Жеңіспен оралды

Наш Костанай, 2019 г., 1 мая (№ 33-34), С. 7. | Білім

«Химия» мамандығының студенттері мен түлектері әрдайым біліктіліктерін танытып жүр

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Химия» мамандығының студенттер командасы Қарағанды қаласында өткен XI химиядан Республикалық студенттердің олимпиадасында 1 орынды жеңіп алды.

Команда құрамында 3 курс студенттері Т. Жиенбаев, И. Чапаксин және 2 курс студенті С. Жаналинова болды. Жекелікте Т. Жиенбаев эксперименттік турдың есебіндегі 36 балдан 32 балл жиған 14 жоғары оқу орнынан келген 42 студенттің ішіндегі екі студенттің бірі болып, жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, 3 орынды иеленді.

Команда жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ-дің қауымдастырылған профессоры О. Чернявская да осы оқу орнының 1986 жылғы түлегі болатын. Химия мамандығының түлектері де әр салада өздерін биіктен көрсетуде. «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» Н. Утеулина 23 жыл мектеп директоры қызметін атқарса, жас мектеп директоры Ю. Генрих те өз ісінің маманы. Дарын мектебіндегі Қ. Жұмағұлованың, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі Г. Антаева, Б. Жаилгановалардың да «ҚР ғылым және білім министрлігінен» алған марапаттары жеткілікті.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқушылары Мәскеу сияқты қалалардан жүлделі орындарға ие болған К. Нұғыманова, О. Воропаева сияқты мұғалімдер де баршылық. Нұр-Сұлтанда Назарбаев зияткерлік мектебінде аға менеджер Л. Алтынбаева, Қостанайдағы зияткерлік мектепте Р. Бекбулатов, Ю. Кунаева, Д. Паращенко, Н. Науменко, Г. Кинжекеева, Е. Мұхтарұлы, Н. Тулубаев, Қ. Нұрсүлтанова, Н. Қүдайбергеновтар да «химия» мамандығының түлектері. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Е. Смышляева «Қостанай облысының кәсіподақ орталығының» терағасы қызметін атқаруда.

Өндірістік салаларда, химиялық лабораторияларда да түлектер жоғары санатта. А. Байгенжина «Варваринск» алтын-мыс кен орнында химиялық-технологиялық сынақ лабораториясының бастығы, В. Чашков «СарыарқаАвтоПром» бірлестігінде басты метролог, әрі ҚМПУ да ағылшын тілінде химия курстарын жүргізеді, Т. Кобец «Комаров кен өндірісінде» инженер-методист, А. Шарафиденова Қостанайдағы сотсараптамалық институт филиалының химия-токсикологиялық бөлімінің меңгерушісі, Н. Радченко Қазгидрометтің Қостанайдағы филиалындағы сынақ лабораториясының бастығы.

А. Букеева химия ғылымдарының кандидаты (х.ғ.к.) С. Сейфуллин атындағы Қаз АТУ-да доцент, А. Махмутова х.ғ.к, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде доцент. И. Бейшова «ҚР Тұңғыш Президенті қорының мемлекеттік сыйлыгының лауреаты», ғылыми жобалары жаңашылдығы, тереңдігімен, 2013-2018 жылдар аралығында 7 мемлекеттік грантпен қаржыландырылды, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры. М. Ибраев химия ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация қорғалды. 2011 ж. Германияның Sргіngег баспа компаниясының «Самый цитируемый молодой ученый РК» атағына ие болды.

Қазіргі уақытта Э. Ергалиева Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-да, С. Дарибаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ЕҰУ) докторантурада білімдерін жалғастыруда.

Е. Байкенов химия магистрі ЕҰУ-да, ал химия магистрі М. Губенко мен педаго-гика магистрі Ш. Тауакелов өздерінің оқу орнында ҚМПУ-да сабақ береді.

Б. ЖҰМАҒАЛИЕВА, химия гылымдарының
кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындагы ҚМПУ профессоры

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Жеңіспен оралды