Бағдарламамен сабақтасқан байқау

Қостанай таңы, 2018 ж., 17 сәуір (№ 44), Б. 3.

Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы жарияланған сәттен бастап, алдағы болашаққа деген сенімді күшейтті. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, қоғамдык және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы, "Туған жер" бағдарламасы, "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанның киелі жер-лерінің географиясы", "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" және "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобалары өз бағытымен құнды.

Аталған бағдарлама бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болашақ жастарды тәрбиелеу жолында көптеген игі істер атқарылуда. Себебі, жас ұрпақ туған өлкесінің тарихын, табиғатын, біртуар перзенттерін біліп, танып өскенде ғана туған жерінің шынайы патриоты болмақ. Мақалада айтылғандай: "Туған жер" бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады".

Университет оқу процесінде облыс, қала және аудан мектептерімен үнемі тығыз байланыста. Осы тұрғыда, талапкерлердің оқу-білімге деген кұштарлығын және олардың білім алуын қолдау мақсатында университет қабырғасында "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында тарих пәні бойынша республикалық эссе байқауы өткізілді. Ережеде көрсетілгендей, эссе авторлары "Менің кіші Отаным – Туған жер", "Астанаға – 20 жыл", "Біздің заманы-мыздың Заңғарлары – облыс тұрғындары жетістік-терінің тарихы", "Біртұтас ұлт – қазақстандықтар!" – бір шаңырақ астында", "Жаһандық әлемдегі қазақ мәдениеті" тақырыптарында қорғағанын айта кетейік. Соның нәтижесінде, барлық талаптарға сай жазылған 70 жұмыс іріктеліп алынды.

Тарихшы ғалымдардан құрылған қазылар тобы барлық жұмыстарды қарап, байқау жеңімпаздарын анықтады. Байқауға қатысушылардың бәрі арнайы сертификаттарға ие болды. "Менің кіші Отаным – Туған жер" бағыттанда эссе жазған Аманкелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ержан Баймұханов бас жүлде иегері атанды. Сонымен қатар, 2 және 3 орындарды Рудный қаласы № 19 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Адина Шектібаева мен Қостанай қаласы Дружба орта мектебінің 11-сынып оқушысы Валерия Сухинина иеленді. Жеңімпаздарды ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл құттықтап, арнайы дипломдар табыс етті.

Бас жүлде иегері ретінде Ержан Қостанай мемлекеттік педагогикалық уни-верситетінде "Тарих", "Құқық негіздері және экономика" мамандықтары бойынша 1 жыл тегін оқуға және институт жатақханасында тұруға мүмкіндік алды.

– Бізге ҚМПУ қабырғасында байқау ұйымдастырылуда, жеңімпаз атанған оқушы университетте тегін білім алады дегенді естіп, көп ойланбастан қатысуға шешім қабылдадым. Тарих – менің сүйікті пәнім. Болашақта ұстаздық жолды таңдауды жөн көрдім. Осы байқауға дайындаған ғылыми жетекшім Кенжегүл Әлімоваға үлкен рахмет! – деп, байқау жеңімпазы Ержан Баймұханов өз пікірін білдірді.

Байқаудың ұйымдастырылуына әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы З. Шахаман, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М. Бекмағамбетова және кафедра оқытушылары айтарлықтай өз үлестерін қосқанын айта кету керек.

Нұрлыбек ЕЛКЕЙ, 
ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының, аға оқытушысы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Бағдарламамен сабақтасқан байқау