ҚОСТАНАЙДАҒЫ ТАРИХЫ САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақ тарихы, 2015 ж., № 6 (137), Б. 10.

Гауһар БАЛҒАБАЕВА, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қостанай мемлекеттік педагогикалык институтының тарих және өнер факультетінің деканы

Өз тәуелсіздігін алған қай мемлекет болмасын алдымен тарихын қайта зерделейтіндігі баршаға мәлім. Сол сиякты қазақ халқы да сонау өткен ғасырдың 90-жылдары ата тарихын терең тануға ұмтылыс жасады. 1995 жылы «Қазақстан Респуб-ликасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданды. Тарихи сана дегеніміз - тарихи процесс жөніндегі жүйесіз, үзік-үздік, дерек арқылы дәлелденбеген субъективті тарихи білім. Ол көбіне жекелеген оқиғаны үстүртін тәнып, оның себеп-салдарлық байланыстарына мән бер-мейді. Ғылыми тарихи сана деп - белгілі бір қоғамның пайда болу уақытынан осы күнге дейінгі дамуы жөніндегі жүйеленген объективті білімді айтамыз.
Қазақстан тарихы жеке пән ретінде орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енді. Сапалысы бар, сапасызы бар том-том оқулықтар, оқу құралдары, мақалалар мен монографиялар жарық көрді. Әсіресе, мектеп оқушыларымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар жазылды.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев қазақ тарихына зор ықылас танытып, оған арнап өз еңбектерін жарыққа шығарды. 1999 жылы оқырман қолына тиген «Тарих толқынында» деп аталатын құнды монография елді елең еткізді. Президенттің тарихты тану, аға ұрпақты, ата дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қолдау жөніндегі бастамалары ұлттық менталитетті, мәдениет пен өнерді, әдебиетті көтеруге қызмет ете отырып, ұлттық рухты күшейтіп, рухани сілкініс тудырған шаралардың басы болды.
1998 жылды Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президенттің № 3790 Жарлығы шықты. Тәуелсіздік жылдарында көне дәуірден бүгінге дейінгі оқиғаларды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеуде ілгерілеушілік байқалды. Оған 1997 жылдан басталған «саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», 1998 жылы «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» атаулары, Абылай хан мен Бөгенбай батыр, Абай мен Жамбыл, Махамбет Өтемісұлы, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаев мерейтойлары, Түркістан 1500 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, тарихи фильмдер көрсетілімі және «Бабалар сөзін» қайта жаңғыртқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы дәлел. Мұның бәрі - тарихты әр қырынан жазатын зиялы қауым өкілдеріне үлкен шабыт пен көтеріңкі көңіл-күй бергені рас.
Тәуелсіздік жылдары қазақ тарихнамасында зерттеу тақырыптарының мазмұны түбегейлі өзгерді. Мемлекет саясаты қазақ халқының тарихы мен билік дәстүрін сақтаған мемлекеттілік тарихын жазуға зор мүмкіндіктер ашты. Осы жылдар ішінде елімізде Қазақстан тарихшылары қауымдастығы, Кәсіби тарихшылар және қоғамтанушылар лигасы, т. б. құрылды.
2011 жылы 19 қыркүйекте Еуразия Ұлттық университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты Қазақстан тарихшыларының Бірінші Конгресі өтті. Конгресс жұмысына белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Тарихшылар конгресінің негізгі мақсаты - қазақ тарихы ғылымын жаңаша зерделеу. Конгресс ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтті. Бұл жиын еткен 20 жылды ой елегінен еткізді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі тарих ғылымын бұғаудан босатты. Конгресте қазақ тарихының теориялық-әдіснамалық меселелері сөз болды. Әсіресе, тарихи процесті кезеңдеу проблемасы, тарихты пән ретінде оқыту мен зерттеу төңірегінде әңгімелер қозғалды.
Қазір отандық ғалымдардың алдында қолданыс аясына енген тарихи-мәдени мұраларды кешенді түрде зерттеп-сараптау міндеті тұр. Ресми деректер бойынша шетелдерден қазақ тарихына қатысты 5000-ға жуық көшірмелер әкелінген екен.
2013 жылы 6 тамызда сол кездегі Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің қатысуымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Елбасының тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасы жасалатыны айтылды.
Кеңейтілген отырыстың қорытындылары тарихшылар қауымын ғана емес, барша жұртшылықты алаңдатқан күдіктерді сейілтіп, оқытушылар мен ғалымдарға, жалпы қоғамтанушыларға ой тастап, жаңа серпін берді. Отырыста көпшілік тарихшылардың пікірі қазақ тарихнамасының теориялық жағынан әлсіздігіне келіп тірелді. Бірақ бір өкініштісі - осы тығырықтан шығудың жолы нақты айтылмады.
Кешегі Кеңес заманы тұсында да Қазақстан тарихы пәні оқытылған еді. Бірақ ол кезде Қазақстан тарихына деген астамшыл көзқарас пен мардымсыз сағат саны қолбайлау болды. Соған қарамастан, Ғалихан ағай Жантөрин және Кенжекей апай Тасқожина сынды ұлағатты ұстаздар Қазақстан тарихына бөлінген аз ғана дәріс курстарын үлкен патриоттық сезіммен оқып, студенттерді білім нәрімен сусындатты.
1990 жылы Қостанай университетінде алғаш Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М. Ә. Ауған болды.
1994 жылы осындай кафедра Қостанай ауыл шаруашылығы институтында да ашылды. Меңгерушілік қызметі проф. А. Күзембайұлына тапсырылды. Кафедра құрамында проф. Г. К. Задорожный, доцент Ф. Мұхаметов сынды белгілі, тәжірибелі оқытушылармен қатар басқа да жас мамандар қызмет істеді. Институттың 1999 жылы Қостанай мемлекеттік университетімен бірігуіне байланысты кафедралар да біріне-бірі қосылды.
Кафедрада әр уақытта тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар З. Алдамжар, Г. Задорожный, А. Күзембайұлы, ғылым кандидаттары К. Тасқожина, Қ. Дүтбаев, Ф. Мұхаметов, Ө. Мұқтар, Н. Жұмабаев, Л. Мұқатаева, С. Қолдыбаева, Ұ. Жа-натаева, А. Тасқожина, А. Айтмұхамбетов, З. Шахаман, Е. Әбіл, Ұ. Ахметова, Л. Ордабаева, Г. Асанова, М. Бекмағамбетова сынды ұлағатты ұстаздар жұмыс жасады.
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар ҚОСТАНАЙДАҒЫ ТАРИХЫ САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ