Тұла бойы намыстан жаралған

Наш Костанай, 2016 г., 22 ноября (№ 93), Б. 7. | ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯ ЖОЛЫНДА

Ахметов Т.А.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, белгілі ғалым Тілеген Ахметов жөнінде

Өмір деген өте жылдам екен. Өйткені, сонау бір жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университет! қабырғасында оқып жүргенде танысып, кейін ғұмырлық досқан айналған Тілеген Әлмуханұлы Ахметовтің «Алпыс тал түс» демекші, осынау мерейлі жасқа келгенін білмей де қалыппыз.

АЛАҢСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Алайда, үйдегі жан-жарының күтімі ерекше ме, әлде өзінің қайсарлығы мен салауатты өмір салтын ұстанатындығынан ба, шындығы керек, оны алпысқа келді деп еш ойламайсыз. Шашы сол бұрынғы тепсе темір үзетін қайран 25-тегі шағын-дағыдай қап-қара, тіп-тік.

Иә, ол ұзақ жылдар бойы Алатаудың баурайындағы жоғарыда аталған әсем қалада ғұмыр кешті. Өзінің балалық шағының ізі қалған Қостанай өңіріне табан тіреп, жауапты қызмет атқарып жатқандығына да көп уақыт өте қойган жоқ. Сондықтан ізін басып келе жатқан іні-қарындастары білсін деген ең ізгі ниетпен замандасымыздың өткен кезеңдеріне қысқаша шолу жасап өткенді жөн көрдім.
Оның дүниеге келуі әкесі Әлмұхан мен анасы Сәулима үшін үлкен бір ерекше қуаныш болды. Бұл 1956 жылдың қараша айы еді. Қазақ ұл баланы ерекше құрмет тұтады. Себебі, ол ұрпақ жалғастырушы болып есептеледі.
Содан оның кәдімгі балалык шағы Қостанай облысынын Меңдікара ауданына қарасты Қаратал кеншарындағы Төлеңгіт деп аталатын ауылда өтті. Мұнда негізінен өзіміздің қаракөз бауырларымыз тұратын.
Әке-шешесі замандастарының арасында өте сыйлы-тын. Әлекең жас ұрпаққа тиянақты білім беретін ұстаздық қызметті атқарды. Елді мекендегі талай ұл мен қыздардын жастайынан өз қатарынан қалмай азамат болып қалыптасуына көп үлесін қосты.
Жалпы, осы ауылды қостанайлықтар «Ұстаздар мекені» деп босқа айтпайды. Жалғыз осы Төлеңгіттен 100-ден астам мұғалім шығыпты. Бұған бір жағы сол кездегі ұстазға деген құрметтің ерекшелігі де әсер еткен болуы керек. Себебі, мұғалімдер де сондай сыйға әбден лайықты-тын. Олардың жүрген жүрісі, сөйлеген сөздері, киген киімінің өзі кейінгілерге ұлағат еді.
Осы арада тағы да бір тоқтала кетер жай, Меңдіқара ауданының орталығындағы атақты педагогикалық училищені кім білмейді? Кейін ол Рудный шаһарына көшірілді- Әлгі аталған оқу орнынан қаншама қазақ елін әлемге танытқан көрнекті тұлгалар түлеп ұшты
Әлмұхан ағаның бойында нағыз әскериге тән қасиет те бар-ды. Өйткені, кезінде Волга өзенінің бойындағы Энгельс қаласында әскери қызметте болды. Сонда бірге жүрген құрдастарының қатарында Алексей Саламахин де бар еді. Ол кейін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары атанды.
Екі дос ғұмыр бойы сыйласты. Әкесінің тағы бір ерекшелігі өте ақкөңіл, жұмсақ мінезді болатын. Ешқашан да біреуге қиянат жасаған емес. Бос уақытында балық аулайтын, әрі аңшылықпен шұғылданатын.
Ахметовтер әулетінде екі бала өсті. Тұңгышы Тілеген болса, өзінен кейінгі қарын-дасы Гүлбаршын да кішкентайынан қазақ қызына тән ақылдылық пен парасаттылықты бойына сіңірді. Бұл күндері Алматы қаласында ғұмыр кешіп жатыр.
Ал, үйдің ырыс-берекесін келтірген Сәулима апамыз шындықты бетке айтатын, бір сөзді адам. Қазіргі таңда ол облыс орталығында тұрады. Ауылда ғұмыр кешкендіктен бе, әлі күнге дейін үйде қарап отырғанды жаны сүймейді. Шөбересі Әлисұлтанға мейірім-шапағатын төгіп отыр.
Тілеген Әлмұханұлы қазақтың дәстүрі бойынша атасы Ахмет пен әжесі Айшаның бауырында өсті. Кішкентай кезінде тілі келмегендіктен анасын «Сәума» дейді екен. Бірақ, ешқашан да еркелікке салынған емес. Нағашылары да текті жердің ұрпақтары.
Ата-әжесі дүниеден өткен соң өзге балалар секілді ата-анасының қамқорлығына бөленді. Ауылда жерде тұрған соң әке-шешесіне қолғабысын тигізді. Малсақ бала болып қалыптасты. Отын да жарды, солтүстіктің небір аязды күндері үйге су да тасыды. Мұның бәрі де оған кішкентайынан өмірлік мектеп болды.
Сабақты да үздік оқыды. Жетінші сыныптан бастап, Қостанайдағы сол уақыттағы жалғыз мемлекеттік тілде білім беретін ұлы ұстаздың өзі ашқан Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-интернатқа қабылданды. Мұнда да сабақ үлгірімімен, үлгілі тәртібімен көзге түсті.

АЛМАТЫДАҒЫ ӨТКЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЖЫЛДАР

Уақыт зырылдап өтіп жатты. Ол 1973 жылы Қостанай шаһарындагы жоғарыда аталған орта мектепті үздіктердің қатарында тәмамдады. Содан ол көп ойланып жатпады. Сол шақтағы дарынды бозбалалардың бірі ретінде сонау Алматы шаһа-рындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне студент болып қабылданды.
Әрине, бұл шақта аталған жоғары оқу орны еліміздегі таңдаулы білім ордасы болатын. Оған кіл сен тұр, мен атайын дейтіндей жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар алғыр жігіттер мен бойжеткендер түсетін. Тілеген де солардың алдынғы қатарында жүрді. Сол уақыттағы университет ректоры, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірбек Жолдасбековтың назарына ілінген жігерлі жастардың қатарында еді.
Жоғары оқу орнының басшысы бұған үлкен сенім артты. Өйткені, оның алдында да қоғамдык жұмыстарда өзінің қайтпас қайсарлығымен, айрықша ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен-ді. Сондықтан ол студенттердің жедел комсомол жасағының командирі атанды.
Сөйтіп, еліміздегі мандай алды университеттегі білім алып жатқан жастардың арасында қоғамдык тәртіпті сақтауға өзінің айрықша үлесін қосты. Өз басым алғаш рет оны сол кезде жатақханада көрген едім.
Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің көрегенділігі де ерекше-тін. Келешегі жарқын, өзіндік көзқарасы бар, талапты жастарды университетте қалдыруға ты-рысатын. Тілегенді де қолына диплом алған соң жоғары оқу орнының кәсіподақ комитеті төрагасының орынбасары қызметіне тағайындалуына себепкер болды.
Оның студенттік қалашықтың директоры болып қызмет атқарганын да қатар-ластары мен замандастары ұмыта қойған жоқ.
Содан кейін ол университеттің аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. Ол мұнда педагогика саласын таңдады. Бертін студенттерге педагогика және этнопси-хологиядан дәріс берді. Оның бұл саланы таңдауына педагогика және психология ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев тікелей ықпалын тигізді. Бұл ұлтжанды әрі Отанын шексіз сүйетін азамат қазір де осы жоғары оқу орнының профессоры, Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер.
Сол жылдары Тілеген Әлмұханұлы ғылымга да ден қойды. Орта ғасырлық ғұла-малардың педагогикалық көзқарастарын зерттеуге айрықша назар аударды. 2003 жылы «Жүсіп Баласағұнидің педагогикалық идеялары» деп аталатын тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады.

Анықтама

Тілеген Ахметов әрдайым Бұқар жырау бабамыздың:
Қалатұғын сай үшін,
Өлетұғын тай үшін
Қылмандар ұрыс, ерегес, - деген ұлағатты сөздерін әрдайым пір тұтады. Өмірлік қағида ретінде ұстанады. Мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырда адам баласы бір-бірімен тек қана сыйласса, артық қылыққа бармай қадірлеріне жетсе деген ой түйеді.

Ізденімпаз ғалымның докторлық диссертациясы да дайын. Ол біраз жылдар бойы педагогика саласында аға оқытушы болып жұмыс істсгеннен кейін қазақтың белгілі ғалымы, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаевтың ұсынысы-мен 2004 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие және әлеуметтік экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры болып Қостанайға біржола келді.
Міне, содан бері де арада 12 жылдың жүзі болыпты. Ол студенттердің алаңсыз білім алуына қолдан келгенше қамқорлық жасап келеді. «Жетім көрсен, жебей жүр» демекші, ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер мен күн көрісі төмен отбасы-ларының ұл мен қыздарына үнемі жүрек жылуын төгуге тырысады.
Жастардың екінші үйі болып табылатын жатақхананың қазіргі уақыт талабына сай болуына да көп көңіл бөледі. Айта берсек, оның жоғары оқу орнындағы ізгі мақсаттағы атқарып жатқан жұмыстары жетерлік.
Осы кезге дейін қаншама жас мамандар мен студенттер іздеп жүріп оқитын құнды ғылыми еңбектер жазды. Олардын қатарында «Жүсіп Баласағұни тағылымы», «Тілеген терген тәмсілдер» деп аталатын құнды дүниелері бар.
Сонымен қатар есімі елімізге белгілі тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Тамара Әлібек және өзі бірігіп жазған «Түркі руханияты» деп аталатын еңбек те көпшілік тарапынан өзінің лайықты бағасын алды.
Өткен жыл кейіпкеріміз үшін жемісті әрі есте қаларлықтай болды. Ол «Ұлы дала ғұламаларынын рухани-а-дамгершілік құндылықтары (VI-XX ғғ.)» деп аталатын монографиясы үшін Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» деп аталатын сыйлығына ие болды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты 2007 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталып, көп өтпей доцент ғылыми атағын иеленген-ді. Қауымдастырылған профессор дәрежесін алғанын да бірге қызмет атқарып жүрген әріптестері мен замандастары жақсы біледі.

ТІЛЕКЕҢНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Ол қашан да ізденістің адамы. Өкінішке орай бос уақыты бола бермейді. Күндіз негізгі қызметін атқарса, қалған кездерде ғылыми жұмыспен айналасыды. Жоғарыда аталған диссертацияны қоpғay алдында қаншама кітапты көз майын тауыса оқып, өзі де кемелденді.
Жалпы, ғылымның онымен шындап айналысқан адамды жан-жақты рухани жағынан өсіретіндігін өзімен сұхбат барысында ерекше атап өтті. Ол әрдайым Бұқар жырау бабамыздың:
Қалатұғын сай үшін,
Өлетұғын тай үшін
Қылмандар ұрыс, ерегес, - деген ұлағатты сөздерін әрдайым пір тұтады. Өмірлік қағида ретінде ұстанады. Мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырда адам баласы бір-бірімен тек қана сыйласса, артық қылыққа бармай қадірлеріне жетсе деген ой түйеді.
Мінезі күндей ашық-жарқын, көпшіл болғандықтан ба, араласатын достары да өте көп. Олармен әлі күнге дейін қарым-қатынасын үзген емес. Тіршіліктегі той-думан, мерейтойларда жүздесіп, ақар-шақар болып жатады.
Ол үшін Алматыда өткен студенттік жылдардың жөні бөлек. Себебі, жастық шақтағы қара нанды бірге бөліп жескен қимас достары генерал Нағашыбай Атшабаров, полковниктері Серікбай Түлкібаев және Назымбек Ғалымов, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхтар Құл-Мұхамед, Серікбай Нұргисаев, дарынды қаламгер, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жұмабек Кенжалиндерді әрдайым мақтаныш тұтады.
Адам баласының өмірінде балалық шақтың да жөні бөлек. Тай құлындай тебісіп, бірге өскен достары Нұрлан Қабдрахметов, Бекежан Көшмырзин, Талғат Мамановтар-мен де жиі жүздесіп тұрады.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Тілеген Әлмұханұлы бір шаңырақтың тірегі, Ғұмырлық серігі Вакиля Қаратайқызы да Қостанай облысының тумасы. Ол білікті педагог.
Алматыда ұзақ жылдар бойы үлкен балабақшаларды басқарды. Екеуі ұл мен қыздарына, немерелеріне тағылымды тәрбие беріп жатыр.
Нұрлан Қабдрахметов – жан досы, отставкадағы полковник:
- Тілеген Әлмұханұлы Ахметов елімізге белгілі азамат. Ғылымда да өзінің айқын қолтаңбасы бар. Жақында мерейлі алпыс жасқа толғалы отыр. Ол бұл асуға үлкен абыроймен жетті.
Оның қызметтегі беделін айтпағанның өзінде, адам-гершілік қырлары кейінгі інілеріне өнеге. Жастық шағымыз Төлеңгіт ауылында бірге өтті. Осындай қимас досым барын өзім мәртебе тұтамын. Әлі күнге дейін сыйласып, мынау жалған дүниедегі барлық қуаныштарды бірге бөлісіп келеміз.
Ол бет-бейнесі, түрі қатал көрінгенімен, оның жүреге жұмсақ. Бірденеге қолы жетсе мастанбайды. Ешқашан да дүние қуған емес. Ағайын-туысқанга мейірімді де қайырымды. Шіркін, қазақ жігіттерінің бәрі осындай болса екен.
Оразалы ЖАҚСАНОВ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Тұла бойы намыстан жаралған