ЛАТЫН ҚАЗАҚҚА БӨТЕН БЕ?
Нұрлы таң, 02.11.2017 ж., № 43, Б. 5. | Рухани жаңғыру
Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы адам екендігі баршамызға мәлім.
Кешегі кеңес заманында қазақты жазу-сызуы жоқ халықтардың қатарына қосып келгені белгілі. Ал енді қазақ жазуының тарихы тереңде жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Ата-бабаларымыз сонау көне заманда-ақ тарихын тасқа қашап жазып кеткен. Көне түркілер ғылымда «руна жазуы» деп аталатын, өздері «бітік жазу» деген әліпбиді біздің заманымыздың VI ғасырында-ақ пайдаланған.
Тарих ғылымындагы соңгы фактідерге жүгінсек, сына жазуды біздің заманымызға дейінгі қазақ жерін мекендеген сақ тайпалары да пайдаланған секілді. Бұған нақты дерек немесе дәлел жоқ. Гипотеза ретінде қабылдауларыңызды өтінеміз. Ал енді біздің заманымыздын III-V ғасырлар аратығында руналык жазудың гун және шығыс нұскалары болған. Жетісу мен мұңғыл жеріндегі түркілер VI-VII ғасырларда көне түркі жазу өнерін одан әрі дамытқан. Гун варианты негізінде бұлғыр хазар, қаңғар және қыпшақ жазулары қалыптасқан.
Көне түркілер жазу үшін ағаш тақтайшаларды пайлаланған. Бұған XIII ғасырдың екінші жартысында жазылған «Кодекс куманикус» атты кітапта кездесетін «біті-біті бітідім, бес агачка бітідім», «Узун агач басында улу біті бітідім» деген мақалдар дәлел. Бұл жерде «бітідім» деп тұрғаны «жаздым» дегені. Кошо-Цайдам тақтасы, Күлтегін (732) және Білге Иолығ тегін, Тоныкөк (716 ж.), Күлі-шор (722 ж.). Онгин жазулары, Орхон ескерткіштеріне жататын Селенг тасы (Немесе Шине Усу ескерт-кіші), Терхин тақтасы (756 ж.). Жетісуда, Талас бойынан Батыс Түркі қағандығы тарихынан сыр шертетін 12 жазу табылды. Олардың көпшілігі тасқа, металл монеталарға, ыдыс-аяқ, ағаш таяқшаға жазылған. Ескерткіштер шамамен VI-VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Мұнда қара түркештер әулетінің Сулук Чабыт-чора және оның баласы билік құрған дәуір жөнінде ақпарат береді.
Түркі әулеті VI ғасырдын орта шенінде жеке мемлекет ретінде тарихи аренаға шықты. Алғаш рет жазба деректерінде Түрік қағандығы мен Қытай патшалығы арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынас баяндалады. Күлтегін ескерткішінде Қытайдың езгісінде болып, құрып кетуге таянған түркі тайпаларының басын қосып, тәуелсіздікке жеткізген есіл ерлердің ерлігі жырланады.
Бүгінгі қазақтың ата-бабалары болып есептелетін түркі жұртының рухани әлемі тек осы шығармалармен шектелмейді. Сөз саптауы, поэтикалық өлшемдермен келетін көне түркі әдебиетінін алғашқы нұсқалары зерттелу үстінде. Бұл процесс жаңа ғана өз жал-ғасын тапқан сияқты. Кез келген жыр, эпикалық шығарма, ертегі-аңыздар үлкен тарихи дерек.
Х-ХІІІ ғасырларда Қазақстанның қазіргі территориясы аса дамыған ортағасырлық араб-парсы-түркі өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Тарихи тұрғыдан түркі ислам мәдениетінің қалыптасу процесі ұзаққа созылды. Исламның Орта Азияға тарауы әйгілі Талас соғысында түркілер арабтармен бірігіп, қытайларга қарсы шайқасуы түркілердің ислам өркениеті құрамына енуіне зор әсер етті. Осыған байланысты кең байтақ қазақ жерінде араб графикасы кеңінен тарады.
Ғұлама бабаларымыз Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни, Махмұд Қашқари, Бабыр, Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост, Мухаммад Салих, Қадыр Әлі Қосымұлы би, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын осы араб әріптерімен жазған. Осы графиканы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін пайдаландық.
Алайда араб әліпбиі тіліміздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Оны «жаңа емле» (төте жазу) деп атады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. Қытайдағы қандастарымыз қазіргі кезге дейін осы әліпби нұсқасымен жазып келеді.
Латын әліпбиі – әлемдегі ең көп қолданылатын графикалардың бірі. Біздің жыл санауымызға дейінгі жетінші ғасырда этруск әліпбиінін негізінде пайда болған жазу үлгісі осы күні 25 әріптен тұрады. Латын тілі келмеске кетсе де, оның пайдаланған жазуы әлі күнге әлемнің көптеген халықтарының игілігіне жарап отыр.
Латын графикасы қазақ жерінің тұрғындарына орта ғасырдан бері таныс. Көптеген ғалымдардың айтуына қарағанда. Алтын Орда заманында саясат пен сауда саласында латын әріптері кеңінен қолданылған. Өйткені Алтын Орда мемлекеті Жерорта және Қара теңіздерінің жағасында орналасқан мемлекеттермен тығыз байланыста болған. Бізге белгілі латын әріптерімен түркі тілінде жазылған алғашқы артефакт «Codex Cuma-nicus» (Кодекс куманикус) 1303 жылы Ватиканда жарық қөрген. Демек, бұл алфавит бізге, түркі халықтарына жат емес.
1926 жылдың ақпан-наурыз аралығында Баку қаласында түріктанушылардың бірінші Бүкілодақтық съезі болып, онда түркі халықтарына ортақ әліпби жасау мәселесі талқыланды. Мәжіліске сол кездегі Б. Чобанзаде, В. Бартольд, А. Самойлович, А. Байтұрсынов сияқты көрнекті ғалымдар қатынасты. Көпшілік дауыспен латын әліп-биіне көшу кабылданды. 1927 жылы түркі халықтарына ортақ «Яналиф» («Жаңа алфавит») деп аталатын графика бекітілді.
Айта кетер бір жәй, Ресей басшылары да латын графикасына қызығушылық білдірген. Патша заманында, кейін кеңес билігі орнаған кезде де латынға көшу орыс мемлекетінің күн тәртібінде тұрған. Большевик көсемдері В. Ленин, А. Луначарский осындай идеяны қатты қолдаған. Неге екені белгісіз, кейінге шегеріліп, артынан ұмыт қалады.
1928 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің тікелей қолдауымен латынга көшудін амалын қарастыра бастады. Келесі жылы қаңтар айында көп уақытқа созбай түрік ағайындар жаңа алфавиттің игілігін көре бастады. 1929 жылы Қазақстан да жаңа әліпбиді пайдалануға көшті.
1940 жылы қазан айында КСРО аумағын мекендейтін барлық халықтар үшін кирилл әліпбиі кіргізілді. Қазақ тілін кирилл әліпбиіне икемлеген қазақ филоло-гиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінін негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог Сәрсен Аманжолов еді. Басқа түркі халықтарының әліпбиіне қарағанда ол жа-саған графика сәтті шыққанын сол кездегі түркологтар мойындаған. Miнe, содан бері сексен жылға жақын кириллица қазақ мәдениетіне қызмет етті. Осы графикада қазақ ғылыми мен әдебиетінің тамаша үлгілері жасалды..
Тәуелсізлік алған алғашқы жылдары отарсыздандыру процесі басталды. Осыған байланысты кирилл әліпбиінен құтылу жөнінде пікірлер де жиі айтылды. Әрине, ол кезде мұндай әңгіме көтерудін өзі орындалмайтын арман сияқты еді. 2006 жылы қараша айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясынла ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың латынга көшу мәселесін қолға алу және жарты жылдың ішінде нақты жоспар жасау қажеттігін ескертуі көңілге үміт ұялатты.
Он жыл өткеннен кейін, 2017 жылдың 11 қыркүйегінде жаңа әліпбидін алғашқы нұсқасы көпшілікке ұсынылды. Онда 25 әріп және 8 диграф (бір дыбысты білдіретін қос әріп) бар еді. Осы жылдың 9 қазанында екінші нұсқасымен таныстық, мұнда қос әріп-тердің орнына кейбір әріптердің шекесіне нүкте қойылатын болды. Осы соңғы нұсқа Елбасының Жарлығымен бекітілді.
Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ: неге басқа әліпби емес? Неге латынды таңдадық?
Латын – көпшіліктің жазуы. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алты тілдің үшеуі (ағылшын, француз, испан) латын қарпін пайдаланады. Еуропа, Америка, Африканың кейбір мемдекеттері, Австралия, Малайзия, Сингапур, Индонезия елдері латынша жа-зады. Үндістан, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея, БАЭ, тіпті Қытайдың өзінде ішінара латын графикасы көрініс табады.
Енді, амандық болса, келесі жылдан бастап латын графикасы өмірімізге кіре бастайды. Игілікті шаруа оңай бітпесі белгілі. Кедергілер, қолдан жасалған аяқтан шалу, артық әнгіме, бітпейтін дау болуы мүмкін. Оны қазірдің өзінде көріп жүрміз. Елдің, жердің, көшенің атын өзгерту барысында қаншама қиындықтар туындауда. Осы жолда халқымызға шыдам, қажыр, қайсарлық мінез және таупиық берсін. Іске сәт, ағайын!
Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор