XXI ғасыр - білім ғасыры

Наш Костанай, 2016 г., 15 марта (№ 21), С. 5. | Мерекелік лебіздер

Қуат Баймырзаев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, академик

Мемлекет басшысының жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті кадрлар даймндау жөніндегі талабы өте орынды деп есептеймін. Өйткені, қай сала болмасын оның өсіп-өркендеуі, толағай табыстарға қол жеткізуі оларды жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне, ой-өрісінің тереңдігіне де байланысты.
Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы да өздерінің алдарында тұрған үлкен мін-деттерді жан-жақты түсінеді. Осы бағытта тынымсыз жұмыс істеп келеді.
Жерлестеріміз көріп те, оқып та жүрген болар, білім ордасында болашақ кадрларға тәлім-тәрбие беретін оқытушыларға қолайлы жағдай туғызылған. Олардың біліктілігін көтеру мәселесін де ұдайы назарда ұстаймыз.
Сондай-ақ дәріс алып жатқан студенттердің де алаңсыз әрі тиянақты білім алуларына да толық мүмкіндік бар, оқу орнындағы кітапханалар соларға қызмет етеді. Кітап қоры үнемі толықтырылып отырылады.
Өткен қой жылы, өзім басқаратын институтта да есте қаларлықтай болды деп нық сеніммен айта аламын. Ceбебі дайындалатын мамандардын сапасына жұртшылық дән риза.
Наурыз мерекесі – елімізде мекендеп жатқан барша ұлт өкілдері үшін айтулы мейрам болып табылады. Қостанай өңірінде де оның тойланып келе жатқанына да біраз жылдар өтті.
Әсіресе, жастар жағы осы шуақты күндерде ұйымдастырылатын концерттік бағдарламлардаң үлкен тағылым алады. Институт жоғары оқу орнында тәрбиелік мәдени ерекше мәдени шаралар өткізуге көп көңіл бөледі.
Наурыз мейрамына да көп қалған жоқ. Осынау жұртшылықты ізгілікке, бауырмалдыққа шақыратын мереке өңіріміздегі әрбір шаныраққа тек баянды бақыт, қуаныш пен жақсылық алып келсін.
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы XXI ғасыр - білім ғасыры