Арғын Дәуітбай тархан
Қостанай таңы, 2013 ж., 20 қыркүйек (№ 105), б. 4-5.
Қазақ мемлекттігі мен тәуелсіздігі сынға түскен жаугершілік заманда елін сүйген елжанды жүздеген батыр бабаларымыз тарих сахнасына шығып есімдері мәңгі ел есінде қалды. Солардың бірі - Дәуітбай батыр Жәнібек-ұлы. Осыған орай, Дәуітбай тарханның ғұмырнамасы тарихына қалам тартып, елін сүйген, халқына қорған болған, жерін жаудан қорғап, жоңғар-қалмақ және патша үкіметінің басқыншылық саясатына қарсы соғысқан отаншыл қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескер батыр бабамыздың жеткіншек жас ұрпақтар үшін тағылымы мол тарихына қалам тарту біздің парызымыз.
Ресей патша өкіметі XVIII ғ. 40-шы жылдарынан бастап, қазақ қоғамына ортағасырлық түркілік қайта жаңғыртылған тархандар институтын енгізді. XVIII ғ. тархандар институтының қалыптасуы арғын Жәнібек Қошқарұлы мен тама Есет Көкіұлының тархандық грамота алуларынан бастау алады. Белгілі ғалым Ермұхан Бек-махановтың дерегінше, тархандық шен феодалдың көрнекті өкілдеріне мемлекет алдындағы аса бір атқарған қызметтері үшін берілген. Тархандар қазақ қоғамының феодалдық билік басындағылар тобына жатты.
Тарихшы И. Ерофеева дерегіне сүйенсек, Шақшақ Жәнібекке тархан атағы берілуі 1742 жылдың 30 тамызы. Жәнібек батырға тархандық атақтың атадан балаға, яғни тарханның ұрпақтарына ерлер жағынан мұраға берілетін тархандық грамота берілген. Мұндай тархандық жағдайында тарханның баласы да кейін тархан аталып әкесінің тархандық құқықтық пәрменділігін пайдалану құқы берілетіні тархандық грамотада жазылған.
Мұрағат дерегі бойынша, 1758 жылғы 14 тамызында Дәуіт тархан 30 адамымен Троицк бекінісіне барып өзінің қарауында болған 2 қалмақ ер адамымен қалмақ әйелді, парсы және қарақалпақ әйелді босатып алуға барған. Бекіністегі шекара басшысы олардың жоқ екендігін хабарлаған. Дәуіт тархан Троицкі бекінісінен кетерінде 16 тамызға қараған түні 3 шақырым жердегі қарауыл күзетіне шабуыл жасап, 1 драгунмен 3 башқұртты жаралап, олардың қаруларын тартып алып, 6 жылқысын айдап әкеткен. Ал 21 тамызға қараған түні Увельск слободысының Кичигин бекінісінен 77 жылқыны барымталап айдап кетеді. Кейін келіс-сөздер нәтижесінде Қарауыл күзетшілерінің қарулары мен жылқыларын орыс бекінісінде ұсталып отырған қазақтарға айырбастайды. Орыс әкімшілігінің Дәуітбай тарханды жазалай алмаулары патша үкіметінің шекара барымтасын шешуде дәрменсіз болғандықтарын дәлелдейді. Ермұхан Бекмахановтың дерегі бойынша Жәнібекүлы Дәуітбайға әскери коллегия жарлығымен 1759 жылы тархан атағы берілген. Патша әкімшілігі Дәуітбай батырға тархандық грамотасын беру арқылы оны өздерінің ше-неуніктеріне айналдыруды көздегені мәлім.
Арғын Жәнібек тарханнан тараған ұрпақтарының шежіресін сөйлетсек: "Жәнібек тархан. Жәнібектен Дәуітбай тархан. Дәуітбай тарханнан - Мұса тархан. Мұса тарханнан - Шеген би. Жәнібек Қошқарүлының отбасына қатысты дерек: "Жәнібектің отбасынан да тектілік pyx танылады. Бәйбішесі - Ұлы жүз шанышқылы Тұрсынбай датқаның қызы, екіншісі Кіші жүз алшын Әйтеке бидің қызы, үшіншісі - қалмақ ха-нының қызы.
Шақшақ Жәнібек тарханды кейбір деректерде Әбілқайыр ханның әулетіне күйеулігі бар деп шатыстырады. Шынында, Шақшақ Жәнібек Әбілқайыр хан әулетінен қыз алмаған. Жәнібек тархан Әбілқайырдың қолынан жаугершіліктен түскен қалмақ қызын тоқалдыққа алған. Сондықтан, құрдастары әзілдеп, Әбілқайырдың қолынан қалмақ қызын алғандығынан күйеу қылған болар. Бұл жөнінде А. Добросмыслов: "Джанибек часто в разного рода актах называется султаном и зятем хана Абулхаира, но ни тем, ни другим он не был. По словам потомка Джанибека Ахмета Беримжанова, он имел в качестве наложницы калмычку, подаренную ему Абулхайром, но никогда не был женат на его дочери", - деп жазды. Әбілқайыр ханның әулетіне күйеулігі бар султан Жәнібек деген болтан бурынғы авторлар Жәнібек султан мен Жәнібек тарханды шатастырып, Әбілқайыр әулеті-не күйеу болған деп жазған.
Төртіншісі - Кіші жүз керейт Қосым батырдың қызы, Бәйбішеден - Дәуітбай, Жауқашар, қалмақ қызынан Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалды, кіші әйелінен - Тоқтамыс туады.
Келесі бір шежіреде: Дәуітбай тарханның 1712 жылы туылып 1783 жылы қаза болғандығы туралы айтылады.
Жәнібектің екінші улы Жауғашар батыр тұлғалы болған, ағасы Дәуітбаймен бірге талай жорықтарға қатысқан. Сонымен қатар, ат сейістігімен, ат құмарлығымен жүйрік күрең атымен елге әйгілі, сыйлы болған адам. Оның ұрпақтарынан да халыққа белгілі, аты аңызға айналған Меңдібай шешен, кешегі ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Арғынның ханы болып сайланған Шолақұлы Оспан хан секілді азаматтар болған. Дәуітбай мен Жауғашығардың Турсынбай датқаның туған жиені екендігі айтылады.
Үшінші ұлы Тоқтамыс - Кіші жүздің атақты бас биі Әйтекенің туған жиен немересі қара шаңыраққа ие болып қалған, мырзалығымен аты шыққан адам болтан.
Төртінші ұлы Ақпанбет.Тоқпанбет - қалмаққа жиен болады. Булар да жауынгер батыр болған. Кене-көз қариялардың айтуы бойынша олар Тоқтамыспен еншілес болып кеткен. Олардан тараған кейбір ұрпақтары Ресейдің Орынбор жағында болуы мүмкін деген болжамдарын алға тартады.
Бесінші, алтыншы ұлдары -Дербісалды мен Дербіс Жәнібектің төртінші әйелінен туған. Дербісалдыдан тек қана 4-5 үй ғана бар. Олар Жауғашармен еншілес болғандығын шежірешілер алға тартады.
Ал, енді Дәуітбай тарханнан тараған ұрпақтары туралы шежірешілер дерегі мынадай»: Дәуітбай Жәнібекулының кіндігінен 9 ұл тараған Олар: Абылай, Абыз, Шомақ, Мұса, Мысық, Құралай, Шүрек, Шүрегей және Болтай. Мұсадан атақты Шеген би.
Ал С. Шұкірұлының шежіресі нұсқасында: Шеген биден 7 ұл тараған. Қазыбек, Бірімжан, Бектеміс, Өтетілеу, Ділдәбек, Алтын-сары, Шолақ.
Ж. Қарабала жазбасында Шеген би Шолақ деген ұлын Кенесары, Наурызбай жасағына қосқан. Сөйтіп, Шолақ Кенесары жасағымен Ұлы жүзге дейін барып, Қырғыз манаптарымен болған қиян-кескі шайқасқа қатысып, сол Іле-Алатау жерінде қаза тапқандығы айтылады. Қазыбектен 2 ұл тараған. Олар - Әміржан, Дәнен. Қазыналы қарттарымыздың арқасында тархандар урпақтарының шежірелерінің тарихының хатталып бүгінге жетуі кеңіл қуантады.
Ал мұрағат деректеріне жүгінсек Орта жүзде Жәнібек тархан ұрпақтарының ел басқаруда аталары Жәнібектен, оның баласы Дәуітбай тархандардан бастау алған дәстүрлі билік рубасы институтының дәстурін жалғастырғандығын дәлелдейді. Мәсе-лен, мұрағат қорында 1816 жылғы мамыр айындағы Троицк бекінісінің бастығы өзінің берген жазбасында Жұма сұлтан Құдай-меңдіұлының Мұса тархан, Барақ, Меңдібай батырлармен бірге 8000 шаңырақ арғын Саржетім руының 12 бөлімімен 6000 шаңырақ болатын арғын Шақшақ руының 5 белімін басқаратыны жазылған. Жәнібек тархан шөбересі Шеген би Мұсаұлы 4 мың түтін Арғын руының Жоғарғы шекті бөлімін басқарған.
Шеген Мұсаұлы Жоғарғы - Шекті бөлімін басқарған, Шеген Арғын руларынан басқа жерде де беделді сөзі етімді адам болған.
Телжан Шонанұлы: Орыс үкіметі Уральскіні (Ырғыз) және Орынборское (Торғай) бекіністерін салуға айналып, қырық түрлі сылтаулармен геодезистер шығарып жүрген қарсаңда, аға султандық салтына тартып, Ахмет правитель қырдан қала салудың пайдасын айтпақ болып, жәрдемін сұрап, Шегенге хат жазып, бидің көңілін аулау үшін ақша, шекпен, медаль сәлемдемелер жібереді. Сонда арғын Шеген бидің қайтарған жауабы, қысқаша: "Ардақты Ахмет сұлтан! Хатынды һәм сәлемдемелеріңді түгел алдым. Мұныңа Алла разы болсын. Жіберген шекпеніңді киіп келіншек-қатын болдым. Сырғанды, жылтырағыңды тағып қыз болдым. Сұлтан! Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады деген. Ұшып-қонатын құйрығың, кешіммен қазақ едім. Маған ақылдаспай іс қылатын жөнің жоқ. Мұныңды қоймасаң, жер мен суға, бостандыққа сен де, мен де көп кешікпей қош айтысамыз" - деген. Бұл хат, әрине, Шегенге тегінге түскен жоқ. Торғай салынғанда үкіметке наразы адам сы-қылды болып, ең алғашқы абақтыға жабылған Шеген би болды.
Ал Қазыбек Шегенұлы 37-дистанциясының бастығы болған. Мұса тархан немересі Қазыбек Шегенұлы хорунжий атағымен 37-дистанцияны басқарған. Де-ректер тархандар әулетінің руларды басқару билігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалғандығын көрсетеді. Қазыбек Шегенүлының түр сипаты туралы дерек сақталған. Деректе: "Казыбек Чигинёв, сын знаменитого бия Чигеня Мусина, - "среднего роста, больной, с широким, худощавым лицом, с выдававшимися скулами на щеках, покрытых болезненным румянцем; с черной маленькой бородкой, с широким лбом и большими серыми мутными глазами", — деп жазылған.
Рычковтардың "Капитан жазбалары" атты кітабында: "1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Жоңғарияға қарай үдере көшуінде Шақшақ Жәнібекулы Дәуітбай тархан өзінің адамдарымен Торғай өзеніне қарай бет алған қалмақтарды шайқасу үшін тосты. Қырдағы халықтардың бәрінде тархан деген атақ кінәздіктің дәрежесі. Халық ішінде олардың күші ханнан асып түспесе кем түспейтіндігі айтылады". Авторлардың пікірінен тархан дәрежесі қазақ даласында хан дәрежесінен кем туспейтін беделдерінің болғандығыи мойындағандықтарын кереміз. Бул - бір. Екіншіден, Ресей патша үкіметінің қазақ қоғамына енгізген тархандар институтының патша үкіметі күткендей олардың шенеуніктеріне айналмағандықтарын көрсетеді.
Қазақ хандары мен Ресей үкіметінің арасында мүдделер қайшылығынан туындаған қатынастардың бұзылған сәтінде, қазақ-жоңғар, қазақ-орыс қаты-настарына көлеңке түсе бастағанда екі ордада қазақ-орыс қатынасының елшілік мемлекеттік мәселелерінің түйіндерін шешіп, байланыс жасап турған қазақтың Орта жүз, Кіші жүз тархандарының қоғамдық-саяси қызметтері туралы зерттеулердің нәтижесі ғылыми еңбектерде сақталаған. XVIII-ХІХ ғғ. тархандарға патша үкіметі тарапынан ерекше пәрменділігі бар құқық берілмеген, тек қана алым-салықтан босатылған. Бұл жөнінде академик Ермұхан Бекмахановтың зерттеуінде тархандар султандар мен қожалармен қатар дәрежеде болған. Алымсалық төлеуден ғана босатылған, онда да ханнан алған грамотасы болса өзгедей пәрменді жеңілдіктер берілмегендігі айтылады. Ал орта ғасырлардағы тархан-дардың ерекше құқықтық пәр-менділігі болды.
Орыс шаруаларының 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев бастаған соғысына қазақтар да қатысты. Белгілі тарихшы Н.Бекмаханованың көрсетуінше, бұл кө-теріліске Орта жүз қазақтарымен бірге Тобыл өзенінің бойын бірге жайлаған Кіші жүздің жеке рулары - Тілеу, Тама, Рамадан, Жағалбайлылар да қатысқан. Қазақ жасақтарының басында негізінен белгілі ру басшылары және қарапайым халық өкілдері де болды. Құлсары тархан ауылының қазақтары Пугачев отрядына қосылмай, Құдайменді сұлтан мен Дәуітбай тархан және Алшыбай старшындар жасағына қосылған.
1773 жылы Құдайменді мен Тайыр сұлтандар және старшындар Дәуітбай тархан мен Алшыбайлар Озерный бекінісінің және Завируевск форпостысы маңындағы Озерный бекінісіне мылтық, қылыш, садақ, қанжарлармен қаруланған 200 адаммен шабуыл жасап, бекіністегі адамдарды тұтқынға алып, малдарын айдап алған. Оларға қарсы капитан Пучков бастаған 14 дала әскерилер жасағын және капитан Лилиг-реинов бастаған әскерді жібереді. Қазақ жасақтары соңдарына түскен әскерден құтылу үшін, казактардың дайындаған маяларына от қойып, яғни, Озерный бекінісі мен Завируевск форпостысының арасындағы жерге ерт жіберіп, құтылып кеткен. Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының бекіністерге шабуылдары жоспарлы және орыс әскерлерінің қолына туспей, құтылып кетулері олардың белгілі соғысу тактикаларын жақсы меңгергені, діктерін және жоспарлы жаттығу дайындықтарының болғанын көрсетеді. Е. Пугачев Дәуітбай тарханмен келіссөздер жүргізген өзінің полковниктері Усман Ертагулов, Чагира Иликманов және Суюргул Яманачевтерге Орта жүзге Дәуітбай тархан мен Абылай султанға елшілер жіберуді уйымдастыруларын тапсырған. 20 башқұрттан құралған Е. Пугачев елшілері Дәуітбай тарханмен кездесіп, линиялық бекіністерді талқандауды тапсырған. Е. Пугачев жасақтары мен Дәуітбай тархан жасақтары жоспарлы түрде ұрыс қимылдарын ойдағыдай жүргізген. Сарытоғай езенінің жағасында Пугачев жіберген башқұрт Упак пен Шүкір Уразовтар бастаған елшілері мен 30 қазақ старшыны бас қосқан ке-ңес етеді. Кеңесте Дәуітбай тархан мен Ембетем бастаған старшындар Пугачев әскерімен бірлесіп қимыл жасау жоспарларын талқыға салып, келіседі. Өзара келісімнен кейін, Е. Пугачев жасақтары 1774 жылы қазақ шекарасынан кеткеннен кейін, уақытша тыныштықты бұзып, Қудайменді және Тайыр сұлтандардан басқа Сарыжетім Шақ-шақ болысының старшыны Құлсары тархан, сондай-ақ Итега, Алшабай, Дәуітбай тархандар өздеріне қарасты Қыпшақ және Қарауыл болыстығының адамдары патша бекіністері мен форпостыларына шабуыл жасайды.
1778 жылы "Қазақ даласынан Ресейдің ішкі жағына қоныс аударған қазақтарға қатысты" құжат бойынша генерал поручик Огоревке берілген нұсқауда - патша үкіметімен қарым қатынастағы белгілі қазақ старшындарына ғана ақшалай және ас-тықпен жалование тағайындауларын атап тапсырған. Бул деректен патша үкіметінің қазақ старшын-тархандарын орыс әкімшілік билігіне қарсы болмауларына көндірудегі отаршылдық саяси айлалары болатын.
1781 жылғы 23 тамызда Орта жүздің ханы Уәли сұлтан, II Екатерина патшаға хат жазады. Хатында әкесі Абылай хан тағына өзін ұсынуды сұрайды. Сонымен қатар Абылай хан тұсында қызмет атқарған інілері мен старшындардың есімдерін тізіп, өзінің хандық қызметін атқаруға сенімді серіктерді қолдаушы тіректер болатындарының атын атайды. Олар: Шыңғыс, Рүстем, Жиғангер, Шығай, Тоғұм, Қасым және Байр сұлтандар. Старшындардан - Дәуітбай тархан, Бағыт тархан, Джанғи бахадүр, Бекболат би, Нұрқабек, Төлек, Сейтен, Хүш, Оразхан, Сарықазақ, Отаршы Дат бахадүр, молда Тәуекел, Құлыбек, Бабажақия, Баубек, Шауқан, Байтұқа, Түкбахадүр, Алыпқара Бәтжандар. Сүлтан-дармен қатар Дәуітбай мен Бағыт тархандардың Абылай хан тұсында мемлекеттік мәселелерде халқына адал қызмет атқарып, өткендігін атап айтады. Уәли сұлтанның деректі хатынан Дәуітбай тархан Жәнібекұлының Абылай ханмен бірге талай қанды жорықтарға қатысып қазақ мемлекеттігін сақтауға атсалысқан хан тірегі болып ел мүддесі үшін әруақытта хан туының астында табылғандығына куә боламыз.
Қорыта келе айтпағымыз:
- Біріншіден, қазақтармен қарым-қатынас жасауда Ресей патша үкіметінің қазақ даласында өздерінің берік құрылымдарын орнатуды көздеген саяси мақсаттары еш нәтиже бермеді. Бұл женінде Кросовский: "Орыс үкіметі тарапынан жасалған шаралардың барлығы орыс үкіметінің қазақ даласын басқаруға дәрменсіздіктерін көрсетті. Әр уақытта қақтығысқа соқтырып отырды. Оларды татуластырудың орнына, қазақ руларының арасына араздық отын тұтатып отырды. Қазақ хандары арқылы халқын басқармақ болғанымыздан ештеңе шықпады. Хандардың өздеріне орыс билігін сыйлата алмадық. Олар орыс үкіметіне күле қарады. Ал орыс үкіметі болса, олардан елшілер қабылдап сый-сияпатын көрсетіп, тарту таралғы жасап, жағынудан басқа ештеңе бітіре алмады", деген болатын. Мұнан қазақтың белгілі би-батырларына патша үкіметінің тархандық грамота берулерінің де өзіндік саяси астары барын аңғару қиын емес. Сонымен қатар тархандардың елшілік мәселесінде кенгіш болмай ез мүдделерін жүзеге асыра алған кезеңдерінің саяси салмақтарының болғанына көз жеткі-земіз.
- Екіншіден, Жәнібек тарханнан тараған аталы балалы тархандар әулетімен олардың би-батыр урпақтарының қазақ мемлекеттігін сәқтап, халқымен жерін жаудан қорғау жолында жан аямай қызмет еткендерін дәлелдейді. Батыр, тархан, би атағын алған олар халқымен бірге кешіпқонды, қиын қыстау жаугершілік заманда ауыртпалықты елімен бірге көріп, тығырықтан шығар жолды бірге іздеді. Қазақ-орыс қатынасының шиеленіскен тұстарында қауіп-қатерге бастарын тігіп ел мүддесі үшін қызмет етті. Батыр Дәуітбай тарханның өмірімен қоғамдық-саяси қызметі ұрпаққа тарихи тағылымы мол үлгі өнеге болып қала бермек.
Өтеген ИСЕНОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогика
институты Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті