Серікбай ОСПАНҰЛЫ: ҚАЗАҚТА ЫБЫРАЙДАН АСҚАН ЖАНАШЫР ЖОҚ

Нұрлы таң, 2017 год, 10 қазан (№ 39), Б. 5. | ӨЛЕҢ ҰЛТ. ТҰЛҒА

Ospanov Serikbay

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығарма-шылығын зерттеп, өнімді еңбек етіп жүрген жерлесіміз Серікбай Оспанүл ының жақында тағы бір жинағы жарық көрді. «Алтынсарин әлемі» деп аталатын кітапта ағартушының шәкірттері, үш жұрты, жұмбақ қазасы жайында деректер берілген. Сол жинаққа енген мәліметтердің кейбірі сухбатымыздың арқауы болды.

- Осы уақытқа дейін ұлы ұстаз туралы төрт-бес еңбегініз басылын шықты. Ыбырайтанушылар жарияламаған көптеген тың деректерді таптыныз. Онын бәрін қай архивтерден алып жатырсыз және олар бұрын неге айтылмаған?

- Жалпы, Ыбырай Алтынсарин тақырыбы көп жазылды, бірак аз зерттелді. Мұхтар
Әуезов, Әміржан Сыдықов, Әнуар Дербісалин сынды зерттеушілер талай архивті қо-
парып еңбектенсе, басқалары солардың жазғанын көшіре берген. Кеңес дәуірінде бәрі
саясат шегінен аспау керек деген қағида болды ғой, ғалымдарымыздың еңбектерінен
соның ізі анық байқалады. Олар көп дүниені білді, бірақ айта алмады. Мысалы, ағарту-
шының ата-тегі жөнінде. Өйткені, Ыбырайдың ата-бабалары бай-шонжарлар еді. Сон-
дай-ақ Балғожа биге де дұрыс баға берілген жоқ. Үш жұртына қатысты деректердің жазылмай қалуы сол кеңестік идеямен сәйкес келмеуінен еді. Егемендік алғаннан кейін мұның бәрін еркін айтуға мүмкіндік туды. Соңдықтан, бүгінгі күн биігінен қарап, көптеген деректерді толықтырып, қайта жазып шықтым.

Қазан, Петербор, Мәскеу мұрағаттарынан және өзіміздің Ғылым академиясының сирек кездесетін қолжазбалар қорынан жаңа, бұрын ешкім көріп-білмеген материалдарды таптым. «Алтынсарин әлемі» жинағына енген өлеңдердін 70-80% жаңалық деп айтуға бо-лады. Өткен ғасырдың теріс идеологиясы кесірінен олардың көбі уақытында жарыққа шықпай қалған.

- Ел арасында Балғожа биге қатысты әртүрлі пікірлер кездеседі. Кенесарыны жақтамағанын алға тартып, тіпті сатқын ретінде көрсеткісі келетіндер бар. Сіздің уәжіңіз?

- Шығыста Құнанбай, Қостанайда Балғожа бір-бір мектеп болған. Кезінде осы екі тұлғаны күстаналап, «шен-шекпен үшін сатылған», «патшаға жағынып, солардың сөзін сөйлеген» деген сыңайдағы артық сөздер айтылғаны рас. Олардың бәрі жаңсақ пікірлер. Зерттегенге дейін мен де сондай қате көзқараста болатынмын.

Балғожа бидің немересіне арнаған тағы бір өлеңін тауып алдым. Соны оқысан, әлгі пікірлердің дұрыс емес екеніне көз жеткізе түсесің. «Шамаң жетсе, нашардың жағында бол» деп, жарлы-жақыбайларға көмесуге кеңес беріп, қалың орыстың арасында абай болуын ескертеді. «Қашанда мұсылманшылық тұтқасынан айрылма» дейді және.   Кейін   ағартушы   кітап жазғанда атасының осы сөзін алған шығар, бір жинағы «Мұ-сылманшылық тұтқасы» деп аталды.

Балғожаның екіұшты тұлға болатын себебі мынау: мұндағы елге, ағайынға жүрегіндегі сөзін айтса, елдің тыныштығы үшін ақ патшаға басқаша сөйлеген. «Сіздерге қызмет етіп жатырмыз» деген. Орыстың отарлау саясаты өршіп тұрған кез, қолдан келер қайран бар ма, солай айтуға мәжбүр болған.

Ыбырайды да толық түсінбегендер бар. Алғашында Қостанайда жергілікті қазақтар «баламызды шоқындырып жібересің» деп оның мектеп ашуына қарсылық білдірген. Ол күмән негізсіз емес еді. Шындығында, Ыбырай ашқан мектептерде балалар діни білім алуы керек-тін. Миссионерлердің көздегені сол, қазақты шоқындыру болатын. Бірак ұлы ағартушы олардың айтқанын орындамай, ұлтының көзін ашуды мақсат тұтты. Ол мектепте христиан емес, мұсылман дінінің сабағын өткізді.

- Ыбырайдын нағашылары туралы да деректер тым аз. Мәселен, Шеген бидің, Бірімжановтардың ұстазға туыстығы ғана айтылып келді де, тұлғалық қырлары ашылған жоқ...

- Ең алғаш «Ыбырайдың нағашылары» деп «Егемен Қазақстан» газетіне мақала берген болатынмын... Анасы Аймен – Шеген бидің қызы. Шеген – патшаға қарсы болғандардың бірі. Оның уақытында зерттелмеуі содан. Кітап жазғандағы негізгі мақсатым – осы кісілердің тұлғалық қырларын ашу. Торғайда бекініс бой көтере бастағанда ол аға сұлтан Ахмет Жантөринге қарсы шыққан. Өзімен санаспағаны үшін би бір кездері патша сыйлаған алтын оқалы шапанын қайтарып береді. Ол шапанды патшаға қызмет етіп алмаған. Кенесары 1845 жылдары Торғай бойына қоныстанғанда, Шеген билер оған жер берген. Білмей қалған болуы керек, бір күні хан Кененің әскері Шегеннің жайылымда жүрген жылқыларын айдап әкетіпті. Сол тұста патша үкіметі кімде-кім Кенесары туралы қандай да бір ақпар таратса немесе істеген қылмысы туралы айтса, соны алтын-күміспен жарылқаған. Шеген би кейіп отырып, сол жағдай туралы айтып қалса керек, сөзі патшаға жетіп, жоғарыдан әлгіндей сый келеді. «Маған не салып жатқандарынды түсіндіріңдер, әйтпесе, мынау «қарғыларыңның» керегі жоқ» деген екен Шеген би.

Патшаға қарсы шығуына тағы бір себеп – Тархан атағының берілмеуі.

Ахмет Бірімжановтың Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ол алты Алаштың арын арлап, жоғын жоқтаған. Ол Думада сөйлеген сөзінде Қазақстан жерін жаппай тартып алуға, орыс шаруаларының қоныс аударуына қар-сылық білдірген. Ол жөнінде ғалым Өмірзақ Озғанбайдың еңбектерінде көптеп айтылады.

- Педагог, ғалым, дінтанушы, ақын, қайраткер... Ұлы ағартушының барлық қыры ашылды деп ойлайсыз ба?

- Ыбырайдың елге деген жанашырлығы бір керемет. Мұндай жанашырлықты мен басқа тұлғалардан көрген жоқпын. Біріншіден, мектеп ашып, ол мәселені өзіміздің пайдамызға шешуі, қазақ балаларының көкірегін оятуы. Екіншіден, ел ішінде қандай бір зұлмат болмасын, сол тақырыпқа алғаш қалам сілтеген де осы Ыбырай. Мысалы, 1889-1890 жылдары Торғайда алапат аштық болған. Осы нәубеттен халықты аман алып қалған Алтынсарин. Ильминскийге: «Өзім де дұрыс жасамағанымды біліп отырмын, бірак айтпасқа амал жоқ, елді ашаршылық жайлап кетті. Бәленше байдың мынанша үйірінен 4-5 бие қалды, менің асыл тұқымды үш жүз жылқым бар еді, соның бәрі қырылды. Бұлай жалғаса берсе, өздеріңіз қаны таза деп есептейтін қазақ халқы құрып бітеді» деген сы-ңайдағы хат жолдаған. Ол өзінің бас пайдасын тілеген жоқ, мектепті жауып тастайды деп қауіптенді. Азаматтық ары жібермеген болуы керек, одан кейін де үш-төрт мақала жа-зады.

Қара шекпенділер қаптап, жерімізді жайлай бастаған кезде де тыныш жатпай: «бұрын емін-еркін малын жайып жүрген қазақ қазір ұлтарақтай жер үшін бір-бірімен қырқысатын күйге жетті. Тіпті, қақтығыстардың соңы адам өліміне де апарып жатыр», – деп жазды тағы бірде. Жақында Мәскеудін тарихи-әскери архивінен келесі бір ма-қаласын таптым. Онда да түйткіл түйіңін тарқатуға тырысқанын аңгарасың. Қазаққа қуан жерлер бұйырып, орыс-қазақтарға шұрайлы алқантар беріліп   жатқанын   тілте   тиек етіп, «көз жасымызды көл ете отырып, сол жерлерімізді қайтарып берсеңіздер екен» деп мәселені төтесінен қойған.

Абай да, Ыбырай да әуелгіде орыстардың отарлау саясатын түсінген жоқ. Ильминскийдің бір жазғаны бар ғой, «олар өздерінің орыс болып кеткенін білмей қалатын болсын» деп. Бірақ екі тұлға да ұлт мүддесін еш естен шығармаған. Ыбырай сол үшін де қуғын көрді. «Алтынсариннің кудаланып, мектептен шеттетіліп, жер аударуға дейін жеткені, сайлау кезінде тергеуге алынып, одан шеттелуі Ильминскийдің ық-палынсыз жүргізілді деуге болмайды. Николай Ивановичтің өзгеге дәргейі жүрмесе де Ыбырайды қудалатпайтыңдай құдіреті бар болатын» дейді бір еңбегінде белгілі ғалым Тұрсын Жұртбай.

Ол отаршылдардың сұрқия әрекетін кеш түсінгендіктен ішқұса болды. «Жаназама 99 молда кірсін» деп өсиет етуі де содан болса керек.

Ыбырайдың төрт рет сот болғаны туралы да біле бермейміз. Яковлев оның іс-керлігі туралы жоғарыға төрт рет хат жазған, сол төрт хатты да таптым. «Жұмысына адал, өз ісін жақсы меңгерген» деп баға берген. Менің кезекті кітабымда осы жөнінде де мәліметтер бар. Біз қай салада болмасын, дана ұстаздың мықты қайраткер болғанын көреміз.

- Аға, сұрақтарыма жауап беріп, пікір бөліскенініз үшін рахмет!

Аслан ҚАНҒОЖИН

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Серікбай ОСПАНҰЛЫ: ҚАЗАҚТА ЫБЫРАЙДАН АСҚАН ЖАНАШЫР ЖОҚ