Еркін ӘБІЛ: «Жоғары білім қолжетімді болуы керек»

Қостанай таңы, 2018 ж., 3 қазан (№ 115), Б. 4 – 5. | БІЛІМ

Ұзақ жылдан бері облысымыздағы педагог кадрларын даярлап келе жатқан оқу орындарының бірі де бірегейі – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болатын. Аталмыш оқу орны биыл Үкімет қаулысымен университет мәртебесін алды. Білім ордасындағы осынау өзгеріс пен басқа да жаңашылдықтар туралы сұқбаттасу үшін университет ректоры Еркін Әбілмен кездестік. Тарих ғылымының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы басқарып отырған білім ордасында өзге де жаңалықтар бар екен.

- Кешегі институт биылғы жаңа оқу жылын университет мәртебесімен бастап отыр. Жоғары оқу орнының дәрежесі өзгерді. Ендігі бағыттарыңыз қандай болмақ? Білім беру процесінде басқа да өзгерістер бар ма?

- Біздің университет мәртебесін алғандағы басты мақсатымыз – магистратура мен докторантура деңгейінде білім беру мүмкіндігін иелену еді. Толық жоғары оқу орны болу үшін міндетті түрде үш сатыда білім беру керек. Олар: бакалавр, магистратура, докторантура. Біздің оқу орнымыз институт болған кезінде жоғары білімді магистратура мен докторантура мамандарын даярлайтындай мүмкіндік болмады. Тек қана бакалавр дәрежесінін түлектерін оқытып келдік. Мұны толық жоғары білім деп айтуға келмес.

Педагогика саласындағы магистрлар мен докторларды Алматыдағы екі жоғары оқу орны оқытады. Бакалавр дәрежесіндегі білімін одан әрі жалғастыру үшін біздің түлектеріміз Алатау бөктеріне немесе іргедегі Ресейге баратын. Осындай бірқатар мәселелерді ескере келіп, аймақтардағы жоғары оқу орындары, Павлодар, Шымкент және Қостанайдагы педагогикалық институттар Үкіметтен университет мәртебесін сұрадық. Бұл процесс бір жылдан артық уақытқа созылды. Қуанышқа орай, Білім және ғылым министрлігі біздің ұсынысымызды қолдады. Жаңа мәртебеге ие болу үшін біз бірнеше мәрте тексеруден өттік. Университетке қойылатын өзіндік талаптар бар. Біз сол талаптардың үдесінен шықтық. Бір жылдың ішінде біздің материалдык базамыз, педагогтар құрамы, білім беру процесі, деңгейі жан-жақты тексерілді. Барлық көрсеткіштеріміз университет деңгейіне сай келгендіктен, Үкімет қаулысымен жаңа мәртебе берілді.

Біздің келесі қадамдарымыз қандай? Біз магистратура мен докторантуралық оқу бағдарламаларын ашуға занды мүмкіндік алдық. Қазірдің өзінде психология және педагогика мамандығы бойынша магистратура лицензиясын алып үлгердік. Биыл осы мамандық бойынша бізге 5 грант берілді. Қосымша төрт магистр көздерінің қаражаттары есебінен оқуға түсті. Осылайша тоғыз алғашқы магистрді биыл оқуға қабылдадық. 2012 жылы біздің оқу орнында магистратура ашылған болатын. Бірақ ол аз уақыттың ішінде жабылып қалды. Себебі, педагогикалық институт мәртебесімен магистрларды даярлауға құқығымыз болмады. Мінекей, араға алты жыл салып тоғыз магистрды қабылдадық. Биылғы жылдың соңына дейін басқа да мамандықтар бойынша магистратурадан үш мамандық бойынша докторантурадан лицензиялар алғымыз келіп отыр. Олар: биология, педагогика және тарих. Мүмкін бұдан да басқа мамандықтардан алатын шығармыз. Оның бәрі кейінгі жылдардың еншісінде. Аталған үш мамандық бойынша бізде ғылыми мектептер бар, оқыту процесіне докторларымыз да дайын. Халықаралық байланыстарымыз да бар. Сондықтан біз осы аталған үш мамандыққа басымдық беріп, биылғы жылдың аяғына дейін докторантура ашып, жоғары денгейдегі өзіміздің кадрларды даярлайтын боламыз. Университет мәртебесі бізге өзіміздің өңір үшін жоғары денгейдегі кадр даярлауға мүмкіндік беріп отыр.

- Бакалавр дәрежесінде білім беру жүйесі өзгеріссіз қалды ма?

- Өзгерістер бар. Бірақ, олар университет дәрежесін алуымызға байланысты емес. Еліміздегі білім беру саласы ұдайы даму үстінде. Соңғы өзгерістерге байланысты біз кадрларды мамандық бойынша емес, бағыт бойынша дайындаймыз. Жоғары білім еңбек нарығының талабына толық жауап беруі үшін мамандықтар классификаторының құрылымына өзгерістер енгізілетін болады. Мысалы, математика, физика, информатика мамандықтары жеке-жеке оқытылса, алдағы уақытта оларды жаңа классификатор бойынша даярлаймыз. Бұрын мамандық деп аталса, енді білім беру бағдарламасы деп аталады. Жаңа жобаға сәйкес, әрбір бағдарламаны ЖОО-ы өздері дербес белгілейді. Қандай мамандық бойынша кадр даярлау қажеттігін бұдан былай университеттер өздері шешеді. Ол не үшін жасалып жатыр? Мысалы, бізде шағын комплектілі мектептер өте көп. Ондай білім мекемелерінде физик маманына толық сағат саны жетпеуі мүмкін. Әсіресе, ауыл мектептеріне физик-математик немесе математик-информатик маманы керек. Еңбек нарығының сұранысына жауап беру үшін ЖОО-дағы классификаторға өзгерістер енгізуге тура келеді.

Нарықтың талабы жылдам өзгеруде. Заман ағымына қарай жаңа мамандықтардың көптеген түрлері пайда болуда. Мысалы, робот техникасы. Робот техникасы деген мамандық жеке классификаторда жоқ. Бірақ, кадрларды даярлау керек. Тағы бір мысал, бізде тарих деген мамандық бар. Алайда, қазіргі өте қызықты жаңалықтардың дені информатика саласында ашылып жатыр. Оның ішінде тарихпен байланысты жаңалықтар бар. Ал бізде тарихшы-информатик маманын дайындайтын ЖОО жоқ. Әрбір жаңа мамандықты классификаторға енгізу үшін 3-4 жыл уақыт кетеді. Осы уақыттың ішінде бұл мамандықтардың өзі ескеріп қалуы бек мүмкін. Сол себепті бізге болашаққа қажетті, қазіргі күні әлі де пайда болып үлгермеген мамандықтар үшін кадр даярлауымыз керек. Бүгінгі кейбір мамандықтар 5-6 жылдың ішінде жойылып кетуі ғажап емес. Ал біз сол мамандықтар бойынша кадр даярлап жатырмыз. Болашақта ондай мамандықтарға қажеттілік болмай қалуы да мүмкін. Қазіргі мектептерде технология пәнін оқытады. Ертең бұл пән болмайды. Себебі, жаңа мазмұн бойынша еңбек пен өнер пәнін қосып жатыр. Сондықтан біз жоғары оқу орнындағы еңбек пәнінің мұғалімі мамандығының орнына робот техникасын енгізуіміз керек. Осындай ерекшеліктерді ескере келе, біз қазір білім беру бағдарламаларының реестрін өзіміз жасап жатырмыз. Қолданыстағы классификатор әлі жойылған жоқ. Қазан айының басында жаңа классификатор шығады деген үміт бар. Жаңа классификатор шыққан соң келесі жылы оқуға қабылданатын студенттерді жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытамыз. Биылғы қабылданған 1-курсты өздері түскен мамандықтармен оқытып шығамыз.

Біз болашақта тарих пен дінтануды бір жеке бағдарлама ретінде оқытқымыз келеді. Бұл мектепке керек. Хореография, өнер, кітапхана ісінен жеке бағдарлама ашқымыз келеді. Бұл мамандықтарға сұраныс бар. Солтүстік Қазақстан өңірінде білікті хореографтарды даярлайтын ЖОО жоқ. Ондай мамандарды өзіміздің қазақ драма театры сұрап жатыр.

- Заманға сай, сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып өттіңіз. Осы орайда түлектердің жұмыспен қамтылуы қалай шешілуде деген заңды сұрақ туындайды. Студенттерді төрт жыл оқытқан соң қолына дипломын ұстатып жібересіздер ме, әлде әрі қарай жұмысқа орналасуына көніл бөлесіздер ме?

- Біздегі түлектердің дені педагогтар. Сол себепті білім басқармасымен жұмыс істеп жатырмыз. Басқармамен және жеке білім беру мекемелерімен келісімдер жасадық. Университетте түлектерді жұмыспен қамтумен айналысатын жеке бөлім бар. Біздегі жұмысқа орналастыру көрсеткіші 90%-ке жақын. Биылғы жазда оқу бітірген түлектермен қазіргі күнге дейін байланыс ұстап отырмыз. Оларды жұмыспен қамту мәселесі жүргізіліп жатыр. Былтыр жұмысқа орналастыру 86% болды. Түлектердің арасында әскерге кеткендер, магистратураға түскендер, тұрмысқа шығып, балалы болып жатқандар бар. Жалпы алғанда керсеткіш 90%-ке жақын. Бұл өте жақсы нәтиже. Қазіргі күні дуалдық оқыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 4-курстын студенттерін мектептерге жібереміз. Келісім бойынша олар оқып жүріп, мектептерде сабақ береді. Университетті бітірген соң сол жерлерде жұмыс істей береді. Дуалдық оқыту формасы өте тиімді. Студенттер тәжірибе алады, мектептер қажетті кадрлармен толығады. Біздің студенттер Қостанайдан бөлек Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жұмыс істейді. Ақмола облысындағы Есілден бері қарайғы мектептер біздің кадрлармен толығуда.

- 2014 жылдан бері қарай оңтүстік аймақтардағы жастардың «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстікке келіи оқуларына мүмкіндік туды. Сол жылдары сіз басқарып отырған білім ордасы алғаш болып «серпіндіктерді» қабылдаған еді. Арада төрт жыл өтті. «Серніннің» алғашқы түлектері оқу бітірсе керек... Оқу барысында «серпіндік» студенттерге басымдық беріле ме?

- «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша бізге оқуға түскен түлектердің алғашқы легі биылғы жазда бітірді. 121 студент оқуды аяқтады. Оның сегізі ғана жұмыс орындары туралы мәлімет берген жоқ. Ақпараттың белгісіз болуы жұмыссыз отыр дегенді білдірмейді. Мүмкін олар жұмысқа орналасқан шығар, бірақ бізге растайтын дерек келмей жатыр. Түлектердің ішінде Қостанайда қалғандары, ауылдарға барғандары, Астанаға кеткендері бар. Осы түлектердің ішінде магистратураға түскен-дер көп. Бұл деген сөз білім сапасының жоғарылығын білдірсе керек. Себебі, маги-стратураға түсу үшін баланың дипломында 3 болмауы керек. Биыл «Серпін-2050» бағдарламасы шеңберінде 35 баланы қабылдадық. Бағдарламаның қатысушыларына ешқандай басымдық берілмейді. Студенттердің бәрі бірдей. «Серпіннің» басты мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады. Бұл миссия ақырындап орындалып жатыр.

- Жалпы студенттерге оқу барысында жеңілдіктер жасала ма? Атаулы немесе қосымша гранттар бар шығар, бәлкім?

- Біздің университетімізге жыл сайын 300-ге жуық мемлекеттік грант бөлінеді. «Қосымша грант» деген термин дұрыс емес. Ректор өзі грант бере алмайды. Себебі, ректордың өзінің бос қаражаты жоқ. Ректор гранты деп балаларға берілетін жеңілдіктерді айтады. Біз жетім балалардың оқуына 100% жеңілдік жасаймыз. Сту-денттердің әлеуметтік жағдайларына қарай 50% жеңілдіктер беріледі. Ұлттық құрамаға кіретін спортшы студенттерге де қолдау білдіреміз, олардың әлеуметтік жағдайларына қараймыз. Жетім балаларды мемлекеттік грантты алмағанның өзінде тегін оқытамыз. Қазір «Қазақстан-Қостанай» телеарнасымен бірлесе «IQ дода» деп аталатын жаңа жо-баны бастағалы жатырмыз. Осы жобаның жеңімпазы біздің университетте тегін оқуға мүмкіндік алады. Бұл женілдік Қостанайдың дарынды жастарын қолдауға арналған.

- Ақылы оқу бөлімдеріндегі бағаның құнына қатысты аландаушылық бар. Бағаны кім белгілейді?

ЖОО ақылы бөлімдердің бағасы мемлекеттік гранттардың сомасынан төмен болмауы керек. Бүгінгі күнге дейін бағаны министрлік белгіледі. 2019 жылдың 1-қаңта-рынан бастап университет өздері белгілейтін болады. Бүгінде оқу ақысына 1 500 000 теңгеге дейін сұрайтын оқу орындары бар. Біздің өзіміздің стратегиялық саясатымыз бар. Болашақта ақылы оқу бағасын грант сомасынан көтермейміз. Біз студенттердің жағдайын түсінеміз. Жоғары білім қолжетімді болуы керек. Әсіресе, ауыл жастары үшін. Қазірдің өзінде оқу ақысы 390-440 мыңның арасында.

- Ақылы оқу бізге керек пе?

- Керек. Себебі, жастар үшін жоғары білімді алу қолжетімді болуы керек. Бәрі бірдей мемлекеттік грантты ала алмайды. Ескеретін бір жайт бар. Мысалы, шет тілдер мамандығы бойынша грант алған балалардың ең төменгі балы – 116. ҰБТ-дан 115 балл алған талапкер осы мамандық бойынша грантқа түсе алмай жатады. Себебі, бұл мамандықта бәсеке жоғары. 100-ден жоғары балл алған баланы нашар оқиды деп айтуға қимайсын. Ондай балаларға ақылы бөлімде білім алуға мүмкіндік беру керек. Бірақ, ақылы бөлімге түскен баланың әрі қарай оқуды алып кетуі бөлек мәселе. Біз білім беру сапасын іштей өзіміз бақылаймыз. Емтихандарды Платонов жүйесі бойынша қабылдаймыз. Бұл республикалық жүйе. Оны редакциялауға біздің құқығымыз жоқ. Жүйеге сәйкес емтихан тапсырған баланың бағасын мұғалім кейін өзгерте алмайды. Оқу ақысын төлеген студент 2 алса оқудан шығады. Біз биыл еліміздегі «Академиялық адалдық» лигасының мүшесі болып кірдік. Оның негізгі ұстанымына сәйкес, нашар оқитын студент диплом алмауы керек. Әртүрлі себептермен оқи алмағандар оқудан кетеді. Бізге білімді кадрлар керек.

- Болашақта салынатын жатақхананың жағдайы туралы бірер сөз. Жобалық-сметалық құжаттар дайын деп естідік.

- Әзірше, дайын емес. Осы айдың басында дайын болуға тиіс еді. Бірақ, әлі күнге дайын болмай жатыр. Жобалық құжаттар дайын болғанда біз министрліктің «Қаржылық орталық» АҚ-мен келісім жасаймыз. Одан кейін құрылысқа қажетті қаржы алу үшін банктен нссие рәсімдейміз. Қанша қаржы кететінін нақты айта алмаймын. Себебі, жобалық құжаттар қолға тиген жоқ. Жатақханада 400-ге жуық орын болады деп жобалап отырмыз. Үш қабатты төрт корпусты кампус түрінде саламыз. Құрылыстың орыны дайын. Пушкин көшесіндегі ескі жатақхананың қасында орналасады. Қазір ол жерде спорт алаңы тұр. Спорт алаңын басқа жерге көшіреміз. Оған да орын бар. Жергілікті органдардан қажетті құжаттардың бәрін алдық. Сумен, жылумен, жарықпен қамтамасыз ету туралы құжаттар дайын. Жер заңды түрде бөлінген. Тек қана жобалық құжаттарды күтіп отырмыз. Жаңа жатақхананың құрылысына жобамен 500-800 млн тенгенің арасында қаржы керек деп ойлаймыз.

Ескі жатақхана 1966 жылдан бері қарай пайдаланылып келе жатыр. Қолданыстағы нысанға жыл сайын жөндеу жүргіземіз. Бірақ күрделі жөндеу болған жоқ. Себебі, күрделі жөндеу жасау үшін ол жерде бір жылдай адам тұрмауы керек. Бізде ондай мүмкіндік жоқ. Жатақхана екі ай жазда ғана бос тұрады. Екі айдың ішінде ағымдағы жөндеуді ғана жүргізіп үлгереміз. Қазір ескі жатақханада 600 студент тұрып жатыр. Жаңа жатақхана іске қосылғанда ескі нысанның әр қабатын босату арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу ойда бар. Ескі жатақхананың жұмысын мүлдем тоқтату деген жоқ. Себебі, біздің студенттеріміздің көбі ауылдан келгендер. Оларға міндетті түрде жатақхана керек. Біз бүгінде қосымша 130 орынды З. Алдамжар атындағы универси-тетінін жатақханасынан жалға алып отырмыз.

- Университеттің кіре берістегі мандайшасындағы жазу латын графикасымен жазылыпты. Жаңа үлгідегі әліпбиге көшуге кірісіп кеткен сияқтысыздар.

- Республика бойынша ең алғаш латын графикасына көшетін педагогикалық оқу орындары. Сондықтан біз «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің 2017 жылғы Жарлығы шыға салысымен іске кірістік. Ақпараттық хабарландырудағы материалдарды латын графикасымен жаза бастадық. Себебі, балалардың көзі үйрене беруі керек. Келесі жылдан бастап балаларды латын графикасымен оқытуды бастаймыз. Биыл латын графикасының кабинетін ашайын деп жатырмыз. Қазір кабинетті жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бір-екі айдың ішінде жұмыстарды аяқтап, ресми түрде ашамыз. Кабинет университеттің бірінші қабатында орналасады. Ол жер қала бойынша латын графикасына көшу жөніндегі әдістемелік орталық болады. Келесі жылы оқуға қабылданған студенттер латын графикасымен оқитын болады. Жаңа әліпбимен білім алған түлектеріміз 2022 жылы мектептерге барып, латын графикасымен сабақ береді. Осылайша студенттерді бірте-бірте латын графикасымен оқытамыз.

- Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Сұхбатынызға рахмет.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Еркін ӘБІЛ: «Жоғары білім қолжетімді болуы керек»