Ағартушы ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

Білімді ел – Образованная страна, 2018 г., 13 ноября (№ 42), С.9.| ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде белгілі ұстаздар, ғалымдар атына дәрісхана ашу дәстүрі ертеден бар. ЬІбырай Алтынсарин, белгілі тарихшы ғалым, академик Манаш Қозыбаев, есімі тек Қазақстанға емес, одан сырт жерлерге мәшһүр ғалымдар Фазылған Бәйімбетов, Өмірзақ Сұлтанғазин, математик ғалым-ұстаз Тобыл Дәулетбаев, Тәуелсіз Қазакстанның алғашқы Білім және ғылым министрі, ғалым Шайсұлтан Шаяхметовтың атында дәрісханалар бар. Бұл дәстүр бүгін де жалғасын тауып, университетте ағартушы ұстаз Спандияр Көбеевтің құрметіне дәрісхана ашылды.

«Спандияр Көбеевтің атына дәрісхана беру көптен ойластырып жүрген шаруа болатын. Білім саласының қайраткерлерін, ғалымдар мен белгілі ұстаздарды жастар ұмытпауы тиіс. Сондықтан, дәрісхана атын беру – біздің халқымыздың ұлыларын ұмыттырмай, жастарға насихаггаудың бір тәсілі деп білеміз. Біздің университетте мұндай іс жалғасын табатын болады», – деді университет ректоры Еркін Аманжолұлы.

Дәрісханада Спандияр Көбеевтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпараттар мен суреті ілінген. Ағартушы ұстаздың қазақ әдебиетінде де өзіндік орны бар. Ол – қара сөзбен жазылған алғашқы романдардың бірі «Қалың малдың» авторы және Крыловтың шығармаларын қазақ ұғымына сәйкестендіріп аударған еді.

«Ыбырай Алтынсариннен білім алған, ізін жалғаған ұстаздар Қостанай жерінде аз болмаған. Олардың көшін ұлттың ұйтқысы болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Омаров бастады, оларды Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуовтер жалғады. Спандияр Көбеевтің алғашқы кітаптары «үлгілі бала», «үлгілі тәржіма» деп аталады. Ол кісі біліммен бірге баланың тәрбиесіне көп көңіл белген. Бұл Әл-Фараби бабамыздың «тәрбиесіз берген білім қауіпті» деген ойымен үндес», – деді ақын Ақылбек Шаяхмет.

Спандияр Көбеев өмірінің соңына дейін Мендіғара ауданына қарасты Ақсуат ауылында тұрып, сондағы орта мектепті басқарған. Алдынан мындаған шәкірт білім алады, бүкіл оқушылары оны «атай» деп атаған. Осы «атай» деген сөздің өзінен ұстаз бен бала арасындағы керемет жылылық, шәкірттің ұстазға деген құрметі білініп тұрғандай. Ұстазды орыс тілді оқырмандар ортасына таныстыру мақсатымен көп ізденіс жасаған ардагер ұстаз Светлана Мачнева Спандияр Көбеевтің баланың білімге ынтасын оятуда бүгінгі мұғалімдер үйренетін үлгісі мол екенін айтты.

«Балалардың білімге ынтасын ояту – дарынды ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстазын жақсы көрген бала мектепті де жақсы көреді, жақсы оқуға тырысады. Отандық, оның ішінде қазақ педагогикасына үлкен үлес қосқан Спандияр Көбеевтің өзі балаларды өте жақсы көрген. Жалпы қазақ педагогикасы – алдымен адамгершілікті жоғары қоюмен ерекшеленеді. Қазір ақпарат заманы, білім саласына түрлі технологиялар енгізіліп жатыр. Бірақ, мұғалім баланы жақсы кермесе, сол озық технологиялардың ешқайсысы да куткен нәтижені бермейді. Біздің мұғалімдер Спандияр Көбеев сияқты кемеңгер ұс- таздан осыны үйрену керек», – деді Светлана Григорьевна.

Ақын, ғалым Серікбай Оспанұлы Ыбырайдың ізін жалғаған педагогтің өмірі мен қызмөті кеңестік кезенде зерттелсе де, оның әлі де бүгінге жетпеген беймәлім жағы зерттеуді қажет ететінін еске салды.

«Мыңдаған шәкіртке ұстаз болған тұлғаның өз ұстазы Досмағұл Тоқтабаев туралы кеп айтыла бермейді. Қазір осындай ел ішінде сауат ашуға бар күш-жігерін салған қайраткерлер жайында зерттеулер қолға алынса, артық болмас еді. Спандияр атамыз мектепке дәріс оқуға ең алғаш кірген күні шәкірттер алдында сөзді неден бастасам деп біраз ойланған. Сейтіп, «Кел, балалар, оқылық» деп ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өлеңімен бастап кеткен екен. Бүгін де мектептер әр оқу жылы басталғанда, атамыздың осы үрдісін дәстүрге айналдырса, несі айып?» – деп белгілі ақын, ғалым Серікбай Оспанұлы жақсы ұсыныс айтты. Мұны университеттегі игі шараның жүзеге асуына мұрындық болған психология-педагогика факультетінің оқытушылары да қолдайды.

«Атамыздың аз да болса саз еңбектерінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы өзекті мәселелерді көргендей боламын. Спандияр Көбеев баланың бойында ұлттық мінездің асылдары қалыптасуы керектігіне, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіріп отыруға көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, өзінің әдеби шығармаларында гендерлік мәселені, яғни қазақ қызының ерлермен қатар білімді болуын алғаш көтерген атамыз болатын» – дейді психология-педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к. Назгүл Айдынәлиева.

Биыл ағартушы ұстаздың туғанына 40 жыл толуына орай өткен игі істің салтанатында Спандияр Көбеевтің інісі Оспаннан тараған Мағыш Ғаріпқызы, т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы сөз сейлеп, ағартушы ұстаздың педагогикалық және әдеби мұраларының маңызы туралы айтты. Студенттер өлендерін оқыды, келушілер ұстаздың шығармашылығына арналған кермені тамашалады.

Дәрісхананың ашылу салтанатынан кейін кемеңгер ұстаздың ұрпақтары атасына арнап ас беріп, оның рухына құран бағыштады. Айханым АМАНГЕЛДІ, Қостанай қаласы

Айханым АМАНГЕЛДІ, Қостанай қаласы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Ағартушы ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды