Мемлекетіміздің негізі Заңы

Біздің Қостанай, 2015 ж., 22 қыркүйек (№ 75), Б. 9.

Конституция сөзінің төркіні - Ата Заң, латынның - «constitutio» яғни «құрылым» деген сөзінен шыққан. Конституция - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
1990 жылы 25 қазанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларация қабылданды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз егемендімізді, тәуелсіздігімізді алдық. 28 қантарда 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда бүгінгі азаматтарымыз өмір сүріп жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясына - 20 жыл толды.
Ата Заң - мемлекеттің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емеес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәнінің бірі етіп оқытады. Заңын сыйлайтын, білетін жас ұрпақ елжанды, отаншыл болып өседі. Халқына қызмет етіп, еліне пайда келтіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда тәуелсіздік алуға, өзіміздің Конституцияны қабылдауға себеп болып табылған кейбір тарихи сәттерді атап өтуді жөн көрдік.
Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар көзімен ғасырлар бойы жалғасын таба бермек. Олардың қалыптасуына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» сияқты XV-XVIII ғасырлардың заңдар жинағы маңызды рөл атқарды.
Ел тарихында бес Конституция болған, соның ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Бұған дейінгі кеңестік дәуірдегі қолданылған Конституциялар 1926, 1937, 1978 жылдары қабылданды.
Қазақстанның өз егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты - Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады. Декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұн беруімен құнды.
Декларация Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің мәртебесін іске асырған елдің жаңа Конституциясы мен басқа да заңнамалық кесімдер әзірлеуге негіз болды. 1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуел-сіздігі туралы» конституциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны және қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата заңды қабылдауымен тәуелсіздік мемлекет ретінде біздің еліміздің конституциялық ресімдеуінің қалыптасуы аяқталды.
Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалыктық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң шын мәнінде қоғамдық келісімге айналды. Сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды. Ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жа-уапкершілікті өз мойындарына алды. Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, әлеуметтік даму базасының сенімділігі қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік экономика құрылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттары былай түсіндірілген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».
Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялык, тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткені бұл Ата заң Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізін қалады. Осыған орай рес-публика қызметінің түбегейлі қағидалары айқындалады. Олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрактылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ал 1995 жылғы 30 та¬мызда өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде мемлекет тәуелсіздігі шарттарын қорғайтын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Оның жобасын талқылау тұсында отандастардан 30 мыңға жуық ұсыныстар түсіп арнаулы сарапшылық - консултациялық кеңес оларды зерделеген.
Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшыраған. Нәтижесінде, 1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81, 9 пайызы жаңа Негізгі Занды қолдап дауыс берді. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді.
Республика Конституциям заң шығарушы, атқарушы, және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принцпін жай ғана жариялап қойған жоқ - онда тежемелік пен тепе теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамныңм жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің ұстанымдары оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара байланысы осыдан көрінеді. Ал, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі са¬яси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
 
Өтеген ИСЕНОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының доценті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Мемлекетіміздің негізі Заңы