Тұлғаға тас тұғыр орнатылды

Наш Костанай, 2019 год, 21 мая (№ 39), Б. 8.| Тағызым

Биыл Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік педагогикалық университеті үшін ерекше жыл

Ордалы оқу орынға көрнекті ғалым-математик, ҚР Ғылым академиясының академигі, радиациялық трансферия теориясы саласындағы қазақстандық ғылыми мектебінің негізін қалаушы Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның есімі берілген болатын. Енді міне, академикке арналып университет алаңынан тас тұғыр тұрғызылып, сонымен қатар ғалым атынадағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев, ҚР Парламент сенатының депутаты, Қазақстан математикалық қоғамының президенті, Түркі әлемінің математикалық қоғамының президенті Бақытжан Тұрсынұлы Жұмагұлов және ғалымның жары мен туыстары, замандастары, зиялы қауым өкілдері мен оқы-тушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатынасты.

Радиациялық тасымалдаудың кинетикалық теориясындағы көп өлшемді мәсе-лелердің айырымдық сызбаларын құру және дәлелдеу әдістерін қоса алғанда, Больцман тендеуі мен есептеу математикасының сызықты емес модельдерінің математикалық теориясындағы зерттеулердің нәтижелері, плазма теориясын, шығарылған газдардың динамикасында, сәуле беру теориясы және өзге гылыми жұмыстары үшін Ө. Сұл-танғазин КСРО Мемлекеттік сыйлығына, Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Чехословакия Ғылым академиясының сыйлығына ие болды.

Жиында бірінші болып сөз алған Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев қостанайлық жерлестерімен қауышқанына қуанышты екендігін жеткізді.

– Өмірзақ Махмұтұлы Қазақстандық ғалымдардың ішінен күллі әлем таныған академиктердің бірі де, бірегейі. АШҚ құрама штаттарында, Үлыбритания, Франция, Япония және өзге шет елдерде дәріс оқып, қызмет жасады. Ғылым мектептерінің негізін қалады. Сол себепті де біз онымен мақтанамыз.

Математика ғылымында ғалымдарды өздерін еңбегіне қарай нөмірлеп қояды екен бірінші, екінші... дегендей. Соның ең біріншісі бүкіл әлем мойындаған ғалым, француз академиясының президенті математик Жак Леонис еңбегін жоғары бағалап, хат жазған. «Мен сіздің ғылыми жұмыстарыңызды өте жоғары бағалаймын. Сіздің Больцман теңдеулері туралы классикалық теңдеулеріңізді аса қызыға оқығаным әлі есімде. Жаңасібірде, Мәскеуде, Парижде кездесіп сіздің дәрістеріңізді қызыға тыңдағанымды ұмытпаймын. Франция акдаемиясымен барлық француз әріптестердің атынан сізге деген шын жұректен шыққан сәлемімді жолдаймын», – делінген хатын Кенжегали Әбенұлы өзінің шағын кітапшасынан оқып берді.

Жиынға арнайы қатысып отырған ҚР Парламснт сенатының депутаты, Білім және ғылым министрлігінің экс-министрі, Қазақстан математикалық қоғамының президенті, Түркі әлемінің математикалық қоғамының президенті, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы да өз лебізін білдірді.

– Оқу орынға 80 жыл толуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Ең бірінші еліміз үшін жақсы маман дайындап шығуларыңызға тілектеспін. Бюстің ашылу салтанатына қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл өте маңызды сәт. Мен Өмірзақ Махмұтұлын қырық бес жылдай уақыт бойына білемін. Ол кісінің студенті болдым, дәрістерін тыңдадым. Ол ғылымның барлық сатыларынан өтті. Әрқайсымызға қолдау білдірді. Кенжеғали Әбенұлы айтып отырған Жак Леонис Жаңасібірге ұшып келген де, бірден Өмірзақ Махмұтұлын іздеген. «Мен оның жұмыстарымен жақсы таныспын, енді өзімен жақын танысқым келеді» дегеніне өзім куә болдым, – деді Бақытжан Тұрсынұлы.

Ескерткіш-бюстің ашылу шарасынан соң, университет ішінен арнайы беріліп отырған дәрісхананың керме жібін қию рәсімі өтті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Тұлғаға тас тұғыр орнатылды