Сырлы сөзбен өлең өрген

Қостанай таңы, 2017 год, 31 мамыр (№ 56), Б. 8. | ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

Ospanov Serikbay

Серікбай ақын (Оспанов) – желекті жырларымен танылған талантты шайыр. Өмірді өлеңімен өрнектеген ақынның шы-ғармашылық жолына ой жүгіртіп, азды-кем пікірімізбен бөлісудің сәті түскендей. Ал ақынның жүрегін жарып шыққан жырлары, толғаулар, балла-далары мен поэмалары қазақ поэзиясының қазынасын толық-тырған толымды туындылар екендігі де ақиқат. Адам, заман мен қоғам өмірінің сан сырын, алуан қырын айшықтай ашып, көркем сөзбен өрнектеп, моншақтай мөлдіретіп жыр маржан-дарына айналдырған шайырдың ақындық шеберлігін айғақтайтын мысалдар мол. Ақынның кісінің қандай адамдық қасиетін қастерлейтінін мына жыр шумақтары айшықтап тұр емес пе?..

...Шетсіз де шетсіз аспандай

Көкжиегі кең жанымның...

...Жұлдызым мүлде жоғары,

Кеңілім күні аспанда...

...Сөзімнің гүлі қалпында,

Көзімнің нұры тайған жоқ...

Себебі ме оның?

Себебі -

Өлең-жыр – жаным,

                           ән – қанат,

Қартайтпай мені келеді,

Адамға деген махаббат!

Ақын адамдықты ардақтап, қолтығына су бүркіп, жел бе­ретін пенделіктен арылуды армандайды. Ендеше мына жолдарды оқып шықсаң көп нәрсеге кезің жетеді:

...Сол ғой жыртқан,

       тартып-тартып балакты,

Сол ғой небір

           қайырған да қанатты?

...Ол андиды қалғығанын

                               Арыңның,

Адалдықты кеудесінен

                                     итеріп.

...Парасат пен пайым

                         іште гүлдесе,

Әлем, өмір нұр ғой, шіркін,

                               нұр десе!

Арың қалғып,

Шекарадан тек жиі

Пендешілік өтіп кетіп

                               жүрмесе...

Серікбай ақын өмірден түйген барлық арман-сырын өлендерінде шын жүректен ақтарыла айту арқылы оқырмандарын да ойлантып-толғантуға асық. Өмір-тіршіліктегі адам баласын аздырып-тоздыратын енжарлық, ынжықтық, алғырттық, мәнгүрттік сынды кертартпа, нәмәрт мінез-құлықты міней отырып, асау, тарпаң тұлға ғана кісіліктің, бекзат болмыстың белгісі екендігін еске салады. Адамның қадыр-қасиеті өршіл рухымен, өмірлік өнегелі ісімен өлшенетінін де ақын көп өлеңдеріне арқау еткен. Тағы бірде сезімтал ақынның сезінен күлкінің сиқырлы көңіл кілті екенін аңғарасың да, тап-қырлығына таңданасың:

...Тыңдап,

Жырлап күлкінді

                       жүрмін күнде,

Бір күлгенің татиды

                    мың-мың гүлге!

Өтірік, өсек қаптаған

                             бұл әлемде

Не жетеді шын жылап,

                             шын күлгенге!..

Өмірге құштар ақын сенімен сыр бөлісуге, жанын жайып салуға келгенде де аңқылдақ, ақ көңіл мінезінен айныған емес. Ол кейде қабағымды шытсам тауы шағылған екен, ойға батып, қиялданып кетсем өмірге өкпелі екен, аңдаусызда сүрініп кет­сем, енді орнынан тұрмайды екен демендер, тіршіліктің тар жол, тайғақ кешуінде жігері жасып, қайраты кеміп, кайғырып-қапаланып, бақытқа жетер жолда күреспей, тіреспей беріле алатын боркемік біреуге баламаңдар, ел-жұртым барда ездікке емес, ерлікке бас иетінін ашып айтқан.

...Сезді бәлкім,

Сезбеді мұңымды ешкім.

М9ң алдында мен бірак

                             берілмеспін,

Елім барда еңсемді көтеретін

Бұл өмірден ешқашан

                             түңілмеспін!

Тәуелсіз алған ел азаматының өтпелі кезеңнін қиындығына қынжылып, мойымайтынын айғақтайтын асқақ рухы осындай.

Жаңа заманның жастарының уақыт сынынан сүрінбей өтуге, сасқалактамай, барынша сабыр сақтап, алдағы арманды күндердің адастырмас жақсылығына сенімділігін де ақын әдемі әдіптеген-ақ:

...Бозбала жанарында

                         сұрақ тұнып,

Қалғандай мына алғашқы

                       сынақты ұғып.

Өмір-ай, ескі,

                   жаңа алмасатын,

Сүрініп, жылап-күліп,

                       құлап-тұрып!..

Ізгілікті іңкәрлік, мейірім-қайырымға құштарлық сынды сындарлы мінезді замандастардың жан дүниесі бай екендігінен сүйсіне сыр шертіп, мейірімді мейірім, жақсылықты жақсылық тудыратыны, өтірік-өсекке өткел бермей, қулық пен зұлымдықтан аулақ журіп, адамдығы мен адалдығына, ар-ұятына кір шалдырмай ғибратты ғұмыр кешіп жатқанын да ақын асқақты жырлаудан әсте айныған емес.

Әлбетте, қазіргі қоғамның әлеуметтік тіршілігінде бәрі бірдей керемет десек қателесер едік. Ойланатын, қолға алатын шаргез шаруалар да баршылық, болашақты болжағанда межелеген, жетсем деген үкілі үміттен кенде емеспіз. Қызығы мен шыжығы таусылмас дүбірлі дүниенің тынысын сезіну, ертеңгі күнге елеңден, атар таңнан тек жақсылық күту адам баласының болмысына жат емес. Сондықтан да, Серікбай ақынның осы орайдағы сырлы жырына құлақ түресің:

Сұрағы көп дүние-ай,

Жауап іздеп әуремін.

...Ойлы-қырлы дүние-ай.

Ойлы-қырлы ойларым.

Қойны нұрлы дүние-ай,

Тереңіне бойладым.

...Қызығы көп дүние-ай,

Қайсысына жетесің?!

Қызылы көп дүние-ай,

Қызығумен өтесің...

Нағыз өмір шындығы осы ғой. Жарық дүниеде ащы өмір мен тәтті өмірдің алмасып, кейде сәтті, кейде сәтсіз өмірдің жалғасын табатындығы, одан ғұмырының мән-мақсаты мен арман-аңсарының толғауы тоқсан шежіресінің шындығы осы емеспе?!..

Ақын атаулының алғашқы өлеңдерінін бастауы аяулы атамекені екендігі белгілі. Серікбайдың да туған жер туралы толғаныстары кітаптан кітапқа жалғасуда. Адам өзінін ата-анасының алақанындай аялаған, кір жуып, кіндік кескен атамекенін қалайша аңсамасын. Толқып аққан Тобыл өзенін ақын көзімен көріп, сөзбен суреттеуі сүйсіндіреді:

...Сүйіп-құшып, аймалап,

Талын,

Жағаны.

Төсінде ай тайғанап,

Тобыл ағады.

...Орғып жота-жондардан,

Орғыл ағады.

Ой мен қырдың ол барған

Шөлі қанады...

Туған жердің жібек жел – саумал самалының елін аңсап келген бозбаланы сағынғаны сондай "оң жағынан бір шығып, сол жағынан бір шығып, жолдың құмын ысырып, шаңын қағып, ұшырып, ...шилерге ән салдырып, қурайға күй тарттырып, талға сәлем жасатып, барлық гүлді билетіп" қарсы алғанына қалайша көңілін босап, жүрегің егіліп-елжіремессің?! Туған жер табиғатымен туыстасып, бауыр басып кеткен өлең кейіпкері қуанышында шек жоқ.

...Ғашықтарым неткен

                        сонша көп еді,

Аспан күліп,

             Күн бетімнен өбеді.

Құм сүйеді

         табанымды қытықтап,

Қол бұлғайды туған

                       жердің терегі...

Айтқандай, Серікбай ақын адам мен табиғаттың жарасымды жаратылысын астастыра суреттеудің сұңғыла шебері. Қоңыр күздің дала төсіндегі дидарына көз жүгіртіп, көңілін ой тербеген сәттің өлең шумақтарындағы өрнегі:

Дала күңгірт,

Ерекше бүгін желді.

Күзге ілесіп менің де

                             күзім келді.

Алма құлап,

Ағаштан өрік құлап,

Жалғай алмай

                 тұрғаным үзілгенді.

...Қимастық-ай!

Жеткізді құштарыма,

Қиял қарға,

Қонды тау ұшарына.

Көзге сыйған құшаққа сыймас деуші ем,

Сыйып кетті тау,

                       дала құшағыма!

Шағын мақалада ақынның шығармашылық әлемін түгел қамтып, қыр-сырына кеңінен тоқтау мүмкін де, міндет те емесі сөз басында ескерткенмін. Ондаған кітап шығарған, оның ішінде көлемді-көлемді толғау, баллада, поэмалары бар болса, әрине, ақындық өнеріне жалпылама тоқталудан басқа амал жоқ. Жер тар, әйтпесе "Жәнібек тар­хан", "Хан Кене", "Шеген би", "Нұрқан ақын" секілді сүбелі дастандары туралы кеңінен әңгіме қозғауға болар еді. Ол енді болашақтың еншісінде болсын.

Сондай-ақ, ана тілін ардақ тұтқан ақынның шеберлікпен шыңдалған шешендігіне, түкті кілемдей түрленген сөз тіркестеріне үр жаңа ұйқас, теңдеусіз теңеу, ән әуеніндей ырғақ мәселесіндегі тапқырлығына тоқталсақ талай әңгімеге арқау бо­лар еді. Серікбай өз-өзіне шарт қойып, "Қантамырдай әр жолың соғып тұрсын, Барыңды бер әр сөзге, жаныңды бер?!" деген міндет артқан ақын. Сөз қадірін білетіндіктен де "Ана тілі" де­ген өлеңін былайша сипаттайды:

Жібек болсам, тінімсің,

Бұта болсам, гүлімсің,

Әнші болсам, үнімсің,

Ғалым болсам, білімсің

Шынар болсам, діңімсің,

Намысымсың,

Ділімсің!

Тағзым етем

Бүгілмес

Тізем саған бүгілсін!

Серікбайдың жанасалап болса да жақсы ақын екендігін айттық. Оның ағаштан ою өріп, домбыра, бесік, табақ жасайтын қолөнер шеберлігі де бар. Адалдықтың ала жібін аттамаған, жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, сөзіне берік, отырған ортасына көрік, отбасына жайлы, ұрпағына қамқор бекзат болмысты жігіттің сұлтаны десек кісі та-нығандығымыздың белгісі. Айтулы ақын, абзал азаматтың өнері де, өмірі де ұзак болуына тілектеспін.

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
"Құрмет" орденінін иегері.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Сырлы сөзбен өлең өрген