Еңбегімен көпке танылды

Қостанай таңы, 2019 ж., 16 қаңтар (№ 7), Б. 12.

БИБІГҮЛ ӨТЕГЕНОВА - БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Еліміздегі байырғы оқу орындарының бірі – өткен жылы қазақтың ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті екендігі белгілі.

Үстіміздегі жылы білім ордасына 80 жыл толады. Қазір онда көптеген өз саласын жетік білетін білікті ғалымдар мен оқытушылар еңбек етіп келеді.

Солардың арасында педагоги­ка кафедрасының менгерушісі, профессор, ғылым кандидаты Бибігүл Мазанқызы Өтегенованың орны бөлек.

Талай ұстаздардың тәлімгері атанған тұлға жақында үлкен қуанышқа бөленді. Университетке Елордамыз Астанадан қуанышты хабар жетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқауда "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мәртебелі атағына ие болды.

Ол мұндай құрметке өзінің тынымсыз ізденісі, еңбекқорлығының арқасында бөленді.

Сондай-ак, аталмыш жоғары оқу орнынын білікті маманы Вик­тория Данилова да осындай жетістікке қол жеткізді.

Біз Бибігүл Мазанқызы Өгегеноваға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, қызметінде шығармашылық табыс тілейміз.

О. Отынбайұлы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Еңбегімен көпке танылды