Мемлекеттік ойлау эволюциясы

Егемен Қазақстан, 2017 год, 30 тамыз (№ 166), Б. 7. | РУХАНИ ЖАҒЫРУ

Жаһандық дамуға ілескен бүгінгі қоғам білімділікпен, зиялылықпен сипатталса керек. Өткен ғасыр өркениеттің адамдар бойындағы біліммен қаланатын қабілет пен сапаға толық тәуелді екенін көрсетті. Егер бүгінгі білім беру жүйесінің дағдарысты жағдайын айтар болсақ, ол ең алдымен уақыттын талабы мен шын-дығына сәйкессіздіктен туындап отыр. Сауатсыздар қатарының өсіп отырғаны, білім сапасының төмендеуі және білім мен мәдениет арасының алшақтауы, білім алушы мен білім берушінің жаңғыру үдерісін жатырқауы көңілге беймазалық тудырады.

Дағдарыс талантгы жастардың шетел асуынан, мемлекетгік және мемлекеттік емес институттардың шынайы емес бәсекесінен, қоғамның білім беру үдерісінен «филологияландыру» мен «сұхбаттасуды» ығыстырып, оқытудың рәсімдеу мен «тестілеуіне» қоғамдағы мүдделілік пен сұраныс арасындағы дұрыс теңгермешіліктің бұзылуынан, іргелі құндылықтар мен қоғамдық ізгілікке деген құрметтің азаюынан көрініп отыр.

Әдетте, жиі орын алып тұратын техногендік апаттардың қорқынышы бар. Бірақ қоғам мен азаматтардың рухани, яғни зиялылық, моральдық, психологиялық қауіпсіздігінің алғышарты болып табылатын рухани қауіпсіздік бәрінен маңызды әрі оның өткірлігі де басым. Рухани қауіпсіздік дегенде, мәдени құндылықтардың тарихи қалыптасқан нормалары шеңберінде сақталуын айтуымыз керек. Бұл норманың бұзылуы ұлттық апатқа, қоғамның тұтас жүйе ретінде ыдырауына әкеліп соғады.

Тарих тереңінен тамыр тартатын философиямен, әдебиетпен, тілмен байып, дами түскен гуманитарлық білім рухани қауіпсіздіктің басты шарты және И. Ильин айтқандай, халық ұлылығы мен мемлекеттік тәуелсіздіктің де кепілі болады. Тарихтан, тілден, философиядан, әдебиеттен, дәстүр мен салттан, психологиядан құралатын гуманитарлық білім ұлттық мәдени құндылықтарды, оның ұстанымдары мен мән-мағынасын, формасы мен мазмұнын болашаққа жеткізудің маңызды механизмі. Мәдениет пен білім арасындағы диалектикалық байланыс, әсіресе, қоғамның рухани ахуалына білімнің әсер ету мүмкіндігі бүгін оны реформалаудың теориялық және әдістемелік негізін жасайды. Білім беруді ұлттың рухани қауіпсіздік факторы деп тусіну жеке адамды жан-жақты дамыту мен мәдениет сабақтастығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болзшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының тарихи маңызы орасан. Бұл – Қазақстандағы мемлекеттік ойлаудың эволюциясы. Елбасының халыққа жолдаған құнды, стратегиялық маңызы бар құжаттары тарихи қажеттілік деп санаймыз. Мемлекет пен адам өмірінін барлық қырларына заманауи ұстаным тұрғысындағы дана көзкарас әлем назарын аударды. Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі идеясы ұлттық дәстүрді және қазақ халқының бірегейлігін сақтай отырып, көштен қалмай өмір сүруге, уакытқа қарай өзгере, жаңғыра, жаңара білуге саяды. Үлкен қоғамдық, саяси, мәдени тамыры бар Қазақстанда барлығын да жүзеге асыратын әлеует жеткілікті.

Елбасы аталған мақалада ел назарын тарихи сананы қалыптастыруға аударады, өйткені онсыз мемлекет тұғырын бекіте, нығайта алмаймыз. Болашақты кеңінен ойлаған дана бағдарламада қоғам дамуының барлық жағы қамтылған. Елбасы бұрыннан айтып келе жатқандай, тәуелсіздіктің елең-алаңынан-ақ қолға алынған саяси, экономикалық реформалар рухани жаңарусыз, дамусыз, қоғамдық сананың жақсы жаққа қарай өзгеруінсіз толық жүзеге аспайды. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын ғасырлар бойы қоғамдық дамудың нәтижесі болмақ ұлтымыздың жаһандық бәсекеге қабілетті болуын, прагматизмді, ұлттың бірегейлігін, білімге бас қоюды, Қазақстанның эволюциялық дамуын және сананың ашық болуын қолдаймыз. Бағдарламалық мақалада біздің қоғамның осы ғасыр мен алдағы жүзжылдықта қалай болуы керектігі нақты көрсетілген. Сондықтан ұлттың сапасын жақсарту, мінез-құлықтағы таптаурын болған әдеттерді жақсылыққа қарай өзгерту үшін айқын жоспарлар белгіленді. Кейде көптеген істер орындалмайтындай, тіпті мүмкін еместей көрінгенімен, халқымызда «жүргенге жөргем ілінеді» немесе «асықпаған арбамен қоян алады» деген мәтелдер талаптансақ, ұмтылсақ алынбайтын асу жоқ екенін меңзейді.

Табысты жұмыс пен мансаптық өсудің іргетасы болатын жоғары деңгейлі білім жастар үшін кейін өзінің мамандық қызметін жеңіл ауыстыруға мүмкіндік туғызады. Соған орай педагогикалық білім әмбебап база болады да, өз бетінше оқу мен өзін-өзі жетілдіріп отыру қондырмаға айналады. Тамыры тереңге кеткен ағаштың діні де, бұтағы да ірі болмақ. Сондықтан, қоғамда өмірдің заңымен зейнет демалысына шыққан мамандардың орнын ауыстыратын жаңа кәсіби кадрлар болуы үшін білім саласында алдын ала ойластырылған саясат болмай, нәтижеге жету мүмкін емес. Жоғары оқу орны гуманитарлық интеллигенцияны тәрбиелеуде мемлекетке қолғабыс, көмекші болуы тиіс. Көптің аузынан түспейтін білікті дәрігер, заңгер, биолог болу жеткіліксіз, алдымен адамгершілікті пір тұтқан азамат болуы тиіс, қысқасы, қоғамға алдымен адам, сосын маман керек. Ол үшін гуманитарлық білім саласында жан-жақты ысылған, бойына ұлттық негіздегі рухани нәр жинаған адамның ғана майлық-сулығы бірдей болмақ. Жас ұрпақ бойына мұндай қасиет тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия секілді пәндер арқылы егілетінін біз, педагогтар білеміз. Дәрігердің аяқасты жіберген қатесі өте қайғылы жағдайларға соқтыратыны аян, ал білім беру мекемелеріндегі педагогтар жіберген қатенің қасіретін көзге елестетіп көріңіз. Ұстаздар тұтас ұрпақты тәрбиелейді, ал олар жіберген қатеден қоғамды алға апаратын, оның тірегі болатын азамат қалыптаспайды, тек статистикалық маңызы бар куыс кеуде адамдар ғана өсіп шығады.

Бүгінгі білім беру саласына тоқтаусыз жүргізіліп жатқан реформалар көпшілікті дабыл қақтырардай ойландырып отыр. Әсіресе, тарих, философия, саясаттану, құқық негіздері, экономика негіздері, мәдениеттану, этика секілді гуманитарлық блоктың бағытын қайта бағалау қиын. Гуманитарлық пәндер топтамасының сағаттар санын біресе азайтады, біресе қосады немесе тіпті оқу жоспарынан алып тастайды. Ал бұл пәндер ойлау мен сананы қалыптастырып қана қоймайды, жас ұрпаққа өзіндік ұғынықты тілмен жігер береді, бойына еңбек дәнін сеуіп, мақсаттылыққа тәрбиелейді. Гуманитарлық пәндер адамның еркін ойы мен тілінен бастау алып, оған байып, мол тәжірибемен қайтып оралады. Гуманитарлық білімнің рухани қауіпсіздіктегі қасиетті міндеті де осы болса керек. Білімнін ауқымдылығы (философия), ойлау мәдениеті (тіл білімі мен тарих) кез келген мамандықты тез игеруге мүмкіндік береді. «Жан немен сусындайды?» деген сұраққа данышпан Сократ та «Әрине, біліммен» деп жауап берген ғой.

Дәрігер ағзаны емдейді, ал біз оның санасын қалыптастырамыз, азаматтық ұстанымын қорғай білуге, қоғамға әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуға үйретеміз, оқытып, дайындаймыз. Жастар өздеріне қойылған «Сен қоғамға қандай пайда әкелдін, қандай үлес қостың?» деген сұраққа жауап берерде, бос сенделіспен ештеңе бітпейтіні туралы ойлануы, ширығуы тиіс. Жаңалығы да, ұсынысы да көп жаңа әлемде өмір сүріп отырмыз. Жастар оны дер уақытында түйсініп, дұрыс қабылдауы, өзгелердің де түсінуіне ықпал етіп, керек жерінде бағыт бергені де ләзім.

Жас урпақта бүгін еліміздің, өлкеміздің тарихы, жерлестеріміздің жеткен жетістіктері жөнінде білсем деген талпыныс бар ма? Студент тарих, саясаттану, әлеуметтану пәндерін оқудың арқасында ғана қоғамдағы және жалпы әлемдегі саяси үдерістерді түсініп, қоғам ішіндегі секілді мемлекеттер арасында болып жататын түйткілдерді ажырата алады, жаһандағы және қоғамдағы мәселелерге өзінің іргелі философиялық көзқарасын қалыптастырады. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, әркімнің ұшқан ұясы, суын ішіп, отын оттап отырған кіші отаны, өзінің айналасындағы адамдар оның бойында мемлекеттік патриотизмнің, мемлекетшілдіктің іргетасын қалайды. Осы орайда адамның елге, туған жерге деген сөзі мен ісінен бірдей көрінетін, айқайлатқан ұрандардан емес, жүректен шығатын махаббат үлгісі туралы бір тарихи сәт еске түседі. Ке-ңес Одағының Батыры, қостанайлық Сейітқан Темірбаев Берлинді алғаннан кейін Рейхстаг қабырғасына жанталаса: «Қостанай-Берлин. Сейітқан Темірбаев. Қазақ» деп жазған еді. Осы үш ауыз сөзге Отанға, өзінің халқына деген махаббат, жас жігіттің өмірге деген құлшынысы сыйып тұрған жоқ па?

Өзінің тұрған жеріндегі тарихи-өлкетану ісіне назар салмайтын, өз мемлекетінің, облыстың, ауданның, туған ауылының тарихынан хабарсыз мұғалім оқушыларға не айтады, оларды патриотизмге қалай тәрбиелей алады? Мәңгүрттікке ұрынбау үшін әркім тарихты білуі тиіс. Қазір адамды жан-жақтан анталаған көп қауіптің бастысы осыған саяды. Ол бүгінгі замандастар бойындағы мақсатсыздықтан, жауапсыздықтан, білімсіздіктен ой әрекетіне деген бойкүйездіктен, немкұрайдылық пен енжарлықтан, әлеуметтік келеңсіз құбылыстарға көнбістіктен көрініс табады. Осының барлығы да жас ұрпак тәрбиесіне әсер етпей қоймайды.

Рухани білімді адам асыл тас секілді. Асыл тас уақыттың, желдің, күннін әсеріне мұқалмайды, сол секілді гуманитарлық жеткілікті білім алған адамның да рухани діңгегін бөтен насихат, жат ағым сындыра алмайды. Біз, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихшылары мен қоғамтанушылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласында айтылған бастамаларын қолдаймыз, себебі ол әр қазақстандықты қанаттандырады, алдымыздағы асқаралы жұмыстарға жігерлендіреді, ұлтымыздың, еліміздің көркейген болашағына ұмтылдырады.

Айгүл АМАНТАЕВА,
философия ғылымдарының кандидаты,
Елизавета ЯРОЧКИНА,
тарих ғылымдарының кандидаты

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Мемлекеттік ойлау эволюциясы