Ғалымға ескерткіш орнатылды

EGEMEN QAZAQSTAN, 2019 ЖЫЛ, 29 мамыр (№ 100), Б. 12.| ТАҒЗЫМ

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне өткен жылы академик Өмірзак Сұлтанғазиннің есімі берілгеи еді. Енді білім ордасының алдына әлемдік деңгейдегі ірі ғалымнын ескерткіш мүсіні орнатылды. Оның ашылу салтанатына қостанайлықтармен қатар академик Кенжеғали Сағадиев, сенатор Бақытжан Жұмағұлов және ғалымнын жұбайы Райхан Ғаниқызы, балалары, немерелері қатысты.

– Академик Өмірзақ Сұлтанғазинді дүние жүзіндегі ғылыми қоғамдастықтардың білмейтіні кемде-кем. Оның еңбектерін әлемнің әйгілі математиктері жоғары бағалады. Қостанай топырағынан түлеген перзентгің математика ғылымына қосқан жаңалықтары көп-ақ, соның ең ірілерінің бірі осы ғылымдағы өзекті проблема – «Больцманның теориясына» қосқан үлесі. Шетелдік жетекші ғалым-математиктер «Сұлтанғазин бағыты» деп, Өмекең ашқан бұл жаңалыққа арнайы айдар тақты, осы еңбекке сілтеме жасап отырады. Қостанай жеріндегі кішкентай Қараоба ауылында туып, ержеткен ғалым әлемнің көптеген елдеріндегі университеттерде өзінің ғылыми мектебін құрды. Бұл – ұлттың мақтанышы, – деді Кенжеғали Әбенұлы.

Өмірзақ Сұлтанғазин өмірінің соңғы 15-20 жылында ғарыш әлемін зерттеді. Соның негізінде елімізде Ғарыштық зерттеулер институты құрылды. Ғалым еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және Талғат Мұсабаевтың ұшу бағдарламасын жасады. Олардың бағдарламалық атқарған жұмысы дүниежүзілік ғалымдар арасында жоғары бағаланды.

Өз есімін иеленген білім ордасынан білімге сусындаған жас ұрпаққа алдағы күнге деген сеніммен күлімсірей қарап отырған Өмірзақ Махмұтұлының мүсінін белгілі мүсінші Қайрат Сұраншы сомдады.

Ғалымның мүсіні Қостанай қаласының көркіне көрік қосатын ескерткіштер қатарынан орын алып қана қоймайды, еңбекқорлық пен адамгершілікті, зиялылықты, отаңды сүюді білім қуған жастар мен жалпы жұртшылықтың есіне сәт сайын салып тұрғаңдай әсер береді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ 
ҚОСТАНАЙ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Ғалымға ескерткіш орнатылды