы, білімдерінің бағалануы айқын көрсетіледі. Сырттай оқу бөлімдері үшін "қашықтықтан оқыту" жүйесі енді. Бұл алыста тұратын студенттер үшін өте тиімді. Сырттай оқитын студент ғаламтор көмегімен білім беруші оқытушымен байланысу арқылы ұсынған тапсырмаларын орындап, алған бағаларын үйлерінде отырып-ақ біле алады. "Қашықтықтан оқыту" жүйесі бойынша студент қазір емтиханын институтқа келіп тапсыруда. Институтымызда академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді жүргізілуде. 2012-2013 оқу жылында институтымыздың жеті студенті Перпиньян (Франция) қаласындағы ВИА Домисия университетінде білім алып оралды. Шетелде білім алған студенттеріміз институтымыздың беріп отырған білімі ол жердегі оқу орнынан кем емес екенін әңгімелейді. Алдағы уақытта АҚШ-ғы Батыс Вирджиния университетіне студенттерді білім алуға жіберу мақсаты көзделіп отыр.

Еліміздің жедел дамуына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тегін электронды журналдың енуі, академиялық ұтқырлықтың белсенділігі, "қашықтықтан оқыту" жүйесінің енуі, "Өрлеу" білім жетілдірудің Ұлттық орталығымен тығыз байланыста болуы, көптілді орталықтың ашылып, көптілге бет бұруы біздің жоғары оқу орнымызға жаңа леп әкелгендей.

Мектеп түлектері және олардың ата-аналарына айтарымыз, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын таңдаған студенттің болашағы жарқын екеніне сенім артуға болады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Студенттер үшін барлық мүмкіндіктер жасалды