«Ұстаздардың ұстазы»

Учительская газета, 2013 г., 4 октября (№ 36), стр. 6. | Мұғалім, саған мың алғыс!

06.10.13Рсалды Жақанқызының алдынан оқыған түлектердің көпшілігі облыс көлеміндегі химия пәндерінің білікті мұғалімдері болса, сонымеи қатар жоғары оқу орындарында да оқытушылық жұмыста биіктен көрініп жүр.

Рсалды Жақанқызы 1982 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалык институтын бітіріп, еңбек жолын Ұзынкөл ауданының Бауман атындағы орта мектебінен бастады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалык ииститутының химия кафедрасының меңгерушісі, өзінің сүйікті ұстазы З. Е. Утинаның шақыруымен 1990 жылдан бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушылықтан, доценттік дейін көтеріліп жұмыс істеуде. Мектеп қабырғасынан алған тәжірибесі мол Р. Ж. Шакееваның негізгі сабақтарының бірі — «Химияны оқыту әдістемесі». Сонымен қатар Р. Ж. Шакеева студенттердің педагогикалық практикасының жетекшісі, «Химия» мамандығының әдістемелік комиссиясының төрағасы, облыстық білікті мұғалімдерді шақырып, олардың тәжірибесін көрсетіп, «Оқытудың жаңа технологиясы», «Компьютерлік технология» тақырыптарына әдістемелік семинарлар ұйымдастырып тұрады.

Р. Ж. Шакееваның шығарған «Практикум по органической химии», «Практикум по методике преподавания химии», «Химиялық    технологиядан зертханалық  жұмыстар», «Химияда еңбек қорғау практикумы» әдістемелік нұсқауларын студенттермен қатар мектеп мұғалімдері де пайдаланады.

Кәсіби қызметінде зор табыстар мен жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін бірнеше рет ректорлардың атынан З. Алдамжар 1998 ж., Қ. Баймырзаев 2007, 2010 жылдары «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатпен» марапатталды. «Химия» мамандығында оқитын студенттерге 1-ші курстан бастап үздіксіз практика, педагогикалық практикаларға жетекшілік ететін Рсалды Жақанқызына    институтты бітіріп кеткен түлектер де келіп, кеңес алып тұрады. Олардың көпшілігі Қостанай облысының мектептерінің білікті мұғалімдері. Қ. Ж. Жұмағұлова «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының» химия пәнінің мұғалімі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, 2011-2012 оқу жылында облыстық олимпиадаға дайындауда ерекше табыстары үшін мадақтама алса, 2013 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық пән олимпиадасында оқушысы Сегізбаев Медет II орынды иеленді. А.А. Рысбекова, Заречный орта мектебінің мұғалімі, 2013 ж. «Жарқын белес» бірінші республикалық педагогикалық форумның қатысушысы, «Өрлеу» сертификатының иегері. Авторлармен бірігіп жазған «Типология уроков и методы развития интереса учащихся» 2011 ж., «Электронный учебно-методический    комплект по химии для 9 класса» 2013 ж. педагогикалық құралдары жарық көрді. Республикалық    «Химия-биология пәнін оқытудың әдістемесіндегі инновациялар» атты ғылыми-әдістемелік семинардың қатысушысы. О.Ю. Шуришина химия магистрі, Қостанай қаласындағы физика-математикалық     лицейдің 1-категориялы химия пәнінің мұғалімі, оқушыларының ғылыми жұмыстары жүлделі орындарға ие болып жүр.

Затобол мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі 2009 жылғы түлек Н.Ю. Ксенз туралы мектеп директоры В.П. Пыльская «Молодой педагог имеет прекрасную теоретическую подготовку... Участница дистанционного проекта «Инновационная школа 21 века»... деп мінездеме берді.

Р. Ж. Шакееваның өзі куратор болған, дипломдық жұмысының ғылыми жетекшісі болған 2006 ж. түлегі И.С. Бейшова А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың биология және химия кафедрасының аға оқытушысы, ауылшаруашылығы ғылым-дарының кандидаты, «Ғылым» номинациясы бойынша Қостанай меценаттар клубының 2012 ж. «Шабыт» сыйлыгының лауреаты, «Разработка отечественных тест-систем на основе полимеразной цепной реакции в реальном времени для диагностики септориоза злаковых культур» тақырыбына жасаған 2013-2015 жылдар аралығында орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының жобасы қаржыландыру грантына ие болды.

Ия, бұл мұғалімдердің і жетістіктерінің әркайсысында Р. Ж. Шакееваның ұстаздық еңбектерінің іздері жатыр. Алдағы уақытта да Р. Ж. Шакееваның алдынан талай білікті түлектердің өтетіні аян.

Батжан ЖҮМАҒАЛИЕВА,
химия гылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының профессоры

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы «Ұстаздардың ұстазы»