Зобалаң жылдар хроникасы
Қостанай таңы, 2018 ж., 30 мамыр (№ 61), Б. 4.
31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Қазақстан тарихындағы қасіретті апат 1919-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық нәубеті. Кеңестік кезенде ашаршылық Қазақстанда, Еділ бойында, Украинада, Солтүстік Кавказда да болды. Бірак, солардың ішінде ең сұмдық қасіретті қазақ халқы тартты. Ашаршылық қазақ халқының дамуын 100 жылға кейін шегерді.
Алғашқы аштық кезінде, 1919-1922 жылдарда бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Бұл сол кездегі қазақтың санының шамамен 20-30% құрайды. Алаш арыстары-ның көсемі Ахмет Байтұрсынов 20-жылдардағы аштық жөнінде 1922 жылғы "Қазақ календарына" жазған "Тәні саудың – жаны сау" атты мақаласында: "Ашаршылықтан адамның тәні де, жаны да азып, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті" деген.
***
Қазақстандық ғалымдардың зерттеуінше, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта құрбан болған қазақтардың саны 1 млн. 750 мың адамға жеткен. Ал, кейінірек Мәскеу және Алматы орталық мемлекеттік мұрағаттарынан жаңадан табылған құжаттар аштық жылдары қырылған қазақтар санының 2 млн адамнан асып кеткенін байқатты.
***
Мұрағат құжаттары және естелік әңгімелер өте көп. "Қызылдар қырғыны" кітабында ашаршылықтың кезіндегі оқиғалар толығымен сипатталған. Солардың бірі: "Шеткі бір үйге келдік. Алда келе жатқан кіреші үйдің есігін тартып еді, ашылып кетті. Төргі үйде шымылдық құрулы тұр екен. Көп уақыт жел мен күн тимеген соң, шүберек солай тұрып шіріп кетсе керек. Іргедегі төсекте екі адам құшактасып жатыр. Шындығында адам емес, екі адамның қаңқасы, еттері ағып, сүйектері қалған. Адамның шашы шірімейді деген рас екен. От жақтағысы жас әйел болса керек, көмірдей қап-қара екі бұрымы бөксе тұсына дейін шұбалып жатыр. Кірешілер отыра қалып, ауыздары жы-бырлап, көмейлері күбірлеп дұға оқи бастады. Мен не отырудың, не шыға жөнелудің ретін таппадым, дір-дір еттім. Жаңадан қосылған жас жұбайлар құшақтасып жатып өлейік деген болу керек" – деп жазады.
Шу елді мекеніндегі құжатта: "Шу поселкесінің маңайындағы төңіректегі № 75 барақтағы босқындар жатақханасы және тамақтандыру орны жан төзгісіз жағдайда. Бас-пана әл-дәрмені таусылған, көбі әзер дегенде қозғалатын босқындарға лық толы. Баспана іші былғаныш, сасық. Жүзге тарта адамдар жерде жатыр. Баспананың айналасы ластанып кеткен. Барлық жерге сүйектер, жыртылған киімдер, адамдардың қоқыстары және шығыс жағында тоғыз өлік жатыр, барақтан біраз жерде солтүстік жерде тағы да өлік. Барақтың орнынан шығысқа қарай бір жарым шақырымдай қашықтықта шұқырда тағы бес өлік жатыр. Қазақ бейіті жас молаға толы".
***
Мұрағат деректерінен байқағанымыз, өлгендердің есебін ешкім де жүргізбегенге ұқсайды. Өйткені өлгендер санына байланысты қойылған сұраққа поселкалық кеңес төрағасының орынбасары Сихымбаев былай деп жауап берген: "Қар ериді емес пе, міне, сонда өлгендердің қанша екенін көретін боламыз".
***
1932 жылдың зобалаңындағы ресми деректерге қарағанда, ашаршылық жылдары емшектегі сәбилердің 72 проценті, жеті жасқа дейінгі балалардың 60 проценті кырылып қалған. 1932 жылы қазақтар арасындағы өлім бала туушылардан артық болып, Орал қаласында бес есеге, Қостанайда екі есеге, Қызылжарда екі есеге артып кеткен. 1932 жылы балалар үйінен 68617 жетім атанса, 1932 жылы 1 қаңтарға дейін 45100 бала панасыз қалып, оның 1682-і аштан өлген.
***
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: "Егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік", – деген болатын.
Болашақ ұрпақ бұндай қасіретті оқиғаны ұмытпай, тарихтың ащы сабақтарын жадыларында сақтау керек. Халқымыз ел экономикасының дамуына, әл-ауқатының жақ-саруына еселі еңбек ету тиіс.
Өтеген ИСЕНОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Гүлсая АЛТЫНБЕК,
3 курс студенті,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті.