Балжанова Айгуль Магжановна
- + Филология департаменті
- + Лауазымы: аға оқытушы
- + Ғылыми дәрежесі: -
Біліктілігін жоғарлату мақсатында шетелде де, ел ішінде де оқудан өтті, әдістемелік ғылыми семинарларға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге, конференцияларға қатысқан. ҰБТ-ның өткізілу кезінде ҚР білім және ғылым Министрлігінің өкілі ретінде қатысып, ҚР білім және ғылым Министрлігі мен Ұлтық тестілеу орталығынан алғыс хат алды.
Оқытушы институттың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Филология факультетінің әдістемелік бюро мүшесі, институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі, сонымен қатар, филология факультеті кеңесі мүшесінің төрағасы болып табылады. Институттың бөлімшелерінде ішкі аудиттің өткізілу барысында комиссия құрамының мүшесі болып тұрады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, педагогикалық тәжірибе кезінде басшылықты жүзеге асырады.
Аймақтық, республикалық және халықаралық басылымдарда 40-дан аса басылымдары, G-Global коммуникативтік алаңында импакт-фактормен қоса алғанда мақаласы бар.
Негізгі ғылыми бағыты:
Жоғары оқу орындарының студенттерін оқу қызметін интенсивтендіру факторы ретінде тиімді бағалау тәсілдері.