«Бәсекеге қабілетті маман - ел тірегі»

Наш Костанай, 2014 жыл, 22 апреля (№ 30), Б. 6.

Деп ой толғайды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, профессор Мұхтар Төлеген

Mұxтap Әділбекұлы жас тa болса өзінің іскерлік қабілеті және жан-жақты білімі, адамгершілік, азаматтық, кісілік қырларымен еліміздегі әріптестері арасында өте беделді. Онымен сырласып, сухбаттасу журналистер қауы-мына да ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ол соңгы екі жылдан астам уақыттан бері өңірдегі ең байырғы оқу орындарының бірі - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры ретінде де білім ордасының өркендеп, бүгінгі уақыт талабына сай кадрларды даярлауға айтарлықтай үлесін қосып келеді. Жуырда сөзге шешен, ана тілінде ағып тұрған белгілі ғалыммен арнайы жолығып, көптен көкейде қордаланып қалған сұрақтарымызды қойган едік. Бүгін осы сыр-сұхбатты жерлестеріміздің назарына ұсынғанды жөн көрдік.

- Мұхтар Әділбекұлы, өзіңізбен көптен бері жүздесіп, институттың білім саласындағы тың ізденістер жайлы жазсам деген ойымның сәті бүгін ғана келді. Өйткені сіздердің де, біздің де уақьгтымыз тапшы екендігі белгілі ғой.
- Иә. Қәзіргі танда қай салада болмасын жұмыс та көп, талап та күшейді. Соған сай болу әрқайсымыздың да міндетіміз. Өз басым сіздердей халық үшін адал қызмет етіп жүрген қаламгерлерді қабылдауға қашан да дайынмын. Қос тілді «Наш Костанай» газетін біз де жаздырып аламыз. Мұндағы жарияланып жатқан мақалалар, көтерілген өзекті тақырыптар біздің де көңілімізден шығады.
- Мұның алдында Алматыдағы элиталы жоғары оку орны - Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет ректорының кеңесшісі болып қызмет атқарыпсыз. Қостанай шаһары ұнады ма? Жергілікті зиялы азаматтармен де тонның ішкі бауындай араласып кеткен боларсыз?
- Қазақтың жері бәрімізге де қастерлі де қадірлі. 2012 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қазіргі қызметіме тағайындалдым. Екі жыл көп те, аз да емес. Шындығын айтсам, Қостанай қазір туған жерімдей болып кетті.
Мұндағы ағайындар да мені жатсынған жоқ. Құшақ жая қарсы алды. Бәрімен көптен бері білетін адамдардай етене араласып жүрмін. Бұл киелі де ауасы кәусар жердің біздің отбасымызда ғұмыр бойы есте қаларлықтай жайы да бар. Себебі кенже қызым Қарлығаш осы жерде үстіміздегі жылы дүниеге келді.
- Әркімге кіндік қаны тамған жері ыстық екені даусыз. Өзіңізді қазақ халқына атакты Сүгір, Төлеген Момбеков және басқа да біртуар қаламгерлерді берген өңірде дүниеге келді деп естиміз. Сол рас па?
- Иә, ол дәл солай. Мен осыдан 34 жыл бұрын ұлтымыздың ұйытқысы болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында тудым. Сондағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірдім. Содан кейін мемлекеттік грантпен Алматыдағы Қазақ гуманитарлық Заң академиясына түстім.
Мұнда да үздік оқыдым. Қызыл дипломмен аяқтадым. Осында көптеген заң саласында жүрген мүйізі қарағайдай ғылым докгорлары мен профессорлардан дәріс алдым. Одан кейін де бірқатар жоғары оқу орындарында қызмет атқардым. Заң ғылымының кандидаты дәрежесін алып, қауымдастырылған профессор атағына ие болдым.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен, «философия докторы» ғылыми дәрежесіне бекітілдім.
Әрине, мұның бәріне де өзімнің адал еңбек, маңдай теріммен жеттім. Қазір де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ еліміздің тірегі жастарға заң саласынан дәріс беремін. Ең бастысы, студенттердің білімге деген ынтасы жоғары. Сол өзімді қуантады.

Әкем еңбек жолын Торғайда бастады

- Мұха, сіз «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанатын секілдісіз. Өйткені, қашан да алдыңызда жұмыс толып жатса да қабылдау бөлмесінде кезек күтіп, сарсылып отырған адамдарды көрмейміз? Бұл қарапайым мінезіңіз жұрттың бәріне де ұнайды.
- Адам баласына құрметпен қарау - бәріміздің де міндетіміз.Сондықтан кімге болсын кішіпейілдік таныту менің өмірдегі басты қағидаларымның бірі. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы берік ұстанамын.
Оқу процесі - білім ордасындағы негізгі өндіріс. Сондықтан маған қызметке байланысты түрлі мәселелермен кісілер күні бойы ағылып келіп жатады. Оларды толғандырған өзекті жайларды заң шеңберінде шешуге тырысамын.
Мен де кеше ауылда өстім. Әкем жастайымнан құлағыма «Құлыным, ешкім де халықтан үлкен емес. Сол жұртшылықтың арқасында ғана адамсың. Айналаңдағылардың ықыласы ғана сенің мәртебеңді өсіреді» деп отыратын.
- Әке демекші, өзіңізді жастайыңыздан еңбекқорлыққа, білімге, ғылымға, өнерге, жалпы руханиятка баулыған әкеңіз қандай мамандық иесі еді? Ұзынкұлақтан естуімше, ол кісі Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы педаготкалық және мәдениет институтынан кейін өзінің еңбек жолын киелі Торғай, яғни Амангелді ауданында бастаған көрінеді?
- Әкем Әділбек өте ақжарқын мінезді кісі болатын.Ол кісі шырайлы Шымкент қаласындағы әлгі өзіңіз айтқан институттың үздік түлегі. Содан кейін жолдамамен бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданында мәдениет саласында жұмыс істеді.
Осындағы өнер сәласында жүрген замандастарымен туған бауырларындай араласты. Өле-өлгенше сол кісілердің адамгершілігін, қонақжайлылығын айтумен өтті. Тіпті, өзінің сырлас достарының бірі, бұл күндері Ақмола облыстық филармониясында әнші болып қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенованың құрметіне өзінің тұңғыш перзенті, яғни қызының есімін берді.
Достар арасындағы сыйластық осындай-ақ болсын. Міне, осы Ғазиза апамыз да әртіс Ғазиза секілді өз ортасында беделді маман болып қалыптасты.Соған шүкіршілік дейміз. Әке аманатына сай жұмыс істеп, өзі бір отбасының ынтымақ-берекесін келтіріп отыр.
- Әкеңіз туралы халықтың арасында жүрген әндерді тыңдаған кісілер де оның жан-жақтылығын айтудан жалықпайды. Сол кісінің артында калған мәдени мұрасы жөнінде де білгіміз келеді?
- Қостанайлық Қалибек Деріпсалдинді бұл күндері кім білмейді. Менің ардақты әкем Әділбек те дәл осы дарынды ағамыздай күллі елімізге есімі танымал атақты әнші-композитор болатын. Ел құрметтеп, оны «Созақтың Шәмшісі» деп атайтын. Оның жүзден астам әні бізге жетті. Соның ішінде Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынғандары да аз емес. Соләрдың ішінде бірқатары жұртшылыққа белгілі.Олар «Қа-
зақстан»,«Хабар»телеарналары арқылы беріліп тұрады.
- Әдекеңнің халық арасына кең тараған әндеріне қысқаша тоқталсаңыз?
- Айта берсем оның жүректерді қозғайтын әсем әндері жеткілікті.Дегенмен де сіз сауал қойып отырған соң бірқатарына тоқталғаным жөн шығар. Мәселен, жиі орындалатын «Бала ғашық» әнін алайықшы. Оның сөзін Созақтық ақын Ескермес Жақсымбетұлы жазды. Сондай-ақ «Тырналар тізбегі», «Ақ құсым», «Ардағым», «Туған жер» деген туындылары да әрбір қандастарымыздыңаса ынта қойып тыңдайтын дүниелерінің қатарында.
Бұл әндерді жақында ғана қырық жасқа толған, «Ұлттық шоуды» жүргізетін қазақтың аса тәлантты әншісі Жұбаныш Жексенұлы, «Музарт» тобының белді әншісі Кенжебек Жанәбілов және Баян Нұрмышева, «Нұр-Мұқасан» тобындағы ағалар, Өмірқұл Айниязовтар аса бір шеберлікпен орындайды.
Ол кісінің үш кітабы жарық керді. Бұл еңбектерде оның бүкіл емірбаяны, шығармашылық жолдары, жалпы руханиятқа қосқан толағай табыстары жөнінде айтылады.
Бұл кезде мен небәрі отыз жаста едім. Жоғары оқу орнын аяқтап, жұрт қатарлы қызмет атқарып жаттым. Енді алдыма әкемнің атына кір келтірмей, оның аманатын орындауды басты мақсат етіп қойдым. Ғылымның қыр-сырын меңгеруге талпындым.
Академик Ғарифолла Есім «Әке-шешесі ренжімеген адам - бақытты» деген екен. Демек, ата-анаға тірі кезінде құрмет көрсету кімнің болсын перзенттік парызы деп түсінемін. Әкем көре алмаған рақатты шешем көрсе екен деп армандаймын. Барлық бауырларымыздың ықыласы қазір анамыздың үстінде.
- Әңгіменің орайы келгенде, анаңыз туралы да айта кетсеңіз? Суретіне қарап отырсам өте мейірімді, жүрегі жұмсақ, тек кісіге болсын дейтін қайырымды адам сияқты?
- Оныңыз рас. Ол кісінің есімі Әдемі. Атының өзі көп жайдан хабар беріп тұрғандай. Мамандығы ұстаз. Шәкірттерін езі дүниеге әкеліп, аялап өсірген ұл мен қыздарынан артық кермесе, кем көрмейді. Ғұмыр бойы оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді. Қырық жыл бойы білім саласында.ҚазірАлматыда жұмыс істейді.
- Сіздер бір үйде қанша бала өстіңіздер? Олардың арасында әкелеріңіздің жолын қуғандары бар ма?
- Біз Нысанбаевтар әулетінде төрт бала тәлім-тәрбие алдық. Олар: үйдің тұңғышы, әпкем Ғазиза, қарындасым Гүлжан, інім Әділет және мен. Бауырларым дәл әкемдей өнер жолын қуып, әнші-композитор атанбағанымен руханият саласына үлкен құрметпен қарайды. Ғазиза домбыра тартып, ән салады.
Қазақ эстрадасында жүрген дәстүрлі әндерді орындайтын талантты жігіттер мен қыздардың бейнебаяндарын тамашалап, теледидарлардан көрсетілетін аса маңызды концерттерді босқа жібермейді. Бәрі де әздерінің таңдаған кәсіптерімен қызмет атқәрып, бір-бір шаңырақтың иесі атанып отыр
- Сіз езіңіздің қызметіңізді атамағанның өзінде, бұл күндері үш баланың әкесісіз. Сүйген жарыңыз Әйгерім және ұлдарыңызбен де таныстыра кетсеңіз?
- Әйгерім қазактың инабатты, тәрбиелі қыздарының бірі. Сондықтан да екеуіміздің өмірге деген көзқарасымыз қашан да бір жерден шығады. Құдайға шүкір, шаңырақ көтергенімізге қазір жеті жыл болып қалды. Үш перзентіміз бар.Үлкеніміз Нұрбақыт алты жаста. Әбілмансұр мен Қостанайда туылған Қарлығашымыз әлі кішкентай.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы өте маңызды

- Өзіңізден жалпы өскен ортаңыз жайлы біраз мағлұматтар алдық. Ол үшін үлкен рахмет. Енді, өзіңіз қызмет атқарып жатқан инаитутқа қарай ойыс-сақ. Осы уақытқа дейін қанша ғылыми еңбегіңіз жарық керді?
- Өте орынды сұрақ. Ғалым болған соң тынымсыз ізденіп, жалпы қазақ халқына пайдасын тигізер дүниелер жазғанға не жетсін. Тың жаңалық болып жатса тіпті жақсы. Өзімнің осы уақытқа дейін алты жоғары импакт - факторлы мақалаларым алыс шет елдерде жарық көрді. Олар әлемнің яғни, Германия, Испания, Қытай, Голландия
секілді алпауыт мемлекеттердің ең беделді журналдарында басылды.
Бірақ қол жеткенге ешқашанда тоқмейілсуге болмайды. Қолым бос сәттердің бәрін де ұтымды пайдалануға тырысамын. Институттағы әріпттестеріммен ортақ мақсат жолында аянбай қызмет ету менің басты парызым.
Жоғары оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы, академик Қуат Маратұлы Баймырзаевтың басшылығымен студенттерге бүгінгі уақытталабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беруге ұмтылып келеміз.
- Енді, әріптестеріңіз бен оқу орнының беделін көтеруге ерекше еңбек сіңіріп жатқан ғалымдар жайлы да тілге тиек етсеңіз?
- Жалпы, бұл күндері біздің институтта екі жүзден астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Олардың бәрінің аты-жөндерін бір мақалада моншақтай тізіп шығуда мүмкінемес.
Сондықтан институттың проректорлары, белгілі ғалымдар Еркін Әбіл, Тілеген Ахметов, елімізге аса танымал тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, айтулы «Сағындым Алматымды» әнінің сөзін жазған көрнекті ақын, ғалым әрі қаламгер Серікбай Оспанов, көп жылдар бойы журналистика саласында жемісті қызмет атқарған, бірнеше кітаптардың авторы Қуанышбай Ормановтардың халық үшін атқарып жатқан жұмыстарын қалай айтсақ та жарасады.
- Сіздер өздеріңізде жұмыс істейтін оқытушылардың біліктілігін көтеруге де айрықша назар аударады екенсіздер. Сол жөнінде де білсек?
- Өткен жылы институттағы қырық ұстаз біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар қалаларда болды. Оның он екісі алыс шет елде, яғни дамыған мемлекеттерде тәжірибе алмасып қайтты. Биыл қырық бес ұстаз өздерінің білімдерін көтергелі отыр. Оның он бесі Испания, Португалия, Ұлыбритания, Жапония, Германия секілді елдерде тәлім алады.
Оған кететін шығынды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көтереді және арнайы жолдама береді. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасады. Өйткені, білікті ұстаз ғана сұранысқа ие мамандарды дайындайтындығын уақыт айқын дәлелдеп отыр.
- Сіз маған Елбасының назарындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының институтта қалай жүзеге асырылып жатқандығы женінде де айтып өтсеңіз? Сонан соң оқырмандар білмейтін қандай қырларыңыз жайлы да баяндасаңыз?
- Бұл сауәлыңызға да жауап беруге қашан да дайынбыз. Бурнағы жылы бізден әуылдық жерлерге 84 маман жіберілсе, былтыр 103-ке жетті. Үстіміздегі жылы 117 түлегіміз елді-мекендерге аттәнуға дайын десек те болады.
Мен күнделікті студенттерге сабақ берумен қанағаттанып қалмаймын. Заң саласындағы ұлағатты сөздерді, көркем әдебиеттерді көп оқимын. Абай Құнанбаевты, Ыбырай Алтынсаринды, Ахмет Байтұрсыновты, Мағжан Жұмабаевты, Мұқағали Мақатаевты, көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековті, өзіммен аттас Мұхтар Шахановты пір тұтамын. Ән саламын. Домбыра тартамын.

Беттті дайындаған Оразалы Жақсанов

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы «Бәсекеге қабілетті маман - ел тірегі»