Халық тарапынан қолдау табуда

Наш Костанай, 2017 год, 17 октября (№ 28), Б. 6. | МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Өтеген ИСЕНОВ

Немесе қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру хақында

Міне, егемен еліміз жаңа тарихи кезеңнің белесіне аяқ басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы да жарияланды. Қазіргі таңда ол күллі республикамызда талқыланып, жұртшылық тарапынан қолдау табуда.

Баршаға мәлім, еліміздің мемлекеттігіне 550 жылдан асса, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толды. Еліміз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесс – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алды.

Елбасы: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар.

Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірак, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген болатын.

Демек, рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Жаңғыру атаулы тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді заманауи тұрғысына лайықты байыта түсуге тиіс. Бұл бағдарлама еліміздің рухани жаңғыруының жаңа белесіне шығар жолдың темірқазығы болуы керек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің ұлттық-рухани құндылықтарының қайнар көзінен нәр алатын ұлттық сананың құндылығының заманауи рухани жаңғы-руына айналғаны жөн.

Осыған орай аталған бағдарламада Елбасы сананың ашықтығын үш негізгі ерекшелікпен айқындай түседі.

Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.

Ол дүйім дүниеде, жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл-бір.

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мумкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.

Таяу жылдардағы міндеттер туралы мемлекет басшысы бағдарламасында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін алға тартады.

Латын әліпбиіне көшу әлемдік түркі халықтарының рухани мәдениетінің құндылықтарымен танысуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған окулықтарды дайындауға кірісу қажеттігі. Алдағы екі жылда ұй-ымдастыру және әдістемелік жұмыстардың жүргізілуінің маңызы айтылды. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұраты-ны айтылған.

Қорыта келе айтпағымыз, біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің рухани-саяси қажеттілігін қанағаттандыратын аса құнды құжат.

Екіншіден, қазақ елінің түбегейлі жаңғыруы және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің тендессіз тарихи тағылымының заманауи белесі. Үшіншіден, халқымыз рухани жаңғыру жөніндегі мемлекет басшысының бағдарламалық ұсыныстарының маңызын терең түсінеді.

Төртіншіден, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық рухани болмысымыздың жаһандық заманауи жағдайындағы сақталуының кепілі. Бесіншіден, «Рухани жаңғыру» атты концептуалды тарихи мәні бар құжатты басшылыққа ала отырып, жаһандық жағдайда ұлттық болмысымыз бен рухани құндылықтарымызды жаңаша жаңғырту арқылы жүзеге асыру баршамыздың азаматтық парызымыз.

Өтеген ИСЕНОВ, тарих ғылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Халық тарапынан қолдау табуда