Кейкі батыр – әлі де зерттеуді қажет ететін тұлға
Костанай-агро, 2017 год, 26 октября (№ 41), С. 8. | Рухани жаңғыру
Үстіміздегі жылдың 20-шы қазаныңца Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» MM оқу залында Кейкі батырдың сүйегін жерлеу және еске алу іс-шараларын жалғастыруға байланысты «Өз заманының батыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында табылған архив құжаттары негізінде Қазақстан тарихындағы Кейкі батырдың рөлі және аспиранттар мен магистранттарды зерттеу жұмыстарына тарту, еске алу іс-шараларын өткізу арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы сұрақтар талқыланды.
Жиын барысында табылған архив құжаттары негізінде Қазақстан тарихындағы Кейкі батырдың рөлі және аспиранттар мен магистранттарды зерттеу жұмыстарына тарту, еске алу іс-шараларын өткізу арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы сұрақтар талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысына ғылым және шығармашылық зиялылар, қоғам, «Нұр Отан» партиясы, БАҚ өкілдері, архив және мәдени мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар мен қонақтарға «Ұлт-азаттық көтерілісі және Кейкі батыр тарих құжаттарда» тақырыбындағы фотоқұжаттық көрменің тұсауы кесілді.
Көрменің экспонаттар құрамына Қазақстан Республикасы және Ресей Феде-рацияларының мұрағаттарынан әкелінген құжаттар, сонымен қатар атақты батырдың тікелей туыстары Қосжановтардың отбасылық архивінен алынған суреттер енді.
Мұрағат құжаттарындағы деректерге сүйенсек, Кейкі батырдың бейнесі артындағы ақарлы-шаһарлы жұртымен бірге жасап, өміршендік танытса да қешегі кеңес дәуірінде солақай саясаттың салқынымен ғылыми зерттеулерден алынып тасталғаны белгілі. Соған қарамастан, Ғ. Мүсіреповтің «Аманкелді» пьесасында, М. Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ. Сәрсекеевтің «Қызыл жалау», А. Нүрмановтың «Құланның ажалы» романдарында ақиқаттың астарлап болса да айтылғанын көңілге медет тұтамыз.
Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап тарихи тұлғаның тағдырына арнап К. Әмірқызы, С. Тұрғынбекұлы, А. Байжан, Ә. Қылышбайұлы, Қ. Әлім және тағы басқалары мерзімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақ жарық көрген сол мақала, кітаптарда Кейкінің күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс оның өмірбаянына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты. Мәселен, оның туған, өлген жылдары, кеңестік билікке қарсы күрескен тұстары бұрмаланып көрсетілді. Мұның басты себебін мұрағат қорларындағы құжаттардың сол уақытта әлі ғылыми айналымға түспеуімен түсіндірсек қателесе қоймаймыз.
Сонымен, қолдағы бар деректер мен жинақталған мұрағат қорларындағы құжат-тарды саралап байқасақ, батырдың өмірі былай өріледі. Азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет, руы – құлан қыпшақ. Көп кісіге қосылмай кейкиіп жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына «Кейкі» атымен танылған. Шежіреге зер салсақ ол бес ағайынды болған. Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі және Шұбар туады. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосжанның ғана ұрпағы бар. Кеңес өкіметі кезінде Көкембайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басмашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан теперішті көп көрген.
Кейкі батырдың елін күреске бастап шығуы және отарлық саясатқа қарсы қарулы қарсылық танытуы, атының ел аузына ілігіп «құралайды көзге атқан мерген», «батыр» атануы Торғай даласындағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі тұсында керініс тапты.
Қазақ даласын тұтастай шарпыған Ресей патшасының 1916 жылғы 25-ші маусымдағы жарлығы түрткі болған азаттық жолындағы күресте Кейкінің батырлығымен қатар құралайды көзге атқан мергендігі кең танылды. Сол көтеріліс кезінде ол Торғай даласында құрылған Қыпшақ хандығының мергендер мыңдығын басқарды. Әу баста «патшаға қара жұмысқа адам бермейміз» деп өз қарсылығын танытып, ұйысқан халық бара-бара жеке хандық құрып, ауыз бірлігін танытты. Көтерілісшілердің 50 мыңдық әскеріне Амангелді Иманов бас сардар болып тағайындалса, хан қылып халқы Әбдіғапар Жанбосыновты кетерді. Кейкі батырдың ерліктері 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысындағы Торғай, Құмкешу, Доғал, Үрпектегі және басқа да патшаның жазалаушы әскерлерімен болған шайқастарда анық керінді, асқан мергендігімен, ержүректігімен кезге түсті, яғни кетерілістің даңқты қаһарманына айналды, ерлігі аңыз болып тарады.
Деңгелек үстел барысында Кейкі бабамыздың салтанатты жерлеу рәсімінен бейнеролик керсетілді. Сонымен қатар, архив қызметкері жақсы деректермен белісті. Және де батырдың тікелей ұрпағы Сейтқали Қосжанов Салтанат Тащанованың Кейкі батырдың емірін, ерлігін зерттеуде сіңірген ерен еңбегі үшін төсбелгі тақты.
Еркін Әбіл, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
– «Рухани жаңғыру» атты бағдарламаның бір маңызды бағыты тарихи санамызды революциялық ұғыман эволюциялық ұғымға көшіру. Бұл өте үлкен маңызды мәселе. Менің ойымша, Кейкі батырды біздің ұлттық тарихымызға қайтару, осы бағытпен тығыз байланысты. Жасырмай айтсақ, бізде бүгінгі күнге дейін тарихымыздағы азаматтық соғыс аяқталмады. Қазіргі таңға дейін бізде осы тұлғалардың рөлі жөнінде, олардың тарихтағы орны туралы дау әлі күнге дейін біте қойған жоқ. Мысалы, ел арасында мынадай ұғым бар: «Соңғы солдат жерленбей, соғыс аяқталмайды» деген. Сондықтан да осындай шаралар арқылы бір ғасыр өтсе де аты өшпейтін тұлғалар туралы шындықты ашудың бүгінде маңызы зор деп білемін. Сөзімді қорытындылай, нақты үш аспектіге тоқтала кеткенді жөн керіп отырмын. Оның алғашқысы батыр бабамыз Кейкінің бас сүйегінің туған жерге оралуы. Бұл әр қазақ баласы үшін ерекше қуанышқа толы күн. Алайда, кейбір шараларда Кейкі Көкембайұлының сол кезде жасаған ерлік істері жан-жақты талқылауда болады. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Өйткені, бізден бір ғасыр бұрын ғұмыр кешкен бабамыздың сол кездегі ел арасындағы атағы, жауға қарсы шыққандағы басынан өткен азап күндер жөнінде біз хабардар емесліз. Дегенмен, оны жақсы жағыннан жеткізіп, келер ұрпаққа дәріптеу міндетіміз болып саналады. Және де екінші аспекті ретінде бүгінде аз сөз қозғалып жүрген Алаш Орда туралы айтқым келіп отыр. 1916 жылғы көтерілісте олар да еліміздің 1991 жылғы Тәуелсіздікке қол жеткізуне үлкен үлес қосып кетті. Мен тоқтала кеткім келген үшінші аспекті даңқты бабамыз Кейкі батырдың бас сүйегінің елге оралғанымен тоқталып қалмауымыз керек. Біздің ұлттық тарихымызда осындай ел үшін ерлік істер атқарган өзге де жандар бар. Олардың қатарында сол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан Әбдіғапар Жанбосынов, Оспан Шолақов сынды бірқатар азаматтар да бра. Сондай адамдардың ерлік істерін жариялауда да архив қызметкерлерінің еңбегі ерен деп айтқым келеді.