Келешегіміз сапалы мамандар қолында
Наш Костанай, 2017 год, 23 мая (№ 40), С. 6. | Рухани жаңғыру
Екендігін ешқашан ұмытпағанымыз абзал
Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы адам екендігі баршамызға мәлім.
Жер асты байлығы, табиғи ресурстар ерте ме, кеш пе таусылады. Ал жаңа техноло-гияларды жасайтын адам.
Сондықтан да Елбасы өз Жолдауында 4-ші басымдылық ретінде адами капиталды жақсарту қажеттілігін ескертті. Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзекті болып отыр Ол біріншіден білім беру жүйесінің ролін өзгертуді талап етеді. Бұл туралы Президент Үкіметке тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр. Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Кез-келген елдегі білім беру жүйесі – ұлттық мәдениеттің, ұлттық танымның көрсеткіші.
Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді көрсетіп қана қоймай, сол өзгерістерге әсер етеді. Білім тұлғаны әлеуметтік-экономикалық процеске тиімді араласуын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Сол себепті бүкіл әлемде білім беруге ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекет басшысының елді рухани жаңғыртуға арналған мақаласы жаһандану үрдісінде ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалуға зор мүмкіндік береді. Ширек ғасыр бойы экономиканы дамытып, халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеру мемлекетіміздің негізгі міндеті болды. Енді ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, тарихи сананы жаңгыртатын кез келді. Сондықтан, алда қоғамдык ғылымдар са-ласының мамандарын қыруар шаруа күтіп тұр.
Еліміздің келешегінде экономиканы да, қоғамның рухани әлеуетін көтеретіндер де кәсіби мамандар. Оны жоғары оқу орындарында дайындайды. «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» – деген екен данышпан бабамыз әл-Фараби. Болашақ маманның жан-жақты білімді, тәрбиелі, өмірге көзқарасы терең болуы үшін оқу жоспарында қоғамдық ғылымдар циклына кіретін бірнеше пәндер оқытылады.
Кеңес заманында ол пәндердің беделі басқа пәндерге қарағанда үстем болды. Оқытушылар құрамына ерекше көңіл аударылып, олардың педагогикалық жүктемесі де басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен еді. Сонымен қатар оларға қойылатын талаптар да өте жоғары болатын. Бұл кафедралар болашақ маманның ғылыми көзқарасының тереңдігіне және оның азаматтық позициясының берік болуына жауапты-тын.
Тәуелсіздік алған жылдары қоғамдық пәндердің мазмүны мүлде өзгеріп, олардың беделі күрт төмендеп кетті. Жылдан жылға қоғамдык пәндердің сағаты қысқарып, тіпті былтырғы жылы олардың кейбіреуін бірктіріп, ал қайсыбірін оқу жоспарынан алып тастады.
Жоғары оқу орны тек өз саласының білгір маманын дайындап қоймайды. Ол ке-лешекте өндірістің бір саласын немесе бір мекеме басқаратын адам дайындайды. Құрылыс институтын бітірген инженер алдымен 10-15 адамға басшы болады, кейін ол ірі құрылыс компанисына жетекшілік етуі ықтимал. Сол кезде оған әлеуметтік психология мен педагогикалық білім қажет болады. Ал ондай іргелі ғылымдарды өз бетімен игеру мүмкіншілігі жоқтың қасы.
Қазіргі билік басында жүргендердің, Парламент пен мәслихатта отырғандардың қоғамдық пәндерден білімі өте терең болуы дәлелдеуді қажет етпейді.
Елбасы осындай жағдайды терең түсініп, қоғам үшін, бүгінгі саяси ахуал үшін өте қажетті қадамдарға барып отыр. Отансүйгіштік, патриотизм мәселелерін қанша қайталап айтқанмен, оны ғылыми жолға салып, жүйелі схема жасамай істеген ісіміз тиімсіз болары белгілі. Жоғары оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды оқытудың жүйелі логикасы бұзылған. Кредиттік жүйеге кіруімізге байланысты қоғамдық пәндерді қалай болса солай оқыта береді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қоғамдық ғылымдардың бір топ ұстаздары қызмет істейді. Олардың 85 пайызының ғылыми дәрежелері мен атақтары бар. Бұл тек облысымыздағы жоғарғы көрсеткіш емес, сонымен қатар республика бойынша да оларға теңдесер ұжым жоқ.
Сондықтан да болар, кафедра соңғы жылдары еліміз бойынша рейтингтің ең жоғары орындарынан көрініп жүр. Амал қанша, институт оку-әдістемелік департаменті кафедра ерекшелігін жеткілікті түрде ескере бермейді.
Бірде саясаттану және әлеуметтану пәндерін қосып жіберсе, келесі бір жағдайда оқытушылар жүктемесін шамадан тыс көбейтіп жібереді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жоғары оқу орындарында қоғамдық пәндер «жетім баланың» күнін кешуде. Президентіміздің мақаласынан кейін аталмыш кафедраларға бұрынгы сәні мен салтанаты қайта оралар деген үміттеміз.
Қазақстан тарихы пәні де қоғамдық ғылымдар қатарына жатады. 25 жылдың ішін-де төл тарихымыз орта және жоғары мектептерде ойып тұрып өз орнын алды.
Сырт көзге жасалып жатқан іс-шаралар жеткілікті сияқты. Тарихшылардың конгрестері, симпозиумдар мен конференциялар жыл сайын өтіп жатыр. Тіпті бір жылдар тарих жылы болып жарияланып, былтырғы жылы Қазақ хандығының ме-рейтойын өткіздік.
Шығып жатқан кітап та көп, жарияланған мақалаларда есеп жоқ. Қазақ хан-дығының тарихымен жалғыз Берекет Кәрібаев айналысады, Алтын Орда жөнінде көзге көрінер қазақ ғалымы жазған кітап жоқ. Қазақтың кіші жүзінің арғы тарихы Ноғай Ордасы. Бұл жөнінде де алғашқы тұшымды еңбек Мәскеу тарихшысы В. Трепавловтікі. Бұған себеп не? Мені көп ойландыратын осы мәселе.
Қазақ тарихнамасы қазір жаңа кезеңді басынан өткізуде. Ғалым - тарихшылар із-деніс үстінде. Өкінішке қарай, әлемдік тарих ғылымы XX ғасырдың басында кірген дағдарыстан әлі шыға алмай келеді. «Айтпаса сөздің атасы өледі» дейді қазақ.
«Қазақтың тарихын қазақтың өздері қазақша жазуы керек» – дейді белгілі та-рихшы Т. Омарбеков. Қазір де мынау 20 кітаптан тұратын 10 томдық орысша жа-зылмақ. Осының бәріне қарал отырып, ойлайтыным, қоғам түзелмей, бізде мықты тарихшылар қалыптаспайды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тез арада халықтың тарихи санасын қа-лыптастыру қажет болды. Халықтың да тарихи шығармаларға сұранысы өте жоғары еді. Жасыратыны жоқ, кәсіби тарихшылар, тарих ғылымындағы ақсақал ғалымдар жол таппай абдырап қалған жағдайда жас ғалымдар, жазушы, журналист әріптестеріміз қызықты-қызықты шығармаларды дуниеге әкелді.
Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені ғылым ваккумды қажетсінбейді. Осы күнгі кейбір ғалымдар оларды тарихты аңызга айналдырды деп сынайды. Олар ол кезде халықтың, әсіресе, жастардың тарихқа деген зор сұранысын өтеуге тырысты.
Тарихтың білім ретінде, ғылым ретінде алдында толып жатқан мәртебелі мін-деттері бар. Ұлттық идеяның да негізінде тарих жатыр. Үкімет тарихи сана қа-лыптастыру үшін көптеген іс-шараларды жүзеге асырды.
Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Бетті дайындаған А. ҚАЙРАТҚЫЗЫ