Ақынға – Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық

Қостанай таңы, 2017 год, 13 желтоқсан (№ 139), Б. 2. | БӘРЕКЕЛДІ!

Ospanov Serikbay

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым ми­нистрі Е. Сағадиевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің және 2017 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру бойынша конкурстық комиссияның корытындысының негізіндегі бұйрығымен педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық «Алтынсарин әлемі» жұмыстар циклі үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Серікбай Оспанұлына беpiлді.

Жерлесіміз Серікбай Оспанұлы алаш жұртының айтулы ақыны ғана емес, ұзақ жылдан бері ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің еңбектері мен тұлғалық бол-мысын сан қырынан зерттеп жүрген ғалым.

Редакция ұжымы әрі ақын, әрі ғалым ағамызды маңдай тер еңбегінің сүбелі жемісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестік білдіреді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Ақынға – Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық