«Ұлт мақтанышы» атанды

Наш Костанай, 2015 год, 15 декабря (№№ 99-100), С. 6.

Оспанов С.Жуырда редакциямызға қуанышты хабар жетті. Соны оқырман қауымға жеткізгенше асықтық.
Себебі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан, Әлем халықтары Жазушылар одағы-ның мүшесі, көрнекті ғалым, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Серікбай Оспанов үлкен құрметке ие болды.
Оны Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында құрылған Халықаралық жазушылар одағы Ыбырай Алтынсарин мұраларын халыққа танытудағы Алтынсариннің ілімін дәріптеудегі ұзақ жылдарғы ерен еңбегі үшін «Ұлт мақтанышы - гордость нации» медалімен марапаттады.
Медалді «Бейбітшілік әлемі» Президенті, Қазақстан және Евразия Жазушылар одағының мүшесі, БҰҰ халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің генерал - майоры, ғылым докторы, профессор, академик А. Нұрманов салтанатты түрде тапсырды.
Біз қазақ халқына көптеген құнды кітаптар мен «Сағындым Алматымды» секілді жүрек тебірентер әннің мәтінін жазған, заманымыздың көрнекті ақынын қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тағылымы мол басқосу

Абиль Е.Облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» үйінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы: Ұлы даланың тарихы» деп аталатын тақырыпта дәріс өткізілді. Бұл іс-шараға Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобы, этно-мәдени бірлестік басшылары, «Өрлеу» акционерлік қоғамы Қостанай облыстық филиалы қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Дәрісті тыңдаған азаматтар бірінші және екінші қабаттардағы «Қазақ еліне 550 жыл» және «Біртұтас шаңырақ» атты көрме мен экпозицияны тамашалады.
Осынау жиында тарих ғылымдарының докторы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры Еркін Әбіл дәріс оқып, қазақ елінің осы күнге дейінгі қол жеткен табыстарына тоқталды. Сонымен қатар белгілі ғалым Қаламқас Сандыбаева мен Үміт Әкімбаеваларға алғыс хаттарды табыс етті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы «Ұлт мақтанышы» атанды