Қағыс естуден кеткен қателер
Қостанай таңы, 2016 ж., 15 қаңтар (№ 4), С. 6 - 7.
Қағыс естуден мағынасы мүлде өзгеріп, қазір де дұрыс айтылмай, жазылмай жүрген сөздеріміз жетерлік. Мәселен, «Таз ашуын тырнадан алады» деген мақал бар. «Ит ашуын тырнадан алады» деп те жазып жұр. Бұл мақалдың дұрысы - Таз ашуын тырнаудан (Қасудан - С.О.) алады.
Бел құда (Бала әлі ана құрсағына бітпей тұрып, құда боламыз деп уәделесу), Бесік құда (Бала бесікте жатқанда айттыру, құда болу), Бал уыз құда (Жаңа-уыз) жаныңа жақын құда. Біздің қазір «Бауыздау құда» деп жүргеніміз осы «Бал уыз құда» деп ойлаймыз. Тіпті солай болмаған күнде де «Бауыздау құда» дегеннен жақсы ғой. Қыз алып, қыз берісу - жаныңның жартысын бөліп берумен бір, қан алмасу. Сондықтан да қазақ құда дегенге «анда» деген сөзді қосып «Құдандалы елміз», «Құдандалымыз» дейді. Мұны Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Нәсілі бір болмаса да екі түрік ағайын болғысы келсе, бір жерін қа-натып, қандарын сүтке яки қымызға қосып бөліп ішеді де «қаны қосылған қарындас болдық» дейді.
Біздің қазақтың «құда-анда» дегендегі «андасы» осы сөз» [«Түрік-Қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», 1911. - 13 б.] деп, кезінде халыққа түсіндіріп жазып кеткен. Осы сиякты, жәрекмалда - Алла жарылқасын, ойпырмай-ой, пірім-ай, малдасоқынып отыру - молды сияқтанып отыру.
«Қазақ әндері» мәтіндері жинақтарында жазылып, күнде өзіміз тыңдап, айтып та жүрген «Илигай» әнінің аты мағынасыз. Бұл дұрысында «Еңілік-ай» - Сегіз Сері Бахрамұлының әні:
...Шақырған соң жаныңа келіп тұрмын,
Екі етпейін сөзіңді дедім, құрбым.
Достық жайда сен тұрсаң, Еңлікжан,
Ұмытпасқа уағда беріп тұрмын...
Таудағы ерке бөкенсің, бейне елік,
Қарындас деп жүрейін сені, Еңілік.
Біз сияқты қорғайтын ағаң барда,
Жылап жүрме, жан қалқа, босқа егіліп...
Бас-аяғы 6 шумақ бұл өлең 1985 жылы жарық көрген «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» [Алматы, 1985. - 132-135 б.б.] жинағындағы Сегіз серінің «Еңілік-ай» деген әнінің мәтіні.
Ал «Қайнар» баспасынан 1988 жылы жарық көрген «Ауыл кеші көңілді» деп ата-латын ән жинағында «Еңілік-ай» - «Илигай» болып халық әндері қатарында жүр:
Кел деп едің Илигай, келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.
Сертке тұрсаң, мен сендік, жаным құрбан,
Сырым осы, сертімді беріп тұрмын.
Илигай деп атынды қойдым таңдап,
Әнге қостым атыңды әдейі арнап.
Еркін таудың еркесі елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ.
Бас-аяғы осы екі шумақ, сөздері біраз өзгерген, қысқарған. Бірақ, Сегіз серінің шығарған нұсқасынан әлдеқайда темен.
Осы секілді, халық әні - «Дайдидау» /аты түсініксіз, мағынасыз/ Дұрысы - «Ай дейді-ау». Ақ жүзінді ай дейді-ай. Мәтіннің ішінде де «Жүзің бар он төртінші айдай көркем» деп тұр.
Халық әні «Бір баланы» білмейтін қазақ кемде-кем щығар? Бұл әннің аты - «Бір бала» емес, «Бір ғана». Оны кезінде қазақ әндерінің білгірі Күләнда Бөкешова да газет бетінде айтқан болатын. Шындығында да «Ән салшы бір бала» дегеннен гөрі «Ән салшы бір ғана» деген түсінікті де мағыналы емес пе?!
Халық әні «Ідігайдың» да тақырыбы мағынасыз. («Қазақ әндері». Құрастырғандар К. Сегізбаев, И. Хасенұлы. Алматы «Атамұра» 2014, - 240 б.). Бұл да қағыс естуден кеткен қателік болуы мүмкін. Ән өлеңіндегі «Жүруші ем жас күнімде асау тайдай, Қартайып енді менің сағым сынды» деген тармақтарына қарағанда, дұрысы «Едік-ай» сияқты. Себебі «Жүруші ем жас күнімде асау тайдай» деуінің өзі «Кезінде керемет едік» дегені емес пе? Сондықтан да дұрысы:
Ой, едік-ай, Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім-ай-ау, - деп ойлаймыз.
Қазір ән мәтіндерінің жинағы баршылық, жыл сайын шығып жатыр. Алайда кейбір әншілеріміз сол шыққан жинақтардағы ән мәтіндерін алып жаттамай, басқа біреулердің айтып жүрген нұсқасын пайдаланады. Қағыс естуден кеткен қателердің әлі де жалғасып келе жатқанының себебі сол. Мәселен, Ш. Қалдаяқов пен Ғ. Қайырбековтің бүкіл қазаққа танымал «Ана туралы жырындағы»:
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын, - деген жолдарды кейбір орындаушылар «Көгілдір көктемдей көзіңнен танимын» деп айтып жүр. Сол сияқты А. Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнінің
Еске алу Көктөбені
Жаныма от береді, - деген тармақтарын «Еске алсам Көктөбені» деп бұрып алған. Жалпы мұндай етістікке жалғанған тәуелдік жалғауын өлеңде қолданбаған абзал, әсіресе ән мәтінінде!
Көптеген сөздерге мән бермей, қалай болса, солай кез келген жерде ренжісек те, әзілдессек те қолдана береміз. Мәселен, зілсіз «әтеңелет» дей саламыз. Ал бұл қарғыстың ең үлкен түрі - «атаңа лағнет» деген сөз екенін ескере бермейміз. Осы сияқты ер балаға да қыз балаға да «тентек» деудің орнына «бұзық» дейміз. «Тентек» пен «бұзықтың» арасы жер мен көктей. Тентек - ерке, шолың бала да, «бұзық» - бұзылған, жаман жолға түскен «бұзақы». Сондықтан да, әсіресе, қыз балаға бұзық деу ерсі.
Кейбір еңбектерде Шақшақ Жәнібекпен қатар Шақшақ Бөкенбай деген батырдың да аты аталады. Алайда Арғын Шақшақтың алты баласы - Бақай, Көшей, Дүзей, Ақназар, Есназар, Томайда да, олардан тарайтын ұрпақтардың ішінде де Шақшақ Бөкенбай жоқ. Сөйтсек, бұл Ақшаұлы Бөгенбай болып шықты. Орынбордағы Шекара комиссиясының құжаттарын жүргізуші писарлар Ақшаұлы Бөгенбай дегенді естілуіне (Шақшақ - Ақша) орай Шақшақ Бөгенбай деп жаза берген.
1938 жылғы күздегі Ресеймен одақтасуға келісім берген қазақ батырларының тізбесінде де Бөгенбай Шақшақұлы деп жазылыпты. «Қазақ батырлары» газетінің алғашқы нөмерінде академик Р. Сүлейменов пен жазушы А. Сатаев Шақшақ Бө-генбайдың Ақшаұлы екендігін дәлелдеп берді.
«Айман-Шолпан» дегендегі Айман - Аймен. Яғни, «Ай мен Шолпан», Күн мен Ай, Жұлдыз бен Ай деген сияқты. Ыбырай Алтынсариннің анасы, Шеген қызы жайында ертеректе жазылған (Кеңес дәуіріне дейін) құжаттарда Аймен деп көрсетілген.
Білмеуден кеткен қателер
Оңтүстік облыстарда қызды бала демейді, «бала» ұл деген мағынада қолданылады. Сондыктан да болар:
«Қыз - қуыршақ», - дейді,
Бала - құлыншақ», - дейді [Қазақ мақал-мәтелдері. - Алматы: - 132-133 б].
«Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге», - [Сонда] деген сиякты мақалдар бар.
Ұл да, қыз да - бала. Сол себепті «Қыз - қуыршақ», - дейді, «Ұл - құлыншақ» дейді, - «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» болуы керек.
«Қай жердің тілі таза, әдеби тілге жақын» деген талас журналистер арасында жиі болып тұрады. Бұған жауап - қай жерде туысқан халықтар /тілдері ұқсас/ қатар /көрші/ тұрмайды, сол жердің тілі таза деп жауап беруге болады. Өйткені туыстас тіл бір-біріне тез еніп, сіңіп кетеді де, туыс емес тілдердің бір-біріне кіріп, сіңіп кетуі қиын.
Көптеген сөздер табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарларды, олардың іс-әрекетін, түрлерін, тіршілігін білмеуден қате жазылып жүр.
Кәдімгі шортанның өзінің бірнеше атауы бар. Бірақ әр жерде әр түрлі. Тек соларды жинап, бір ізге түсіру керек. Алғаш ұрығын /икрасын/ кілегей, одан қылтиып есе бастағанда қылаңбас немесе қылтан, одан балыққа айнала бастағанда қылағай, одан сәл өскенде шорағай, одан сәл жетілгенде балтасап, әбден өсіп-жетілгенінде шортан, саршолақ деп атайды.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (-Алматы: 1986. 10 т. 258 б.) «Шорағай - тайыз суларда мекен ететін шортан тұқымдас кішкентай балық» деген анықтама бар. Шорағай шортанның баласы ғой. Осы түсіндірме сөздікте «Саршұнақ - түсі қоңыр, сары тышқан» делінген. Сонда саршұнақтың түсі қандай болғаны, қоңыр ма, әлде сары ма?!
«Қайнар» баспасынан 1985 жылы жарық көрген «Іле Алатауы» деп аталатын кітаптың 112 бетінде бүркітке «Дәу, қайратты, сұлу жыртқыш құс». Аталығының/ қыран/салмағы 4.1 килограмм, ұябасарының салмағы 6.8 килограмға дейін...» деп анықтама береді.
1984 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан Мағиза Шаймерденованың «Зоологиялық қазақша-орысша» сөздігінде қыранды «степной орел» деп аударыпты.
Біріншіден, бүркіттің еркегінің бәрін қазақ қыран деп атай бермейді. Бүркіттің еркегін шәулісі дейді. Екіншіден, қыран «степной орел» емес, «степной орел - дала бүркіті.
Бүркіттің еркегіне қарағанда ұябасары ірі болады. Сондықтан да еркегін - шәулісі /кішкенесі/ деп атап кеткен. Жалпы шәулі - қыран құстардың ұсақ түрлері. Шәулі қырандарға - қаршыға, тұнжыр, тұйғын, қырғи, сұңқар, жағалтай, тұрымтай, бидайық жатады. Қыран деген құс жоқ. Қыран - осылардың өзінің қасиетімен, қайтпас қайсарлығымен, қырағылығымен, алғырлығымен танылғаны. Әйтпесе, қозықұмай сияқты аңға түспей, өлексе жейтін дәу бүркіттер толып жатыр. Ал, сұңқар, қырғи, тұрымтай, жағалтайлардың /шәулілер/ денесі шағын болғанмен, алғыр, қырағы, ұшқыр, тегеурінді.
Бүркіттің төрт саусағы болады. Бас бармағы - тегеурін, сұқ қолы-сығым, ортан қолы - жембасар, кішкенесі - шенгел деп аталады. Бас бармағыңыз болмаса ештеңені мықтап ұстай алмайсыз. Сол сияқты бүркіт те тегеуріні сынса, жемін тауып жей алмай қалады. Тегеурін - ең мықтысы. Тегеурінді деген сөз осыдан шыққандығына күмән жоқ.
«Елп ете қалды», «елпендеген жігіт», «елпең-елпең жүгірген, ебелек отқа семірген» деген сөздердегі еліб қайдан шыққан?
Құстың қанаты қауырсындардан тұратынын бәріміз білеміз. Сол қауырсынның денеге кіріп тұрған шетін - көбі жағы, қарама-қарсы ұшын-жебе жағы дейді. Садақ оғының жебе аталуы осыдан. Ал қауырсынның екі жағына шыққан /жебесінің/ түк талшықтарды еліб деп атайды екен. Елібте мүлде салмақ болмайды ғой. «Ел-пілдеу» осыдан алынған, түбірі - еліб.
Шеңгелдеу деген сөз де шеңгелден шыққанын байқау қиын емес. Тегеурін мен шеңгелдің арасы да - шеңгел. Шеңгелі де үлкен құс - алып құсқа саналады. Тасбақаны кез келген құс іліп кете алмайды. Оны шеңгелі жеткені ғана көтеріп әкетіп, биіктен жерге тастап жібереді. Қабығы быт-шыт болған тасбақаны жеу оңай екені кім-кімге де түсінікті.
Осы бүркітке байланысты шыққан сөздеріміздің өзі жетерлік. «Биік тауда, Марқакөлді қоршап жатқан жоталардың басында нағыз сұңқар, яки лашын ме-кендейді», - деп жазады «Қайнар» бас¬пасынан жарық көрген «Марқакөл» деген кітапта. - Оның дене бітімі әлеуетті: жалпақ жемсау тұсының бұлшық еттері қатты, қауырсыны көкшіл сұрғылт, қанаты ұзын, әрі жіңішке, табанының башайлары ұзын...»
Біріншіден, лашын сұңқар тектес құс болғанымен, сұңқар /сокол/ мен лашын /сапсан/ екеуі екі түрлі құс. Екіншіден, әлеуетті - күшті, қайратты деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да «дене бітімі әлеуетті» дәл емес, өз орнын дәл таппай тұр. Үшіншіден, «табанының башайлары ұзын» дейді. Башай табанда бола ма?! Бұл жер¬де табанды айтпай-ақ тұяктары деп жазса әлдеқайда ұғыныкты болар еді.
Құстың сұңқары, қыраны, жылқының тұлпары, жігіттің сұлтаны не екенін білеміз. Ал иттің сырттаны дегендегі «сырттан» не? Әрине, әр түрлі пікір болуы мұмкін. Бірақ бізше былай:
Ертеде солтүстікте иттің тұқымын асылдандыру мақсатымен оның қаншығын күйлеп жүрген кезінде орман ішіне апарып ағашқа байлап кететін болған. Күйлеген қаншыққа қасқыр тимей, қайта онымен шағылысқа түсіп, одан иттің жаңа тұқымы шыққан. Өзі күшті, өзі айбатты «сырттан» келген /пайда болған/итті сырттан атаған деп ойлаймыз.
Біз, қазақ халқы жақсылық жасаған кісіге ежелден бері рақмет дейміз. Сонда онсыз да рақымды болып, ізгілік істеген адамға алғыс айтудың орнына тілек білдіріп, тағы да рақым жаса, жақсылық істе деуі қалай?
Адам бойындағы ағзалар екіге бөлінеді екен. Бірі - қайырымдылық, екіншісі -зұлымдық. Кім қайырымдылықты көп жасаса, сол адамның денсаулығы мықты болатын көрінеді. Мұны қазір дәрігерлер жиі айтып жүр. Осыны данышпан бабаларымыз ертеден-ақ білгенге ұқсайды. Сондықтан да рақым жасасаң, денсаулығың мықты болады деген ниетпен рақмет дейтін болса керек.
«Қазақ тілінің, түсіндірме сөздігінде»: /А., «Ғылым», 1983, 286 б./ «Мырза - үстем тап өкілдері және оларды мадақтау жөніндегі лауазым» делінген. Шындығында да солай. Өйткені Орта Азияны Әмір Темір /1336-1405/ билеп тұрған заманда оның ұрпақтарын ұлықтау мақсатында сол кездегі ғылым, білім тілі - парсыша әмірзада деп атаған. Әмір-әмир, әмірші. Қазіргі араб эмираттары деп жүргеніміз сұлтандықтары, хандықтары деген сияқ¬ты - араб әмірліктері. Әмір - қазақ тілінде бұйрық, жарлық, үкім дегенге саяды. Бұйрық бермей-ақ қой дегенді кейде әмір бермей-ақ қой деп те айта береді. Зада -нәсілі, тұқымы жақсы адам дегенді білдіреді. /Ханзада, Бекзада деген секілді/.
Түркі тайпалары өз тілінің зандылықтарына орай әмірзада сөзінің екі жағындағы ды-
быстарды келе-келе «жұтып қойып» мырза дегенді ғана айтатын болған.
Дулат тайпасынан шыққан қазақ Геродоты атанған тарихшы ғұлама ғалым, ақын әрі мәмлегер/дипломат/ Мырза Мұхаммед Хайдари /1499-1551/ өзін Мырза Хайдар деп қысқаша атағанды қалаған. «Бірақ ол өзін әдетте қысқаша Мырза Хайдар деп атаса, Бабыр /1483-1530/ оны Хайдар Мырза деп көрсетеді» /Дербісалиев Ә. «Егемен Қазақстан», 15 наурыз, 1997/. Ал, Мырза Мұхаммед Хайдарға бабасының есімі беріліпті. Бұдан мырза сөзінің Әмір Темір заманында-ерте заманнан айтылып келе жатқанына көз жеткізе түсеміз.
Кейде дыбыс қуалап, сөзді дұрыс қолданбай, мағынасыздыққа ұрынамыз. Мәселен, «Толағай табыстарға қол жеткіздік» дегенді бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданатын болдық.
Бірінші, Толағай - зат есім. Толассыз соққан жел аты. Ақын Қуандық Шаңғыт-баевта
Толассыз соғып толағай,
Құлазып қалдым даладай.
Алдына байқап қарамай,
Іс еттің аңғал, балам-ай, - деген жол-дар бар.
Толағай - сын есім. Түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш деген мағынаны білдіреді. Мы-салы, Махамбет Өтемісов:
Тұн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? - дейді.
Толағай - таудың аты. /Зат есім/
«Ертіс жағасына еміне ерейіп, толағай шыңы сопайып шыға келгенде Бұрын Ертіс бойына жүріп көрмеген Шәкітай: - Мынау тау кемені басып қалмай ма? - деп Мұха-метқалиға үрейлене қарады», - деп жазады жазушы Сапарғали Бегалин.
Толағай – зат есім, зат есімнің ішінде жалқы есім. Әбділдә Тәжібаев ертегісінің кейіпкері. Тау көтерген алып күш иесінің есімі. «Қобыланды табысқа қол жеткіздік» деу де дұрыс емес!
Қазір біз «кеңестік» жолдас сөзінен қашып, кім көрінгенді – адалды да, арамды да, мырзаны да сараңды да, естіні де, ессізді де асыл сөзімізді қор қылып, мырза деп ұлықтайтын болып алдық... Ойласайық.
Бір тойда асаба: «Ағайынды Шәкібаевалар ән салады» деді. Қазақ «ағайынды» деген сөзді ер адамдарға байланысты ғана айтады. Қыздарды «апалы-сіңілілі» дейді.
Тағы бірде жас жігіт республикалық радиодан бір қызға ғашық болғанын айтып, сөйлеп отыр. Ол: «Қыз түсіме кірді, түсімде оны біреу алып қашыпты. Мұңайып жүр екен, ауылдан Алматыға қайтып келсем, шынында да сүйген қызымды біреулер зорлап алып қашып кетіпті», - десе, жүргізуші:
- А, сүйген қызың түсіңде аян берген екен ғой? - дейді.
Қазак ұғымында кім көрінген аян бермейді, қасиетті адамдар мен Алланың өзі ғана бере алады.
Әр халықтың тірегі - тілі. Қуатты құралға айналған тілді әр адамның жаны десек те жаңылыспаймыз.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы сөзді солдатқа теңейді:
«Сөз – халқымыздың қымбат асыл байлығы. Мен оларды көзіме адамдар тәрізді, оның ішінде солдаттар сияқты елестетем. Олардың да жаны бар, қаны бар. Олар өмір сүреді. Жақсы жазушы үздік қолбасшымен бірдей. Сөздердің басын қосып, жұмылдыра біледі. Ал ынтымақпен бірігіп, жалын атқан сөздерден күшті нәрсе жоқ. Батыр да дара емес, елімен ер емес пе?
«Қаһарман сез қамал бұзады» деген мақал осыдан шыққан» [Момышұлы Б. Ана тілім - ардағым. - Алматы: Қазақстан, 1990.-61 б.].
Жылататын да сез, жұбататын да сөз. Ең, ең ащы да, ең, ең тәтті де - сез. «Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» де¬ген мақал бар. Бұл жылы, шын сезіммен шынайы сөйлей білсең, ерімейтін, елемейтін ешкім жоқ деген сез.
«Ана тіліміз барлық еркелігімізді көтере береді деп не жер баса алмай, не кекке ұша алмай қалғандарымыз да жолығады. Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Жастар – біздің болашағымыз. Қатты айтып отырғанымыз сондықтан», - дейді Ғабит Мүсірепов [Сонда. 57 6].
Қорыта келгенде, айтпағымыз – ана тілімізді ардақтай білейік. Ана тілің – Анаң. Ана тілін сыйламау – Анаңды сыйламау деп білемін өз басым. Өз тілін сыйламаған өзге тілді де сыйлап жарыта қояды деу қиын.

Серікбай ОСПАНҰЛЫ.
Ақын, Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының
профессоры.
Ақын, Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының
профессоры.