Қазақ қоғамындағы хандық институт: Қалыптасуы мен демократиялық дамуы
Қостанай таңы, 2015 ж., 25 шілде (№ 81), Б. 9.
Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Қазақ хандығының тарихы - бұл қазақ мемлекеттігінің тарихы. Осыған орай, мақаламызда қазақ қоғамындағы хамдық институттың қалыптасуының негізі мен демократиялық дамуына тоқталмақпыз.
Қазақ хандығы - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ұлан-байтақ қазақ даласын, оңтүстік Қазақстандағы отырықшы, егінші аймақтар мен қалаларды қамтыған мемлекет болды. Қазақ хандығында ай-мақтық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар) бойынша басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде, әкімшілік бөліктерді айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты шаңырақ бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ата (аймақ) болып есептелді. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құрылды. Арыстардан ұлыс ұйымдасты, ұлыстан жүздер болды. Жалпы қазақ қауымы үш жүзге бөлінгені белгілі. Үш жүздің қазағы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «ұлы хан» болды. Ол қазақ хандығының азаматтық, әскери әкімшілік және сот құқын қолына ұстаған жеке дара билеуші болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды (арыстарды) руларды ру басылар, ал аталарды (аймақтарды) ақсақалдар басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын. Осы ру-тайпалық тәртіптердің сақталуына қарап, ол кездегі қазақ қоғамын «рулық қоғам» деп қарау дұрыс емес, бұл тәртіптер тек форма жағынан сақталғанымен, оның мазмұны әлдеқашан өзгерген, ауыл мен атаның негізі ұйытқысы туыстық байланыс болғанымен, онда атасы басқа кірмелерде де, тіпті бұрынғы құлдардан тәуелді шаруаға арналған қоңсылар да, мал иесі бай да, оған жалданған кедей де болды. Демек, бұл алғашқы рулық қауым емес, дәстурлі дала демократиясына негізделген қоғам еді.
ХVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Розбехан Исфаһанидың деректеріне қарағанда, Қазақ хандығында он ұлыс болған, әр ұлыстың жан саны жүз мың адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидің: Қазақ хандығының жан саны 1 миллиөң адам деген дерегіне сай келеді. Бұл ұлыстарды хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалардың: қоныстарының шекаралары тиянақсыз болды. Белгілі бір сұлтанның қол астына қарайтын жерлердің келемі оған қарасты ру-тайпалардың жазғы жайлау, қысқы қыстау және ұдайы көшіп-қонатын жолдарының бағыттары белгіленіп отырды. Ал, отырықшы, егінші, қалалы аймақтар әмір, мың бегі, жүз бегі сияқты жергілікті жұйе бойынша басқарылды.
Хандар мұрагерлік жолымен сайланды, хан өлсе орнына үлкен баласы отырды, ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, яки олардың балалары отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шонжарлары - өкілдерінің жина-лысындағы (құрылтайындағы) «хан көтеру» аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Осылар оны хан болуға лайық деп ұйғарып, ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған қадірлі адамның батасын алғаннан кейін ресми заңды хан болып тақта отыратын болды. Сөйтіп, мұрагерлік тәртіп, «хан көтеру» сайлауымен ұштасып отырды. Бұл «хан көтеру» салты - сұлтан, би, батыр және ру-тайпа бастықтарының жаңадан көтерілген хан билігін мойындайтындығының айғағы болды.
«Хан көтеру» сайлауындағы шешуші шарт хан тұқымының ақсуйектігі (Шыңғысхан тұқымынан болуы), байлығы, ықпалы, сұлтандар мен билер ішінен жақтасының көптігі болды. Хан тағына отырған соң оны құттықтап, той-мереке өткізілді. Олар Орта Азиядағы түркі тілдес және моңғол тілдес халықтардың бәрінде болған көне салт еді.
Ханның қасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шежіре-шешен жыраулардың, кеңесі отырды. Олар саяси маңызды, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті. Ұлыстар арасындағы дау-шараларға билік айтты. Бұл кеңесте сот құқы да, заң шығару құқы да болды. Қазақ хандығының заңдары - «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шыққан. Әз Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын жасау үшін «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізгені тарихымыздан мәлім.
Ханның қасында сайлауыт төрелер, атарман-шабарман жасауылдар және малайлар болды. Бұлардың бәрі «төлеңгіт» деп аталды. Олар түрліше әлеуметтік жікке айрылды. Бұлардың жоғарғы жіктері ханның, сұлтандардың қосшысы болып, олардың әмір жарлықтары мен билік үкімдерін жұртқа таратты және орындатып отырды. Хан қазы-насына салық жинады. Соғысқа жарақты азаматтар ханды және хандық укіметті қорғайтын салауыт әскер болды.Бұладың төменгі жіктері үй ішімен түгел хандар мен сұлтандардың малайы болып, олардың малын бақты, отын жақты. Хандар мен сұлтандарға тәуелді төлеңгіттер мыңдаған отбасынан құралды. Мысалы, Абылай ханның (XVIII ғасырдағы) өзімен бірге көшіп-қонып жүретін мың үйден астам төлеңгіттері болды.
Іс жүзінде хандық үкіметті қорғайтын тұрақты әскер де, сақшы да осы төлеңгіттерден біріктірілген сайлауыттар мен жасауылдар болды. Бұлар өмір бойы, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа міндет болып отырды.
Тарихи деректемелерде қазақ хандарының жүз мың атты әскерімен жорыққа шыққаны (мысалы, Тәуекел хан) қазақ сұлтандарының әрқайсысының елу мың, отыз мың, жиырма мың атты әскерді бастап соғысқаны (Қасым, Ахмет, Жаныс, Таныс, Шалым, Есім сұлтандар) туралы айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи и Рашиди» атты еңбегінде) Таһир ханның алғашында он лек (жүз мың) әскері бар еді, кейін екі лек (жиырма мың) әскері қалды» дегенді айтады. Жоғарыда айтылған сандар жорық кезінде жалпы аттанысқа келтірілген қарулы жасақтар болса керек, өйткені жайшылықта көшпелі елде мұншалық көп тұрақты әскер ұстау мүмкін емес. Көп әскерді асырау қиын және оның қажеті де жоқ. Тұрақты әскер тек Сырдария бойындағы қалалар мен бекіністерді иелеу және қорғау үшін қажет болды. Егіншілік аудандарда бұлай істеуге мүмкіншілік бар еді.
Қазақ хандығы қарулы күштерінің басым көпшілігі халық жасақтарынан құрылды. Қазақтар қарулы көшпелілер болды. Сыртқы жаудың шапқын-шылығынан қорғануда және жорыққа аттануда соғысқа жарайтын әрбір ер азамат өздерінің тайпа көсемдері мен батырларына ілесіп, майданға шығуға дайын болды. Жайшылықта қару-жарағын асынып, малын бағып, аңын аулап, ауылдарында өндіріс кәсібімен шұғылданды. Қазақтың ру-тайпалық құрылымы да өндіріс жұмысы мен әскери істерді ұштастырған ұйым болды. Өте-мөте ел басына соғыс қаупі төнгенде жалпы халық қарулы қимыл жасап отырды. Бұл жөнінде Орта Азия тарихшысы Розбехан Исфахани былай дейді: «Өздеріне шабуыл жасалған кезде, бір ұлыс болып табылатын әрбір ру (тайпа) бір жерге орналасады да дұшпанды өз отбасылары мен мүлкіне жолатпау үшін сондайлық қызу қайратпен, батырлықпен өткір қылыштарын жұмсайды. Ұрысқа барынша дайындалып, қажетті керек-жарақтарын ада келеді. Бірнеше түтін тутеткен үйден тұратын әрбір әулет отбасылары мен мүліктеріне бос болады. Егер де қарсыласу туын көкке көтеріп, дұшпанға тойтарыс беру үшін бүкіл қазақ әскері бірігіп, бір жерге жиналатын болса, оны жеңу өте қиын іс болады.
Деректерге қарағанда қазақ хандығының қарулы күштерінің біршама тұрақты бөлігі хандар мен сұлтандардың ордасымен бірге көшіп-қонып жүретін оларға тәуелді төлеңгіттерден жиналған сайлауыттар. Қалған бөлігі жаугершілік кезінде жалпы аттанысқа келтірілетін халық жасақтары болған. Оларды хан, сұлтан және батырлар басқарған. Сырдария жасағындағы отырықшы аудандар мен қала, бекіністерді қорғау үшін белгілі шамада тұрақты әскер ұстаған.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің сипаты орта ғасырлардағы деректемелерде ханның құқықтары мен міндеттері мынадай:
1. Билік етуші әулеттің басшысы және барлық қазақ тайпаларының жоғарғы сюзерені ретінде ханның бүкіл хандық аумағына, ұлысқа қарасты барлық жерге жоғары дәрежеде билік ету құқығы, оның негізгі қызметі мен басты міндеті - елді сыртқы жаулардан қарумен қоргауынан туындайтын құқығы болды.
2. Соғыс жариялау және бітім жасау құқығы тек ханға ғана берілді, мұның өзі әскерлердің жоғаргы басшысы міндетінен туындайтын еді.
3. Ханның шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге жоғарғы дәрежеде құкыгы болды, мұның өзі мемлекеттің сыртқы саяси багытын белгілеу міндетінен туындайтын.
4. Ханда өзіне багынышты өлтіру немесе тірі қалдыру құқығы - оның жоғарғы билік міндетінен туындайтын құқығы болды. Ханның бұл құқығы мен міндеті қа-зақтардың «Жеті жаргы» құқық нормаларында айқын көрсетілген.
5. Сондай-ақ ханда заңдар және қоғамның барлык мүшелері үшін міндетті бұйрықтар шыгару құқығы - оның сол кездегі қогамдық құрылыс пен тәртіпті сақтау міндетінен туындайтын құқығы болды.
Түрік-монғол халықтарының тарихындағы шыңғысизімнің маңызын көрсету үшін тек баршаға мәлім фактілердің бір-екеуін еске тусірелік.
Біріншіден, Шыңғысизм Шыңғыс хан ұрпағының жоғары билікке ие болу құқығын дәріптеді. Соның ішінде бұл «хан» атағы тек Шыңғыс хан ұрпақтарының шексіз құқығында болуынан көрінеді. Шыңғыс тұқымы еместердің хан атағын иеленуге әрекеттенулері түрік-моңғол және басқа да халықтардың санасызда құқыққа қарсы, тіпті бейәдеп қылық болып саналды. Мұндай кесім оны жүзеге асырғысы келген кісіні құқықтан тыс қойғандай болды. Түркі деректемелерінде: «Қарадан шығып хан болу осыдан бастап тоқталсын!» /4, 98 б./. - делінгені жазылған.
Екіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының жүйесі көне дәуірден келе жатқан дәстүрлі әлеуметтік институттар жүйесі екендігі толық дәлелденді. Дәстүрлі билік хандық институт ең бірінші Түркі мемлекеттерінде сақ, сарматтар дәуірінен бастау алып, біртіндеп басқа да мемлекеттерде дамып, қалыптасқан.
Ханның отыратын тағы - мінбер, асатаяқ, байрақ, жүзік түріндегі мөр т.б. хандық атрибуттары болды.
Үшіншіден, қазақ қоғамының дәстүрлі билік хандық институт өкілдері хан-сұлтандар тек мемлекет қайраткері болып қоймай, жауға әскер бастап шыққан батырлар екендігі дәлелденді.
Төртіншіден, патша үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршылдық са-ясатын жандандыруы XIX ғасырдың 20-жылдарында ғана қолға алынғаны белгілі. Патша үкіметінің көздеген саяси мақсаты дәстүрлі қазақ билік институттарын іштен іріту арқылы хандық институт қызметін әбден жансыздаңдыру болды. Бұл саясат әуелі Орта жүзде, содан кейін Кіші жүзде Ресейдің әкімшілік жүйесінің енгізілуімен басталған болатын. 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» дейтіннің шығарылуы дәстүрлі қазақ коғамының хандық билік институтын жоюдың патша үкіметі тарапынан қолдан жасалған дағдарысының басы болды. Бесіншіден, 1868 жылы сұлтандар институтының билігі жойылды.
Қорыта келе айтпағымыз, біріншіден, дала демократиясынан бастау алған хандық институтка негізделген дәстурлі Қазақ мемлекеттігі өзінің қалыптасуы мен даму эволюциясының дәуірін басынан кешірді. Екіншіден, Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси-әлеуметтік құрылымының билік жүйесі қазақ мемлекеттігі мен алты алаштың бірлігін сақтай отырып, оны ілгері дамытуға қызмет етті. Үшіншіден, Қазақ хандық институтының әйеуметтік құрылымының негізі дала демократиясына негізделген халықтық сипатта болды. Қазақ қоғамында ханды бұқара халық сайлады. Төртіншіден, хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігіи билер кеңесі атқарған. Мұның барлығы дәстурлі хандық институттын, демократиялық негізін дәлелдейді.

Өтегең ИСЕНОВ,
тарих ғылымның кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті.