ЖАСТАР ЖЫЛЫНАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

Костанай-АГРО, 2019 год, 24 января (№ 3), С. 2. | Жастар жылы

Қуаныш Есімханов

Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Себебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал? Қостанайлық жастардың ігікірін сұрап-білдік.

Қуанышбай ЕСІМХАНОВ: «Ғылым мен білімге бет бұрған жөн»

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы фант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет.

Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жү-зеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқка елдің атынан шығуы әбден мүмкін. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.

Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Қазір мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржыны еселеп құюда. Айталык, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар үшін арнайы пункт енгізілсе деген ұсыныс бар. Мәселен, ауылшаруашылығы саласының жандануына атсалысып жатқан жастар жетерлік. Олар жалға жер алып, жұмыс істейін десе түрлі кедергіге тап болады. Мұны жеңілдетіп, салықтық үстемелерден босату жағын жауапты тұлғалар ескерсе жөн. Ниет бар, бірақ қолдау аз.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Мәселен, жастардың езі бәзбір ұйымдардың қолшоқпарына айналудан сақ болғаны жөн. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта мерекелер кезінде жастарды тек флэшмоб сынды көңіл көтеретін ойын-сауықтық мерекелерге ғана пайдаланып жүрміз.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ-тағы жарияланымдар ЖАСТАР ЖЫЛЫНАН КҮТЕРІМІЗ КӨП