Дәстүрлі хандық институтың демократиялық негізі

Қазақ тарихы, 2015 ж., № 6 (137), Б. 17-19.

Өтеген ИСЕНОВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Нұрлыбек ЕЛКЕЙ, тарих магистрі

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Осыған орай, мақала арқауы - қазақ қоғамындағы хандық иинституттың қалыптасуының негізі мен демократиялық дамуы.

Қазақ хандығы - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ұлан-байтақ қазақ даласын, Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы, егінші аймақтар мен қалаларды қамтыған мемлекет болды. Қазақ хандығында аймақтық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде, әкімшілік бөліктерді айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты шаңырақ бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ата аймақ болып есептелді. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Арыстардан ұлыс ұйымдасты, ұлыстан жүздер болды. Жалпы қазақ қауымы үш жүзге бөлінгені белгілі. Үш жүздің қазағы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «ұлы хан» болды. Ол Қазақ Хандығының азаматтық, әскери-әкімшілік және сот құқын қолына ұстаған жеке дара билеуші болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды (арыстарды) руларды рубасылар, ал аталарды (аймақтарды) ақсақалдар басқарды. Бұл - жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп. Осы ру-тайпалық тәртіптердің сақталуына қарап, ол кездегі қазақ қоғамын «рулық қоғам» деп қарау дұрыс емес. Бұл тәртіптер тек форма жағынан сақталғанымен, оның мазмұны әлдеқашан өзгерген, ауыл мен атаның негізгі ұйытқысы туыстық байланыс болғанымен, онда атасы басқа кірмелер де, тіпті бұрынғы құлдардан тәуелді шаруаға айналған қоңсылар да, мал иесі бай да, оған жалданған кедей де болды. Демек, бұл - алғашқы рулық қауым емес, дәстүрлі дала демократиясына негізделген қоғам еді.
XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Рузбехан Исфаһанидың деректеріне қарағанда, Қазақ хандығында он ұлыс болған. Әр ұлыстың жан саны - жүз мың адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидың: «Қазақ хандыгының жан саны 1 миллион адам» деген дерегіне сай келеді [1, 315-б.]. Бұл ұлыстарды хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалардың қоныстарының шекаралары тиянақсыз болды. Белгілі бір сұлтанның қол астына қарайтын жерлердің көлемі оған қарасты ру-тайпалардың жазғы жайлау, қысқы қыстау және ұдайы көшіп-қонатын жолдарының бағыттары белгіленіп отырды. Ал отырықшы егінші, қалалы аймақтар әмір, мың бегі, жүз бегі сияқты жергілікті жүйе бойынша басқарылды.
Хандар мұрагерлік жолымен сайланды. Хан елсе орнына үлкен баласы отырды, ер жеткен баласы болмаса, аға-інілері, яки олардың балалары отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шонжарлары - өкілдерінің жиналысындағы (құрылтайындағы) «хан көтеру» аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Осылар оны хан болуға лайық деп ұйғарып, ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған қадірлі адамның батасын алғаннан кейін ресми заңды хан болып тақта отыратын болды. Сөйтіп, мұрагерлік тәртіп «хан көтеру» сайлауымен ұштасып отырды. Бұл «хан көтеру» салты - сұлтан, би, батыр және ру-тайпа бастықтарының жаңадан көтерілген хан билігін мойындайтындығының айғағы болды [1, 315-б.].
«Хан көтеру» сайлауындағы шешуші шарт: хан тұқымының ақсүйектігі (Шыңғыс хан тұқымынан болуы), байлығы, ықпалы, сұлтандар мен билер ішінен жақтасының көптігі болды. Хан тағына отырған соң оны құттықтап той-мереке өткізілді. Бұл - Орта Азиядағы түркі-моңғол тілдес халықтардың бәрінде болған көне салт еді.
Ханның қасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен жыраулардан құралған Хан кеңесі болды. Онда саяси маңызды, әскери және азаматтық мәселелер ақылдасып шешілді, ұлыстар арасындағы дау-шараларға билік айтылды. Бұл кеңесте сот құқы да, заң шығару құқы да болды. Қазақтың Ата-заңдары - «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шыққан. Әз Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын жасау үшін «Күлтебенің басында күнде кеңес» өткізгені тарихымыздан мәлім [2, 200-б.].
Ханның қасында сайлауыт төрелер, атарман-шабарман жасауылдар және малайлар болды. Бұлардың бәрі «төлеңгіт» дел аталды. Олар түрліше әлеуметтік жікке айрылды. Бұлардың жоғарғы жіктері ханның, сұлтандардың қосшысы болып, олардың әмір жарлықтары мен билік үкімдерін жұртқа таратты және орындатып отырды. Хан қазынасына салық жинады. Соғысқа жарақты азаматтар ханды және хандық үкіметті қорғайтын сайлауыт әскер болды. Бұлардың теменгі жіктері үй ішімен түгел хандар мен сұлтандардың малайы болып, олардың малын бақты, отын жақты. Хандар мен сұлтандарға тәуелді төлеңгіттер мындаған отбасынан құралды. Мысалы, Абылай ханның (XVIII ғасырдағы) өзімен бірге көшіп-қонып жүретін мың үйден астам төлеңгіттері болды [3]. Іс жүзінде хандық үкіметті қорғайтын тұрақты әскер де, сақшы да осы төлеңгіттерден біріктірілген сайлауыттар мен жасауылдар болды. Бұлар өмір бойы, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа міндет болып отырды.
Тарихи деректерде қазақ хандарының жүз мың атты әскерімен жорыққа шыққаны (мысалы, Тәуекел хан) айтылады. Ал сұлтандардың әрқайсысы елу мың, отыз мың, жиырма мың атты әскерді бастап соғысқан (Қасым, Ахмет, Жаныс, Таныс, Шалым, Есім сұлтандар). Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-и Рашиди» атты еңбегінде «Таһир ханның алғашында он лек (жүз мың) әскері бар еді, кейін екі лек (жиырма мың) әскері қалды» дегенді айтады. Жоғарыда айтылған сандар жорық кезінде жалпы аттанысқа келтірілген қарулы жасақтар болса керек, өйткені жайшылықта көшпелі елде мұншалық көп тұрақты әскер ұстау мүмкін емес. Көп әскерді асырау қиын және оның қажеті де жоқ. Тұрақты әскер тек Сырдария бойыңдағы қалалар мен бекіністерді қорғау үшін қажет болды. Егіншілік аудандарда бұлай істеуге мүмкіншілік бар еді [1, 316-б.].
Қазақ хандығы қарулы күштерінің басым көпшілігі халық жасақтарынан құрылды. Қазақтар қарулы көшпелілер болды. Сыртқы жаудың шапқыншылығынан қорғануда және жорыққа аттануда соғысқа жарайтын әрбір ер азамат өздерінің тайпа көсемдері мен батырларына ілесіп майданға шығуға дайын болды. Жайшылықта қару-жарағын асынып, малын бағып, аңын аулап, ауылдарында өндіріс кәсібімен шұғылданды. Қазақтың ру-тайпалық құрылымы да өндіріс жұмысы мен әскери істерді ұштастырған ұйым болды. Өте-мөте ел басына соғыс қаупі төнгенде жалпы халық қарулы қимыл жасап отырды. Бұл жөнінде Орта Азия тарихшысы Розбехан Исфахани былай дейді: «Өздеріне шабуыл жасапған кезде, бір ұлыс болып табылатын әрбір ру (тайпа) бір жерге орналасады да дұшпанды өз отбасылары мен мүлкіне жолатпау үшін сондайлық қызу қайратпен, батырлықпен өткір қылыштарын жұмсайды. Ұрысқа барынша дайындалып, қажетті керек-жарақтарын апа келеді. Бірнеше түтін түтеткен үйден тұратын әрбір әулет отба¬сылары мен мүліктеріне бас болады. Егер де қарсыласу туын көкке көтөріп, дұшпанға тойтарыс беру үшін бүқіл қазақ әскері бірігіп, бір жерге жиналатын болса, оны жеңу өте қиын іс болады» [1, 317-б.]. Деректерге қарағанда Қазақ хандығының қарулы күштерінің біршама тұрақіы бөлігі хандар мен сұлтандардың ордасымен бірге көшіп-қонып жүретін төлеңгіттерден құралған сайлауыттар. Қалған бөлігі жаугершілік кезінде жалпы аттанысқа келтірілетін халық жасақтары болған. Оларды хан, сұлтан және батырлар басқарған. Сырдария жасағындағы отырықшы аудандар мен қала, бекіністерді қорғау үшін белгілі шамада тұрақты әскер ұстаған [1, 317-б.].
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің сипаты, орта ғасырлардағы деректемелерде ханның құқықтары мен міндеттері мынадай:
1. Билік етуші әулеттің басшысы және барлық қазақ тайпаларының жоғарғы сюзерені ретінде ханның бүкіл хандық аумағына, ұлысқа қарасты барлық жерге жоғары дөрежеде билік ету құқығы, оның негізгі қызметі мен басты міндетінен - елді сыртқы жаулардан қарумен қорғауынан туындайтын құқыгы болды [2,151-б.].
2. . Согыс жариялау және бітім жасау құқығы тек ханға ғана берілді, мұның өзі әскерлердің жоғарғы басшысы міндетінен туындайтын еді.
3. Ханның шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге жоғарғы дәрежеде құқығы болды, мұның өзі мемлекеттің сыртқы саяси багытын белгілеу міндетінен туындайтын.
4. Ханның жоғарғы билік өз құзырындағы қылмыстыны өлтіру немесе тірі қалдыру міндетінен туындайтын құқыгы болды. Ханның бұл құқығы мен міндеті «Жеті жарғы» құқық нормаларында айқын көрсетілген.
5. Сондай-ақ ханда заңдар мен қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті бұйрықтар шығару құқыгы - оның сол кездегі қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтау міндетінен туындайтын құқығы болды [3, 534-535-бб.]. Түрік-моңғол халықтары тарихындағы шыңгысизмнің маңызын көрсету үшін тек баршаға мәлім фактілердің бір-екеуін еске түсірелік.
Біріншіден, Шыңғысизм Шыңғыс хан ұрпағының жоғары билікке ие болу құқығын дәріптеді. Соның ішінде бұл «хан» атағы тек Шыңғыс хан ұрпақтарының шексіз құқығында болуынан көрінеді. Шыңғыс тұқымы еместердің хан атағын иеленуге әре-кеттенулері түрік-моңғол және басқа да халықтардың санасында құқыққа қарсы, тіпті бейәдеп қылық болып саналды. Мұндай кесім оны жүзеге асырғысы келген кісіні құқықтан тыс қойғандай болды. Түркі деректемелерінде: «Қарадан шыгып хан болу осыдан бастап тоқталсын!» [4, 98-б.] деп жазылған.
Екіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының жүйесі көне дәуірден келе жатқан дәстүрлі әлеуметтік институттар жүйесі екендігі толық дәлелденді. Дәстүрлі хандық билік ең бірінші Түркі мемлекеттерінде сақ, сарматтар дәуірінен бастау алып, біртіндеп басқа да мемлекеттерде дамып, қалыптасқан.
Ханның отыратын тағы - мінбер, асатаяқ, байрақ, жүзік түріндегі мөр, т.б. хандық атрибуттары болды.
Үшіншіден, қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық билік институт өкілдері тек мемлекет қайраткері болып қоймай, жауға әскер бастап шығатын батырлығы да болуға тиіс еді.
Төртіншіден, патша өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатын жандандыруы XIX ғасырдың 20-жылдарында ғана қолға алынғаны белгілі. Патша үкіметінің көздеген саяси мақсаты дәстүрлі қазақ билік институттарын іштен іріту арқылы хандық институт қызметін әбден жансыздандыру болды. Бұл саясат әуелі Орта жүзде, содан кейін Кіші жүзде Ресейдің әкімшілік жүйесінің енгізілуімен басталған болатын. 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» дейтіннің шығарылуы дәстүрлі қазақ қоғамының хандық билік институтын жоюдың патша өкіметі тарапынан қолдан жасалған дағдарысының басы болды. Бесіншіден, 1868 жылы сұлтандар институтының билігі жойылды [5, 169-174-бб.].
Қорыта келе айтпағымыз, біріншіден, дала демократиясынан бастау алған хандық институтқа негізделген дәстүрлі Қазақ мемлекеттігі өзінің қалыптасуы мен даму эволюциясының дәуірін басынан кешірді. Екіншіден, Қазақ қоғамының дәстүрлі сая-си-әлеуметтік құрылымының билік жүйесі қазақ мемлекеттігі мен алты алаштың бірлігін сақтай отырып, оны ілгері дамытуға қызмет етті. Үшіншіден, Қазақ хандық институтының әлеуметтік құрылымының негізі дала демократиясына негізделген халыктық сипатта болды [6]. Қазақ қоғамында ханды бұқара халық сайлады [7]. Төртіншіден, хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны сонша, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған [8,48-б.]. Мұның барлығы дәстүрлі хандық институттың демократиялық негізін дәлелдейді.
РЕЗЮМЕ
Автор в статье рассматривает историю развития демократического традиционного института ханской власти от создания и до полной ликвидации института ханов в Казахском ханстве, то есть до 1822-1824 годов. Автор отмечает, что присоединение к России Казахстана привело к кризису института ханов, его ослаблению.
* * *
An author in the article examines history of development of democratic traditional institute of khan power from creation and to complete liquidation of institute of khans in the Kazakh khanate, id est 1822-1824 to. An author marks that lacking to Russia of Kazakhstan resulted in the crisis of institute of khans, his weakening.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мықжан H. Қазақтың қыскаша тарихы (Дайындаған М. Кани). – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б.
2. Сабырханов А. Исторические предпосылки лик¬видации ханской власти в Казахстане (на материале Младшего и Среднего жузов) // Казахстан в эпоху феодализма (Проблемы этнополитической истории). – Алма-Ата, 1981- С. 151.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдык. 2-т. – Алматы: Атамұра, 1998. – 648 б.
4. Қазакстан тарихы туралы түркі деректемелері. - 1-т. Өтеміс кажы. Шыңғыс-наме – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
5. Исенов Ө.И. Дәстүрлі казак коғамынын әлеуметтік жұйесі: оку кұралы. – Костанай: ҚМПИ, 2010. – 207 б.
6. Султанов Т.И. Поднятые на белом кошме ханы казахских степей. – ТОО Астана Даму – 21. Астана, 2006. – 256 с.; Изтаева В.А. Қазақ коғамын топтастырудағы
саяси мүделердің рөлі (Абылай хан және Н. Ә. Назарбаевтын саяси қызметін салыстырмалы талдау). Автореферат, – Алматы. – 2007 - 33 б.
7. Исенов Ө.И. Тәуелсіз Қазакстан Республикасынын президенттік институтының тарихи негізі // «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінін қалыптасу тари¬хы мен қоғамдык-саяси дамуынын өзекті мәселелері» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 20 мамыр 2011 жыл. – 231-238 бб. Аркалық, АрқМПИ, 2011. – 411 б.; Исенов Ө.И., Жармұхамбетова Э.Т. Қазақ демократизімінің тарихи негіздері // Сборник материалов передвижных науч¬но-практических конференции, посвященных 20-летию независимости Казахстана. «Республика Казахстан: 20 лет успеха и созидания» – Костанай, 2011-220 с. – 82-92 бб. Костанайский региональный институт исторических исследовании, 2011.; Ө.И.Исенов Тәуелсіз Қазақстан: хандық инститтуттан президенттік институтқа дейінгі даму тарихы. // Жана тұрпатты Қазақстан мемлекеті: әлеуметгік-экономикалық, саяси-құқықтық қалыптасуы мен даму перспективалары. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. (30 караша) Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университстінін баспа орталығы, 2011. – 308 бет.; Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындығы дәстұрлі әлеуметтік құрылымы мәселелсрінін тарихы. // Тарих ғылымынын теориясы мен әдіснамасы. Халыкаралық ғылыми – практикасының конференциясының материялдары. -Қостанай: ҚМПИ, 2015. - 259 б . - 220-225 бб.
8. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті Жарғы. – Атматы: Санат, 1994.
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Дәстүрлі хандық институтың демократиялық негізі