Жастар жан-жақты өнер көрсетті

Қостанай таңы, 2014 жыл, 20 мамыр (№ 50), б. 1

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында "Мәңгілік ел - мәңгілік Қазақстан" XX облыстық "Студент көктемі-2014" фестивалі екі күн бойы өткізілді. Оған облыстағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай педагогика институты, Рудный индустрия институты, Арқалық педагогика институты және Қостанай инженерлік-экономика университетінің студенттері қатысты. Бұл фестивальда студенттер "Көңілділер мен тапқыштар клубы", спорт жарыстары, интеллектуәльдық ойындар, ән айту, би билеу, студенттік көктем аруы, айтыс және басқа да номинациялар бойынша өзара сынға түсті. Қостанай педагогика институты акт залының іші өнер көрсеткен студенттермен оларға қошемет танытқан керермендердің шапалағынан жаңғырып тұрды.

Фестиваль қорытындысы бойынша Арқалық педагогика инсти¬туты жоғары көрсеткіштерге жетті. Айтыс өнері бойынша да арқалықтық Батырлан Сағынтаев бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ жақсы табыстарға қол жеткізген ҚМУ, ҚМПИ студенттеріне де көрермендер өз ықыластарын білдіріп, дуылдата қол соқты. Қорыта айтқанда, фестиваль студенттердің нағыз мерекесіне айналды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

СУРЕТТЕ: фестивальдың ашылу сәтінен көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Жастар жан-жақты өнер көрсетті