Көп тіл білгеннің үтары мол

Наш Костанай, 2014 г., 30 сентября (№ 76), С. 8.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Екатерина Дорошокпен сыр-сұхбат

Баршаға мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетімізде үш тұғырлы тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Әрбір алқалы жиындарда осы маңызды жайга тоқталып, оның жастарымыз үшін айрықша екендігін айтып жүр.
Ол әрине, алдымен қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері. Бұл күндері Қазақстанның барлық оқу орындарында да аталмыш мәселе барынша жанданып отыр.
Жуырда біз еліміздегі 75 жылдық тарихы бар іргелі оқу орындарының бірі - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болып, жастардан мемлекет басшысы талап етіп отырған өзекті мәселе бойынша осындағы шет тілдері факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Екатерина Леонидовна Дорошокпен жолығып, сұхбаттасқан едік.
Бүгін осы әңгімені оқырмандарымыздың назарына ұсынганды жөн көрдік.

Жоғары оқу орнында биыл мерейлі жыл

- Екатерина Леонидовна, сіз өңірімізде кепке белгілі ғалымдардың бірісіз. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Өзіңізге, барша ұстаздарға және студенттерге табыс тілейміз. Факультетте қандай жаңалықтар болып жатыр? Соған қысқаша тоқталып өтсеңіз?
- Рахмет. Міне, жаңа оқу жылының дә алғашқы айы аяқталып келеді. Ең алдымен айтарым, факультеттегі барлық ұстаздар мен студенттердің өз қызметтері мен білімге деген құштарлығы ерекше.
Сондай-ақ жыл сайын студенттер қатары дарынды жастармен толығып отыратын-дығы да заңдылық. Биыл да бірқатар жігіттер мен қыздарды бірінші курсқа қабылдадық. Олардың арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар баршылық.
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қашан да студенттерініңтерең білімімен аты шыққан. Оның ішінде шет тілдері факультетінің орны белек. Жұртшылық мұнда кіл өз саласын жетік білетін, тәжірибелі ұстаздар қызмет етеді деседі?
- Әрине, мақтанудан аулақпын. Дегенмен де шама-шарқымыз келгенше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үш тұғырлы тіл мәселесіне байланысты қойған міндеттерін орындауға талпынып жатырмыз.
Жалпы алғанда, біздің факультет көпке таныс екені рас. Осы уақытқа дейін қаншама түлектеріміз жоғары оқу орнын бітіріп, еліміздің түкпір-тұкпірінде жемісті қызмет атқарып жатыр деп толық сеніммен айта аламын. Бұл кұндері факультетте екі кафедра жұмыс істейді.
Оның алғашқысы шет тілдері кафедрасы. Екіншісі тілді білуге даярлау жөніндегі оқу-тәрбие орталығы. Мұнда қазіргі уақыт талабына сай тілдерге қатысты педагогикалық кадрларды әзірлейміз. Бұдан басқа факультеттің құрамында көптілділікке баулитын орталық және француз мәдениет орталығы да бар.

Білікті ұстаздарымызды мақтан тұтамыз

- Қазіргі таңда шеттілдері факультетінде қанша оқытушы қызмет атқарады? Әңгіменің орайы келгенде, жоғары оқу орнының мақтанышына айналған білікті ұстаздарға да тоқталып өтсеңіз?
- Шет тілдері факультетінде бұл күндері 45-тен астам өз саләсын жетік білетін оқытушылар жұмыс істейді. Солардың ішінде көп жылдардан бері бай тәжірибе жинақтап, терең білімдері мен біліктерін студенттердің бойына сіңіріп жүрген шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Марина Кудрицкая, беделді оқытушылар Ольга Подавец, Айша Оспанова, Гүлбану Ұңғытбаева, Гүлнар Ысмағұлова, Қарлығаш Нұрмұхаметова және басқа да әріптестеріміздің аты-жөндерін құрметпен тілге тиек етер едім.
Себебі, олардың қай-қайсы да өздеріне де, студенттерге де жоғары талап қояды. Көп жылдардан бері көргендері мен түйгендерін еңбек жолын жаңадан бастаған жастарға да үйретіп келеді.
- Жоғарыда сіз үстіміздегі жылы да бірінші курсқа едәуір жастарды қабылдағандарыңызды әңгімеледіңіз. Соны таратыңқырап айтып берсеңіз?
- Жалпы, биылғы оқу жылын шет тілдері факультетінде 320-дан астам студент бастады. Сонымен қатар 112 талапты жас жаңадан қабылданды. Олардың тең жартысы қазақ топтарында оқиды. Олардың ішінде мемлекеттік білім грантына ие болғәндары да баршылық.
Әңгіменің орайы келгенде, биыл «Серпін», яғни «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» деп аталатын мемлекеттік бағдарлама бойынша да 20 дарынды жастар бізде оқитын болады. Оларға жоғары оқу тарапынан айрықша назар аударылып отыр.
Осы бағдарлама бойынша студент атанған жігіттер мен қыздарға жатақханадан орын берілді. Арнайы штаб құрылды. Оның жетекшілігіне Әсел Еркінбек сайланды.
Жуырда осы жастардың арамызға қосылуына байланысты Астанадан есімі көпке белгілі тұлға Мұрат Әбенов арнайы келіп, жоғары оқу орнындағы жастармен кездесті.
- Сіздердің факультеттеріңіз ежелден осында өте беделді. Сондай-ақ сапалы кадрларымен де дараланып келеді емес пе?
- Иә, біздің факультетіміз 1962 жылы құрылған. Содан бері қәншама түлектеріміз білікті маман болып жолдамалармен тиісті орындарға аттанды. Олардың арасындә өз саласының нағыз білгірі атанған көптеген азаматтар тек Қостанай өңірінін, ғана емес, еліміздің мақтанышы.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жөнінде

- Сіз факультеттің алға қарай ілгерілеп, студенттердің сапалы білім алуына айрықша назар аударып отырған білікті жансыз. Өзіңіз білесіз, мемлекет басшысы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына да ерекше көңіл бөліп отыр. Осы маңызды мәселе өзіңіз қызмет атқаратын жоғары оқу орнында қалай жүзеге асып жатыр?
- Иә, бұл бағдарлама өте маңызды. Жыл сайын біздің институттан түлектеріміз өз еріктері бойынша облысымыздың кадрларға мұқтаж аудандары мен елді-мекендерге барып, ондағы мектептердің белді мамандарына айналуда.
Өздеріңіз білесіздер, бұл бағдарламаның өз ерекшеліктері де бар. Өйткені, мұндай жастарға қаншама жеңілдіктер қарастырылған. Олардың пайызсыз үй алуларына да жағдай жасалады.
Үстіміздегі жылы біздің факультеттен әңгіме арқауына айналған бағдарлама бойынша 25 түлек ауылдарға аттанды. Оның 13-і ауылдық квота бойынша білім алғандар.
- Факультеттеріңізде студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалғандығын жақсы білеміз. Тіпті, оқу орны шет елдермен тығыз байланыста емес пе? Соның бір жаркын айғағы ретінде институт қабырғасында бұрнағы жылы халықаралық ғылыми конференция да өткізілді.
- Оныңыз рас. Инститтуттың ректораты осындағы студенттердің бүгінгі уақыт тала-бына сай білікті маман болып шығуларына қолдан келгеннің бәрін де жасап келеді. Осы арада сөзім нақты болуы үшін мысалдар да келтіре кетейін.
- Мәселен, 2013 жылы «Қазіргі әлемде көптілділік және мәдениет тоғысындағы білім беру» деп аталатын тақырыпта халыкаралық ғылыми конференция болып өтті. Оған Америкалык білікті маман, Оңтүстік Қытайдың Макао қаласындатіл саласы орталығын-да қызмет атқаратын Эвелин Домен, сондәй-ақ Венгриядан танымал тұлға Жолт Хустье және Михай Фрешли секілді қонақтар да болды.
Осы аталғандармен катар, Германия мен Франциядан, ТМД елдерінің құрамындағы Ресей, Беларусиядан да мамандар қатысып, басқосудың маңызын барынша арттыра түсті.
- Биыл Францияның Қазакстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі де осы оку орнында арнайы сапармен болды деп естіп едік. Сол женінде де бірер сөз.
- Жалпы, жоғары оқу орнының, оның ішінде факультетіміздің абырой беделі жылдан жылға артып келеді. Соның бір жарқын көрінісі Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьеннің біздің институтта болуы еді.
Осынау көрнекті тұлға үстіміздегі жылғы маусым айының басында Қостанай мемлекеттік институтының студенттерімен маңызды кездесу өткізді. Онда француз тілінің тарихы мен дамуы әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ осы тілдің қазіргі замандағы мәртебесі жайлы да сөз болды.

Француз мәдениет орталығы жайлы

- Бұл күндері өзіңіз басқаратын Француз мәдени орталығын білмейтіндер кем де кем. Осы орталық жөнінде де қысқаша баяндап берсеңіз?
- Бұл орталықтың езіндік орны бар. Онда да өз саласын жан-жақты білетін қызметкерлер жұмыс істейді. Осы арада бір тоқтала кететін жай, өңірдегі және қаладағы кез келген тұрғын француз тілі жөніндегі білімін тереңдетемін десе оларға есігіміз қашан да ашық.
Мұнда аталған тілді дамытып, жетілдіруге, сол елдің мәдениетін терең білгісі кел-гендерге барлық жағдайлар жасалған. Жыл сайын Франция еліндегі Перпиньян қа-ласындағы университеттің тіл орталығының мамандары осы жерде болып, жұртшылықпен кездесу өткізеді.
Аталған мемлекеттегі Перпиньян қаласындағы университетте «Студенттердің академиялық мобильдігі» бағдарламасы жұмыс істейді. Соңғы үш жылда мәдениеті мен өнері, білімі дамыған елде біздің 20-дан астам студентіміз болып, бір семестр бойы білімдерін тереңдетті.
Осы сөз болған университетте біздің студенттер білім алған соң, арнайы пәндер бойынша сынақ тапсырады. Онда алынған дипломмен қатар үлгерімдері жөнінде баға да қойылады.
Қазіргі таңда бір студентіміз Айша Ұңғытбаева Американың Кенн университетінде жоғарыда аталған бағдарлама бойынша білімін тереңдетіп, көп жайды көңіліне түюде. Алған әсері де өте жоғары. Міне, осындай ізгі мақсаттағы сапарлардың бәрі де Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау көрсетудің арқасында жүзеге асты.
Әрине, ондай сапарға бару үшін біздің студентіміз мемлекеттік педагогикалық институт қабырғасында жүргенде үздік оқып, жоғары балл жинады. Өзінің болашағы жарқын маман екендігін әбден дәлелдеді. Бұл да болса әрқашән талаптыға нұр жауатындығын көрсетеді емес пе.
- Өзіңіз бір сөзіңізде шет тілдері факультетінде көп тілділікке арналған топтар бар екендігін де айтып қалдыңыз. Осы жайлы да көпшіліктің білгені артык болмас.
- Көп тіл білу қашан да мәртебелі. Осындай мүмкіндікке ие болған жастардың
ең алдымен ой-өрісі кеңейеді. Сол тілдерді игеру арқылы өзге туыстас ұлттың мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын игереді.
Біз жылда қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне байланысты бір топқа іріктелген 14 да-рынды студентті осы бағытта оқытып келеміз. Олар іздену барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін игеріп, оны барынша терең меңгеруге талпынатындығына нық сенімдімін.

Нағыз патриоттарды дайындаймыз

- Студенттерді даярлау жөніндегі жұмыстарыңыз бәрімізге де белгілі. Ал енді, оларға тәлімгерлік жасап жатқан устаздарыңыздың шет елдерде біліктілігін көтеру женіндегі пікіріңізді де білсек?
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Өрлеу» бағдарламасының тікелей уйытқы болуымен үстіміздегі жылы екі оқытушымыз Испания мемлекетінде, төрт ұстазымыз Ұлыбританияда біліктіліктерін көтерді.
- Енді езіңіз туралы және алдағы тұрған мақсат-міндеттеріңіз хақында да әңгімелеп берудің сәті келген секілді.
- Әдетте өзімді мақтаудан мүлдем аулақпын. Аз сөйлеп, көп істындырғанды ұнататындардың қатарына жатамын. Алайда, сауалыңызға қысқа да нұсқа жауап бергенім орынды болар. Мен Ресейде туып, осы Қостанай өңірінде өстім. Жоғары білім алдым. Тұрмысқа шықтым. Галина, Ирина есімді қос қызым бар. Маша және Аня есімді сүп-сүйкімді немерелерім өмірімнің мәні де сәні.
Тіршілікте адалдықты, тазалықты, әділдікті жаным сүйеді. Бос уақытымда өлең жазамын. Әрине, ғылым саласында да ізденістер жасаймын.
Ең басты мақсатым - қазақ елінің патриоттарын дайындау. Осы мақсатта күнделікті аянбай қызмет атқара береміз.
Әңгімелескен Оразалы ЖАҚСАНОВ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Көп тіл білгеннің үтары мол