Үмітпен үйлескен үндеу

Қостанай таңы, 2018 ж., 7 наурыз (№ 28-29), Б. 4. | БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Елбасы Н. Ә. Назар-баевтің "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі талқыланды. Жиынға мемлекеттік органдардың. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері келіп қатысып, оқытушылар мен студенттерге маңызды құжат жайлы ақпарат берді.

Елбасының бұл үндеуі БАҚ және ғаламтор арқылы тарап, қазақстандықтардың назарын өзіне аудартқан тосын жаңалық болды. Маңызды деген бес бөліктен тұратын құжатта көрсетілген міндеттер әлеуметтің көкейіне қуаныш ұялатқаны жасырын емес. Мұның үшінші бастамасы білім беру саласына тікелей қатысы бар.

– Елбасымыздың өз бастамалары қатарына білім саласының мәселелерін кіріктіруі – аса жағымды жа-ңалық, – деді отырыстың алғы сөзін алған ҚМПИ ректоры Еркін Әбіл.

– Біріншіден, жылда бөлінетін білім грант-тары тағы 20 мыңға ұлғаятын болды. Бұл шынымен де жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін жасалып отырған манызды қадам.

Е. Әбіл өз сөзінде студенттерді жатақханамен қамту мәселесіне де тоқталды. Бұл "Серпін" бағдарламасы арқылы елдің оңтүстік өңірлерінің түлектерін қабылдайтын облыстағы маңызды түйткіл екені түсінікті. Елбасының 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсыруы – осы қажет-тіліктен арылар маңызды шешім.

– Бес бастаманың әрқайсысы маңызды. Деген-мен, үшінші бағытын алар болсақ, қолдау арқасында білім сапасы артып, көптен қаузалып келе жатқан жатақхана мәселесі түбегейлі шешімін табатындай. Кезінде бұл өзекті түйткілді үлкен мінберлерде талай қозғадық.

Үкімет басшысы болып тұрған кезінде Кәрім Мәсімовтың өзіне де тікелей сауал жолдаған едік... Жалпы, бұл тұтас республикаға ортақ мәселе. Алайда, бізде әлі езектірек, – дейді А. Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ докторанты Болат Қалиев.

Ол биылдан бастап облыс орталығында 500 орындық жатақхана салу қолға алын-ғанын жеткізді. Әлі құжат деңгейінде болса да, көрінген таудың алыстығы жоқ.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановтың пікірінше, бес бастаманың қай-қайсысы да жастарға тікелей қатысты.

– Бұл үндеу арқылы еліміздің әлеуетінің жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғарамыз. Ал, өздеріңіз сияқты жастарға осындағы бағыттардың әрқайсысының қатысы болуы керек. Білім мен жатақхана мәселесін былай қойғанда, келешек маман ретінде білулеріңіз керек жайттар қамтылған. Яғни, баспаналы болудың шарттары мен салықтық жеңілдіктер туралы хабардар болуларыңыз шарт. Бұл – болашақ иелеріне көрсетіліп отырған қолдау, шын мәнісінде де ақжолтай бастама, – деді К. Әлімжанов.

Сондай-ақ, жиында "Атамекен" ҰК ҚОФ өкілдері мамандарды кәсіпкерлікке оқыту барысынан мәлімет берді. Ал "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ филиалының директоры Серік Дүйсенбаев үндеу негізінде қабылданғалы отырған жаңа ипотекалық "7-20-25" бағдарламасы туралы түсінік берді.

– Бұл – бұрын-соңды болмаған тиімдідік. Тұрғындардың баспанаға қатысты мә-селесін шешуге бағытталған игі қадам, – деді ол. – Жалпы, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша облыста тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Біздің өңір қаржыландыру жөнінен елдегі тізім бастайтын облыстар қатарында. Айтпағымыз, болашақты бүгіннен бастап ойласаңыздар, кез келген студентке бағдарламаға қатысып, жеке шот ашуына мүмкіндік бар.

Заманауи қоғамның жастары жан-жақты сауатты, дұрыс бағытты таңдай аларлық қабілеті күшейген, ұқыпты, ішкі сыны мығым, ізденімпаз болуы қажет. Өз немқұрайлылығы болмаса, өйтпеуге ешкім тыйым сала алмайды. Жиын спикерлерінің студенттерге айтқан ақылдары осы.

Жандос ЖҮСІПБЕК

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Үмітпен үйлескен үндеу