Дарынды жастар ерекше көзге түсті

Наш Костанай, 2018 год, 22 мая (№ 41), Б. 8 | ҚҰНДЫ БАҒДАРЛАМА

Нұрлыбек ЕЛКЕЙ

Оларға лайықты құрмет көрсетілді

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы жарияланған сәттен бастап, жұртшылықтың болашаққа деген сенімдерін күшейтті. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдар-ламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары өз бағытымен құнды екендіктерін көрсетті.

Аталған бағдарлама бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық универ-ситетінде жастарды тәрбиелеу жолында көптеген игі істер атқарылуда. Себебі, жас ұрпақ туған өлкесінің тарихын, табиғатын, біртуар перзенттерін біліп, танып өскенде ғана туған жерінің шынайы патриоты болмақ. Құнды мақалада айтылғандай: «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттык патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады».

Университет оқу процесінде облыс, қала және аудан мектептерімен үнемі тығыз байланыста. Кәсіби бағдарлау жұмыстары барысында оқушылармен бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектеп түлегі – болашақ ЖОО-ның студенті.

Осы тұрғыда, талапкерлердің оқу-білімге деген қүштарлығын және олардың білім алуын қолдау мақсатында ЖОО-ның қабырғасында 2018 жылдың сәуірінде рес-публикалық эссе байқауы өткізілді.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында тарих пәні бойынша өткен байқау болашақ студенттердің туған ел мен жерге деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. Алдын-ала дайындалған байқау Ережесі еліміздің әр түкпіріндегі мектептерге жіберілген болатын.

Аталған байқау 26 ақпаннан 26 наурызға дейін жалғасып, қатысушы мектеп түлектері орындалған жұмыстарын электронды түрде жіберді. Ережеде көрсетілгендей, эссе авторлары «Менің кіші Отаным – Туған жер», «Астанаға – 20 жыл», «Біздің за-манымыздың Заңғарлары – облыс тұрғындары жетістіктерінің тарихы», «Біртұтас ұлт – қазақстандықтар!» – бір шаңырақ астында», «Жаһандық әлемдегі қазақ мәдениеті» тақырыптарында ізденіс танытты. Соның нәтижесінде, барлықталаптарға сай жазылған 70 жұмыс іріктеліп алынды.

Арнайы ғалым-тарихшылардан құрылған әзілқазылар тобы барлық жұмыстарды қарап, байқау жеңімпаздарын анықтады. Байқауға қатысушылардың бәрі арнайы сертификаттарға ие болды. Әсіресе, әділқазылар тобына негізгі жеңімпаздарды анықтау қиынга соқты.

Бірақ, байқау болған соң жеңімпаз болатыны анық. Соны ескерген әділқазылар байқау нәтижесінде «Менің кіші Отаным –Туған жер» бағытында эссе жазған Амангелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ержан Баймұханов Бас жүлде иегері атанды.

Сонымен қатар, 2 және 3 орындарды Рудный қаласы, № 19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Адина Шектібаева мен Қостанай қаласы Дружба орта мектебінің 11 сынып оқушысы Валерия Сухинина иеленді. Жеңімпаздарды университет ректоры Еркін Әбіл құттықтап, оларға арнайы дипломдарды табыс етті.

Бас жүлде иегері Ержан Баймұханов Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарих», «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары бойынша 1 жыл тегін оқуға және институт жатақханасында тұруға мүмкіндік алды.

Байқаудың ұйымдастырылуына әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы 3. Шахаман, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М. Бекмағамбетова және кафедра оқытушылары айтарлықтай өз үлестерін қосты.

Нұрлыбек ЕЛКЕЙ,
Қазақстан
тарихы кафедрасының
ага оқытушысы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар Дарынды жастар ерекше көзге түсті