Дін мәселелесіне тиянақтылық қажет

Қостанай таңы, 2014 жыл, 18 қараша (№ 135), б. 3.

Дін істері басқармасының жанынан құрылған халықтың діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-насихат тобының белсенді мүшелерінің жұмыстары сарапталды. Өткен бейсенбі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өткен қорытынды жиынға аймағымыздың әр ауданынан келген ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері, тілшілер қауымы қатысты.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Н. Нөгербеков ақпараттық-насихат тобының жыл басынан бергі атқарған жүмысына тоқталды:
- Қостанай облысында 112 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істеуде. Өткен жылдан бастап экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарлама бекітілгені белгілі. Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық Марал ишан мешітімен арада меморандумға қол қойылды. Облыстағы имамдармен бірлесіп, бірқатар іс-шаралар өтті. Мұның бәрі түптеп келгенде халықтың діни сауатын көтеру болып табылады. Осы күнге дейін ақпараттық-насихат тобының мүшелері өңіріміздегі барлық аудан, қалаларды аралап, бірнеше жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кеңейтілген кездесулер өткізді.
Қарапайым халыққа еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара-жігін айқындап беретін дін ұстаздарына арналып, АНТ ұйымдастыруымен осы кезге дейін семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Сонымен қатар дініміздің біртұтастығына сызат түсіруге талпынған өзге ағымдар туралы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта АНТ мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу керектігі баса айтылды. Қорытынды мәжілісте мамандар қарапайым халықтың жат ағымдар жайлы сауатын ашып, санасын оятудағы БАҚ-тың орнын ерекше атап өтті.

Шұға Қоңқабай

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Дін мәселелесіне тиянақтылық қажет