Білімді мыңды жығар

Наш Костанай, 2018 ж., 24 сәуір (№ 33), Б. 7. | Рухани жаңғыру

Немесе Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі тың ізденістер жөнінде

БІЛІКТІ БАСШЫ – ҰЖЫМ МАҚТАНЫШЫ

Өзім Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің басшысы Еркін Аман-жолұлы Әбілді көп жылдардан білемін. Жастай ғылым мен білімге ден қойған азамат жан-жақты әрі сан қырлы. Оның бойындағы асыл қасиеттердің бәрі де ерте көрінді.

Ғылымға бейімділігі жоғары екендігін студент кезінен байқатты. Қазіргі таңда ол күллі республикамызға танымал ғалым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі. Облыстық мәслихат депутаты өзінің айтар ойы және пікірі бар тұлғаны-бүкіл өңір халқы ардақ тұтады.

Ол қазіргі таңда үш жүзге жуық ғылыми еңбектердін авторы. Осы күнге дейін елуге жақын монография жазды. Оның бәрін де тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын студент жастар іздеп жұріп оқиды.

Әріптестері жоғары оқу орнының басшысын Қазақстандағы тарих методологиясынан алғаш қорғаган ғылым докторы ретінде де ерекше құрметтейді. Өйткені, мұндай саладағы ғалымдар әлемде өте аз, көршілес жатқан Ресейдің өзінде бірен-саран ғана. Ал елімізде жалғыз десек те болады.

Сонымен методология дегеніміз не? Соған да әңгіменің орайы келгенде қысқаша тоқталып өтейік. Ол – тарих теориясы мен зерттеу әдістері туралы ғылым. Мұны кейінгі дарынды жастар біліп жүрсін деп әдейі мысалға келтіріп отырмын.

Жалпы, шетелдіктер бұл ғылымды «историософия» деп атайды екен. Оның аты-нан-ақ өте күрделі де, аса маңызды екендігі көрініп тұр емес пе. Еркін Аманжолұлы осы саланы зерттеуде өткен жылдарда аянбай тер төкті. Соның нәтижесін де көріп отыр.

Баршаға мәлім, көп жылдық тарихы бар оқу орны бұрын педагогикалық институт болса, үстіміздегі жылғы 13-шы наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 119 қаулысы бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.

Бұл әрине, білім ордасының барша ұстаздары мен студенттерін ерекше қуанышқа бөледі. Жоғары оқу орнының мәртебесі өсіп, олардың алдағы уақытта тың ізденістермен жұмыс істеуіне ерекше мүмкіндік туды.

Мен осы орайда университет ректоры Еркін Аманжолұлы Әбілге жолығып, газет ұжымы атынан құттықта-уымды жеткіздім. Сонымен қатар, көңілде жүрген сауал-дарымды қойып, оған нақты жауап алдым.

Тарих ғылымдарының докторы, профессордың өзіндік айтары да аз емес. Ол ең бастысы, алдағы уақытта барша ұжым өздеріне деген жауапкершілікті терең сезініп, жемісті еңбек етіп, елімізге педагогикалық бағыттағы білікті кадрларды дайындауға айрықша назар аудара беретіндігін айтты.

ҒЫЛЫМ ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ

Бұл білім ордасын күллі қазақ елі жақсы біледі. Аталмыш оқу орнының түлектері қашан да өздерінің жан-жақтылығы әрі біліктіліктерімен дараланған. Қостанайдың осы университетінен шыққан мамандарға сұраныс та жоғары екендігін қалың жұртшылық мойындаған.

Осы мақаланы газет бетіне дайындау барысында ұжымда болып, көптеген ғалымдар, білікті ұстаздар және студент жастармен де тілдесіп, олардың ой - пікірлерін қойын дәптерімізге жазып алдық.

Алдымен көзге түсетіні, олардың қызметтеріне деген айрықша ынталылығы, университет мәртебесіне сай адал қызмет атқарып жатқандығы. Аталмыш жоғары оқу орнының маңдай алды ғалымдарының бірі, есімі Қазақстанға аса танымал көрнекті тұлға Аманжол Күзембайұлын да әңгімеге тарттық.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор ағамызды қашан да өзін қаумалаган студенттердің арасынан көреміз. Бұл жолы да шәкірттері одан диплом жұмысына байланысты тапсырма алып жатқандығына куә болдық.

Көпті көрген әрі құнды еңбектерімен көпшіліктің құрметіне бөленген Аманжол аға өз ойын білдіре келіп:

Шет елдерде институт деген атымен жоқ. Ол тек ғана ғылыми мекеме. Сондықтан, университеттің қостанайлық азаматтардың өмірінде алар орны ерекше.

Мәселен, біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары оқу орындары төрт категорияға бөлінді. Олар – ұлттық және аймақтық университеттер, академиялар және институттар.

Ал өздеріңіз білесіздер, институттарда тек ғана бакалавр кадрлары ғана дайындалды. Сондықтан, университет атанғанымыз өте орынды деп есептеймін. Алайда, жүктелер міндеттер де жоғары. Сол сенім биігінен көріну біздің бәріміздің де алға қой-ған басты мақсатымыз.

Университет болған соң, мол мүмкіншіліктер де бар. Енді студенттерге келешекте дәріс беретін оқытушыларды алыстан іздемейміз. Өзіміздің оқу орнын үздік бітірген жастардың арасынан іріктеп, білікті кадрларды дайындаймыз, – деді.

Осы жолы университеттің бетке ұстар профессоры Тілеген Ахметовпен де сөйлестік.Ол қашан да өзінің іскерлігі әрі терең білімімен жұрт назарын аударып журген азамат. Белгілі ғалым бізге Президенттің бес әлеуметтік бастамасын басшылыққа ала отырып, қазіргі таңда 100 орындықтан үш жатақхананың жобалау-сметалық құжаты дайындалғанын және олар жоғары оқу орнының аумағында орналасатындығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Қостанай – жастар қаласы болғандықтан, білім ордасының айналасы студенттік қалашыққа айналатынын жасырмады. Университет атанудың өзіндік ерекшеліктеріне де тоқталды.

Енді жаңадан магистратуралар ашылып, келешекте докторантураға да ғылымға бейімі бар жастарды қабылдайтын болады. Сонымен қатар, арнайы гранттарға ие болған талантты жігіттер республикамыздағы Әл-Фараби және Еуразия ұлттық универ-ситеттеріндегі жазып жүрген диссертацияларын қорғайды.

Оның сөзіне сүйенсек, ғылымға аса ден қойған Аманжол Тәшетов пен Рауан Байдалы болашағынан үлкен үміт күттіретін дарын иелері. Олар үстіміздегі жылы көз-деген мақсаттарына жетіп, әріптестерінің абыройларын асқақтатты.

Біз білім ордасында болғанда осындағы басқарма басшылары Нұрлан Қаб-дырахметов және Эльмира Наурызбаевалармен де арнайы әңгімелестік. Олардың да жүздерінен ерекше бір қызметтеріне деген құштарлықты, сыпайылық пен кішіпейілдікті айқын сезіндік.

Қос бауырымыз да есімдері көпке белгілі жандар. Олардың пікірлеріне қарағанда, жоғары оқу орнының болашағы өте жарқын. Үстіміздегі жылы университет мәр-тебесіне ие болулары шын мәнінде барша ғалымдар мен оқытушыларды, қызметкер-лерді жасампаздық істерге жетеледі.

Қазіргі таңда әңгімемізге арқау болып отырған жоғары оқу орнында 6 факультет жұмыс істейді. Онда 23 мамандық даярланады. Ізденімпаз жастарға 274 профессор-оқытушылар дәріс беріп, олардың білікті кадрлар болып шығуына өздерінің лайықты үлестерін қосуда.

Жалпы, университет ұжымы өздерінде маңдай терлерін төгіп, кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жатқан ғылым докторлары Аманжол Күзембайұлы, Еркін Әбіл, Татьяна Брагина, Виктор Зайберт, Иван Сивохиндер үлкен беделге ие.

Сондай-ақ, ұжымда Тілеген Ахметов, Юрий Пережогин, Берік Демесінов, Наталья Бажова секілді ғалымдар да болашақ мамандарға тиянақты білім беріп, өз салаларының майталмандары атанған.

Кейбір деректерге сүйенсек, қазіргі таңда ұжымда педагогикалық бағытта дәріс беріп жатқан 5 ғылым докторы мен 77 ғылым кандидаты бар. Олардың бәрі де осы уақытқа дейін жұртшылықтың арасында үлкен ілтипатқа бөленген кісілер.

Оқырмандарға да белгілі «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өнірлерде білім алып жаткан жастар аз емес.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті де аталмыш бағдарламаға орай оқып жүрген жастардың құтты білім шаңырағына айналған. Қазіргі таңда осында 400 студент жастар бар. Үстіміздегі жылы ғана аталмыш бағдарлама бойынша білім ордасын 121 түлек аяқтайды.

Сонымен бірге жоғары оқу орнында аудандар мен қалалардың арнайы сұраны-старына байланысты кадрлар дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда әзірленетін мамандардың сапалық деңгей жоғары.

Университет атанған соң жаңа оқу жылынан бастап «Психология және педагогика» мамандығы бойынша магистратураға талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар, болашақта тарих, биология, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, дене шынықтыру мен спорт және басқа да салалар бойынша магистранттар білім алатын болады.

Осы аталғандармен қатар алдағы уақытта тарих, биология мамандықтарына байланысты докторантура да ашылмақ. Сөйтіп, жоғары оқу орнының абырой-беделі бұрынғыдан да асқақтай түсетініне нық сенімдіміз.

ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ

Университетте қазіргі таңда қыруар жұмыстар атқарылуда. Онда жастардың алаңсыз білім алуына барлық мүмкіндіктер туғызылған. Бес қабатты жатақхана, асхана, спорт залдары да жұмыс істейді.

Ізденімпаз жастарға қашан да жол ашық. Мұндағы білім алып жатқан барлық кур-стардағы студенттер «Білімді мыңды жығар» деген аталы сөзді берік ұстанган. Үздік оқитын бозбалалар мен бойжеткендер ерекше құрметке бөленген.

Мысалы, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан Азиз Шамитдинов 4 курс студенті. Ол барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, ұстаздары мен кур-стастарының арасында үлкен беделге ие болғаң. Өзінің зерделілігінің арқасында Президент шәкіртақысын алады.

Осы бағдарлама бойынша оқып жатқан Тоғжан Нышанбаева және Гүлнара Маматқадырмен де кездесіп, сөйлестік. Қос құрбы өздеріне сапалы білім, саңалы тәр-бие беріп жатқан оқытушылар қауымына дән риза. Оқу орнын аяқтаған соң, жоғары мәртебе берілген университет дипломын алатындықтарына қуанышты.

Былтыр, республикалық басылымдарда жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласы оқытушылар мен студенттердің арасында да үлкен қолдау тапты.

Мәселен, белгілі ғалым Кенжегүл Есіркепова басқаратын филология фа-культетінің ұжымы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарған. Олардың бәрі де көпшіліктің кеңілінен шықты.

Осындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Қанапина-ның сөзіне сүйенсек, әріптестері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 180 студентке тиянақты білім беріп жатыр. Соның 65-і «Серпін» бағдарламасы бойынша оқи-ды.

Студенттердің сүйікті орны – білім ордасының кітапханасы екені айтпаса да бел-гілі. Біз руханият ордасы болып табылатын ақпарат және кітапхана орталығында да болдық.

Осы орталықтың басшысы, ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет атқарып келе жатқан Инна Нечипоренкомен де жүздесіп, олардың алдына қойған мақсаттары жайлы пікірін де білдік.

Өз саласының білгірі университет басшысының тікелей қамқорлығының арқа-сында кітапхана қоры жылдан-жылға артып келе жатқандығын айтып берді. Залда кезекті дәрістеріне әзірлік жасап жатқан студент қыздардың кітапхана қызметкерлеріне деген алғыстары да ерекше.

Міне, Еркін Аманжолұлы секілді білікті ғалымның жетекшілігіндегі оқу орны университет мәртебесін алып, үлкен сенімге ие болды. Олардың ендігі алдарына қойған мақсаты – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, ұйымшылдықпен қызмет атқару.

Елбасы талап еткендей, бәсекеге қабілетті әрі жан-жақты, жоғары сұранысқа ие кадрларды дайындау жолындағы мұндағы барша қауымның қазіргі таңдағы талпынысы кімді болсын тәнті етеді. Оларға алдағы уақытта да қызметтеріңізде табыстан-табысқа жете беріңіздер деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.

Оразалы ЖАҚСАНОВ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Білімді мыңды жығар