Шайсұлтан Шаяхметовтың дәрісханасы

Қостанай таңы, 2014 жыл, 28 қазан (№ 126), Б. 2.

24.10.14Елім деп, жерім деп жүректері алып ушқан, ерен еңбектері мен есімдері халқының жадында сақталып қалған қаншама қайратты да қайсар, ұлағатты да құрметті қазақтың ұлдары мен қыздары бардесеңізші. Соңдай жандардың бірі, жерлесіміз, мемлекет қайраткері, ғалым - Шайсұлтан Шаяхметов.

– В 20 веке, в 1939 году, казахское педучилище было реорганизовано в учительский институт. С этого момента мы отсчитываем свою историю. За эти годы институт менял свое имя, но всегда выполнял главную задачу — готовить педагогические кадры для региона. В советские годы коллектив пединститута становился даже победителем всесоюзного соцсоревнования, вузу вручили, как и полагалось в то время, переходящее красное знамя. Потенциал и мощь института впечатляли! А в 1992 году пединститут вошел в состав КГУ, и значение педагогических специальностей как-то ушло на второй план. Однако прошло 12 лет, и в связи с дефицитом педагогических кадров в республике были открыты пять педвузов, среди них - наш. И уже 2008 году Костанайский педагогический институт подписал в Италии Великую хартию университетов и вошел в международное пространство.

Ғалым ағамыздың өмір жолына көз жүгіртсеңіз, Әулиекөл ауданындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген тұңғыш түлек, самбо күресінен спорт шебері атағын алған тұңғыш қазақ, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Білім министрі болғанын білесіз. Біз ағамыздың өр тулғасына лайық болар кейбір ғана ерек-шелігін айтып отырмыз. Осының өзінен-ақ Шайсұлтан ағамыздың қандай азамат екенін анық танимыз. Сонау 1962 жылы Мәскеу университеты бітіріп, ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады. Одан кейінгі жылдардағы Шайсұлтан Шаяхметовтың атқарған лауазымды қызметтері бір тебе болса, алған марапаттары мен құрметті атақтары екінші бір төбе. Барлығын жаза берсек, қағаз бетіне сыймас деп ойлаймыз.
Осындай қазақ халқының аяулы ұлы Шайсұлтан Шаяхметов ағамызға арналып облыс орталығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдық мерейтойы аясында салтанатты түрде дәрісхана ашылды.
Дәрісхананың салтанатты ашылу барысында институттың проректоры Тілеген Ахметов, ағамыздың қарындасы Сәуле Қуанышбайқызы, белгілі акындар Нағашыбай Муқатов, Серікбай Оспанов сез сейледі, жылы-жылы лебіздер білдірді, игі тілектер мен шағын естеліктер айтылды.
Гулназым САҒИТОВА
СУРЕТТЕ: Арқалық мемпединститутының ректоры Сейітбек Қуанышбайдың, ҚМПИ-ның проректоры Тілеген Ахметовтың,
Ш. Шаяхметовтың қарындасы
Сәуле Қуанышбайқызының
дәрісхананы ашу сәтінен көрініс.
Сүретті түсірген Айбек Жүзбай

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Шайсұлтан Шаяхметовтың дәрісханасы