Ы. Алтынсарин мен И. Гаспринский
Қостанай таңы, 2018 ж., 26 қантар (№ 10), Б. 9. | Рухани жаңғыру
Ы. Алтынсарин татар ағартушылары Ш. Маржани, Қ. Насыри (Ғабдолқаюм Ғабденнасырұлы Насыров), С. Куклашев, Х. Фазылханов, қырым татары Исмағұл-бек Гаспринскиймен достасып, хат алысып тұрған. Әсіресе, Ыбырай И. Гаспринскиймен өте жақын болған, екеуінің өмірінде бір-біріне ұқсастық көп.
Ы. Алтынсарин татар ағартушылары Ш. Маржани, Қ. Насыри (Ғабдолқаюм Ғабденнасырұлы Насыров), С. Куклашев, Х. Фазылханов, қырым татары Исмағұл-бек Гаспринскиймен достасып, хат алысып тұрған. Әсіресе, Ыбырай И. Гаспринскиймен өте жақын болған, екеуінің өмірінде бір-біріне ұқсастық көп.
И. Гаспринский – Исмағұл Мұстафаұлы 1851 жылы 21 наурызда қазіргі Қырым автономиялы облысының Бақшасарай ауданында Ауджикой ауылында дүниеге келген. Әкесінің туған жері Ғаспра, осы ауыл атауына орай Ғаспралы тегін алып, Гаспринский аталып кеткен. Ол Бақшасарайда өсіп, ер жетіп, алғаш медреседе, кейін "Ақмешіт" орыс мектебінде, одан соң Воронеждегі өскери мектепте оқиды. Алайда, панисламдық саясатқа қарсылық білдіріп, Воронеждағы оқуын тастап, Бақшасарайға келіп, Зінжірлі медресесінде орыс тілінен сабақ береді. 1869 жылы Ялтадағы Дерекой мектебіне ауысып, екі жыл қызмет істеп, Бақшасарайға қайта оралады. Тағы да Зінжірлі мектебінің мұғалімі болады. Ыбырай: "Кел, балалар, оқылық!", – деп бүкіл адамзат баласын оқу-білімге шақырса, Гаспралы барлық мұсылмандардың білімді болуын қалап, үндеу тастады
Ы. Алтынсарин "Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы", – деп мектеп жұмысын жақсартып, артта қалған халықты қызықтырып, окуға тарту жолдарын көрсетсе, И. Гаспринский де осындай мақсатта мектепті жетілдіріп, тәрбиені мектептен бастау керектігін айтқан ағартушылардың бірі.
Екеуі де халық қамын ойлап жанашырлық публицистикалық мақалалар жазды. Ыбырай "Жұт туралы", "Қазақ даласындағы аштық туралы", "Қазақ қасіреті" мақалаларын, Исмағұл "Мир Ала Шер Науаи", "Насихат таббия", "Тарих әғләмәт уа их тирәғәт" атты танымдық, тағылымдық очерк, эсселерді дүниеге әкелді.
Ыбырай өзі ашқан мектепке тарих пәнін енгізуге айрықша көңіл бөліп, 1879 жылы 17 желтоқсанда В. В. Катеринскийге: "...Жалпы тарих пен орыс тарихының қысқаша курсы өте ұнайды. Бұл кітап қысқаша жазылған, бірақ қажетті мәліметтердің бәрі бар. Тарихты осы кітап бойынша окытсақ қайтеді? Өйткені, орыс тарихын жеке алсақ, онда балалардың білімін өсіретін әр түрлі мәліметтер өте кем ғой, ал әлгі айтқан кітабымыздың көлемі "Орыс тарихының" көлемінен үлкен емес, сөйтсек, мұны өткеннен кейін балалар да менің ойымша өте кең түсінік алар еді", – деп жазса, Исмағұл да тарих пәніне ерекше қараған.
М. Дулатов 1914 жылы "Исмағұлбек Гаспринский (Опатынан сон)" деген мақала жазып, оның қайтыс болғанын айтып, оқушыларды өмірбаянымен таныстырады:
"Исмағұл мырза алғашқы оқуын ауыл мектебінде оқып, онан кейін Мәскеу гимназиясына барып түскен. Надан жұрт баламыз орысша оқыса, орыс дәмін татса, ойбай, орыс болды, енді айрылдық, елден-жұрттан безеді деп түсінеді. Орысша оқыған "овтар" шаш өсіреді, мұрт баспайды деп, надан қажылар орысша оқығандарды кемсіткісі келеді. Мінекей, түрік ұлтының шын баласы ғана түгіл ноғай атасы дәрежесіне жеткен" [Дулатов М. Қысқаша тәржіме халі // Қазақ, 30 сентябрь, 1914. № 80].
Дәл осындай жағдай Ыбырайдың басында да болғаны баршаға аян.
Ыбырай "Қазақ" деп ат қойып, қазақ тілінде газет шығаруды ойластырса, Исмағұл "Тәржіман" деген газет шығарып тұрған. Бұл газет Кавказ, Қазан, Сібір, Орта Азия, Қытай, Иран мен Мысырға да таратылған. Басылым тек қана Ресей түріктеріне ғана емсс, барша мұсылман қауымңың арын арлап, жырын жырлай білді.
Ыбырай елең жазса, Исмағұл қаламынан "Ай", "Күн", "Жұлдыз", "Жаңа әйнек" т. б. сияқты жырлар туды.
Ыбырай "Қазақ хрестома-тиясын" дүниеге әкелсе, Исмағұл "Ходжа-исыбян" атты әліппе жазды" [Бақшасарай, 1892 және 1902]. Басқа да алуан тақырыптағы бірнеше кітабы жарық көрді.
Ыбырай да, Исмағұл да Крылов мысалдарын аударды [И. Гаспринский, "Крылов тәмсиләтидән тәржумалар"].
Жақында Қостанайдағы Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі И. Гаспринский музей-үйімен (Бақшасарай тарихи-мәдени және археологиялық музей қорығы) хабарласып, И. Гаспринскийге Ы. Алтысариннің 1884 жылы "Мұсылманшылық тұтқасы" кітабына жазған қолтаңбасының (автографы) көшірмесін алдырды:
Атадан бері қадірлісің
Саид төре сұлтаным.
Панасында сақтасын
Сіздерді қадыр субканым.
Жәрдем сізге бұл кітап
Сағынғаннан төреміз
Хатр үшін сақталым.
Өзімізден шыққан асыл деп,
Асылдан қалған нәсіл деп
Сыртыңнан бата берейін.
Ағайынға болмадың
Нәсіп болып бір сыбай
Сағынады ағайын
Арғын, қыпшақ жұртың-ай.
Хайыр қайдан болған сұлтаным,
Жарың болсын бір құдай.
Жәдігер болып қалмаққа,
Есіңізге алмаққа
Бұл кітапты жіберді
Қарашуның Ыбырайы
8-ші мизанда 1884жылда
Шахар Орынбурғ.
Ыбырайдың, "Атадан бері қадірлісің Саид төре сұлтаным" дейтіні И. Гаспринский Қырым хандары нәсілінен.
Ұлы ұстаз қолтаңбасынан оның И. Гаспринскийді жоғары бағалағанын аңғарамыз.
Исмағұлды ұстаз тұтқан Шәкәрім Құдайбердиев те: "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі кітабында: Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы ұстазым – "Тәржіман" газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін ол кісіігің газетін оқып, бек көп пайдаландым", – дейді. Шындығында да бүкіл мұсылмандар қауымын "Тілде, пікірде және істе бірлік" деп, өнер-білім жолына шақы-рып, халық қамын жеген И. Гаспринскийдің де, оның "Тәржіма" газетінің де атқарған ісі қазақтар үшін де айтарлықтай еді. Осы басылымда жарық көрген "Қазақтар", "Торғай" һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы, "Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың құқы", "Қазақтар және отарлау саясаты", "Тұтас халықтың қырғыны" сияқты мақалалар соның айғағы.
1914 жылы "Қазақ" газетінде жарық көрген "Исмағұлбек Гаспринский" деген мақаласында: "Исмағұл мырза ғирт етіп, отыз үш жыл", "Тәржіман" басынан жыл-жымай, жұртка көсемдік етті. Мұсылмандарды окуға, жазуға үйретті. Мектеп ашып берді. Мұғалімдер шығарды, һәр түрлі жәмъаяти хайриялар аштырды, тіл һәм әдәбиәт туғызды, мәңгі бітпес пікір, идея берді. Россия мұсылмандарын тілі бір ұлт халіне қойды, кейінгісін ойлағандай, ілгерісін болжағандай ой берді.
Сондықтан Исмағұл мырза түрік ұлтының зор тәрбиешісі, ұлұт ұстазы, ардақты атасы болып дүниәдан қайтты", [1914.16 октябрь], – дейді.
Ыбырай да, Исмағұл да өз ұлтының ұлы ұстаздары.
И. Гаспринский 1914 жылы 11 қыркүйекте Бақшасарай ауданында қайтыс болды.
Ы. Алтынсарин және Чжан Фэн
Чжан Фэн – Ресейде елшілік қызмет атқарыпты. Ол орыс, жапон, ағылшын тілдерін жетік біліп, еркін сөйлейді екен. Оның ұлы Чжан Фан Қытайдың Шынь-си аймағының ірі кәсіпксрлерінің бірі. Жеке кітапханасында әкесінен қалған 1957 жылы Бегежан Сүлейменов құрастырған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының жинағы табылды. Кітап беттерінде орыс және қытай тілдерінде жазылған белгілер бар. Яғни, Ыбырай жи-нағын қытай елшісі оқыған, зерттеп, зерделеген.
С. ОСПАНҰЛЫ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының профессоры.