Ел болашағы – сапалы білімде

Қостанай таңы, 2016 ж., 7 қазан (№ 109), Б. 6.| «ҰЛТ ЖОСПАРЫ: 100 НАҚТЫ ҚАДАМ»

Қандай да бір мемлекеттің алға қойған мақсаты мен жоспары бар. Егер ол болмаса, сол елдің алдағы болашағын елес-тетудің өзі қиын. Қазірге дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтын, сындарлы саясатының арқасында елдің дамуы үшін жасалған бағдарламалар мен жоспарларды ел болып бірігіп, іске асырдық. Сол жоспарлардың бірі емес, бірегейі осы "100 нақты қадам: Ұлт жоспары" екені баршаға аян. Бұл бағдарлама төңірегінде шетел ғалымдары, саясаткерлері жылы пікір білдіріп, тіпті, өз елдерінде де бірнеше рет талқылағаны бар. "Ұлт жоспары: 100 нақты қадам" бағдарламасы тек Қазақ елін ғана емес, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр.
"5 институционалдық реформа және 100 қадам" деп аталынып отырған Ұлт жоспарына зер салып, зерделесек, өзіндік ерекшелігі мол, мың ойлану, жүз толғанудан, әбден сыннан өткен кесімді бағдар болуымен де маңызды.
Ел болашағы - сапалы білімде. Білім сапасын арттыру және бүгінгі заманауи қалыпқа түсіру үшін ең алдымен оқу ордаларына, білім ошақтарына қажетті жағдай жасауымыз тиіс.
Ұлт жоспары қоғамның барлык саласын, яғни экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздікті және басқа салаларды да қамтыған.
Ұлы ұстаз Әл-Фараби айтқандай, "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке-рек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы". Өйткені, жастардың әлеуетін дұрыс пайдаланбасақ, ол мемлекетке кері ықпал етуі әбден мүмкін.
"Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", - деп ұлы Абай бекер айтпаған. Сондықтан да ұстаздар қауымы күрделі де салмақты жүкті арқалап келеді. Осы орайда, бізге - оқытушыларға да 100 қадамның салмағы еселене түсіп отыр. Сол жүктің әсері ұрпаққа білім мен тәрбие беруде мемлекетшіл қағиданы берік ұстауға талап болып отыр. Өйткені, әрбір ұстаз жүрегінде өз шәкіртіне деген сезім оның ез баласына арналған сезіммен әрі мемлекет мүддесіне қызмет етумен парапар болуы қажет.
Ұстазға, тәлімгерге, педагогқа құрмет көрсету - Корея, Жапония мен Қытайда қалыптасқан дәстүрге айналған. Бұл елдерде ұстаз культі - үлкен құрметке ие, алайда, бұл құрмет негізінен әлеуметтік және қоғамдық жағдаймен ғана емес, бірінші кезекте, ұстаздық пен тәлімгерлік қабілеттіліктерді бойына қалыптастыруда адамның жасаған орасан зор еңбегіне құрмет көрсету. Яғни, ұстаз болу қабілетіне құрмет керсету.
Еуропада мемлекеттік әртүрлі шараларды ұйымдастыру арқылы, соның ішінде, қоғамдық іс-шаралар мен жас мұғалімдерге үлкен жеңілдіктер беру зор мәртебеге айналған.
Егемендіктің арқасында, Елбасының биік көрегендігінің аясында бүгін біз әлем өркениетінде өзіндік орнымызды аңғартып отырмыз. Жер жүзінде өркениет биігінде тұрған Корея, Жапония, АҚШ, Сингапур, Малайзия, тағы басқа елдер жоғары мақсатқа азаматтарының жұдырықтай бірігіп, жұмылуының арқасында жеткен. Біз де бүгін сол кезеңге келіп тұрғандаймыз. Елімізде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби ұстаз дайындау дурыс жолға қойылған.
Елбасы атап өткен, бүгінде іске асырылып келе жатқан үш тұғырлы тіл бағдарламасы еліміздің полимәдениет пен үштілділік кеңістігінде ұтқырлығымызды, зияткерлігімізді, бірлігімізді ұштай түсетін құралға айналмақ.
2015 жылы "ЖОО-ның Үздік оқытушысы" мемлекеттік грантын иеленген соң жоғарыдағы аты аталған елдердің бірсыпырасына барып, тәжірибе алмасып, ғылым-білім дамытудың бірнеше әдістерімен танысып қайттық. Міне, сол тәжірибені қазір студенттерге түсіндіріп, таныстырудамыз.
Шет тілін оқытудағы әлемдік тәжірибені зерттей отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттырудан белек олардың теориялық білімі мен оқушылардың тіл меңгеру деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, нұсқаулық-әдістемелік базаны нығайту, сабақтан тыс тіл меңгеру машықтарын қуру сияқ-ты нақты қадамдар қарастыры-лу керектігін уқтық.
Гауһар БАЛҒАБАЕВА,
ҚМПИ тарих факультетінің
деканы,
тарих ғылымдарының 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Ел болашағы – сапалы білімде