Дайкер Александра Филипповна
- + Мектепке дейінгi және бастауыш білім беру кафедрасы
- + Лауазымы: доцент
- + Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты
А.Ф.Дайкер «Педагогика тарихы мен теориясы» мамандығы бойынша КСРО-ның педагогикалық ғылымдар академиясында аспирантураны тәмамдады.
Академик Н.К.Гончаровтың жетекшілігімен диссертация жазып, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады. А.Ф. Дайкер жүйелі түрде біліктілікті көтеруден өтті: 1979 ж. - Москва, 1982, 1987 ж.ж. – Алма-ата, 1995 ж. – Челябинск. 1985-2000 жылдар аралығында Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен Абай ат.ҚазПИ жоғары мектептің тұсындағы лабораторияның мүшесі. Көп жылдар бойы ФМЛ-дің экспериментальды алаңның ғылыми жетекшісі болып табылады. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты іске асыруда, 9 жыл ішінде Новосибирск қаласындағы халықаралық білім беру көрмесінің қазылар алқасының мүшесі. Квалификациялы еңбегі үшін бірнеше рет дипломдармен және мадақтамалармен, «Алтын белгі» көрмесінің құрметті белгісімен марапатталды. Көрмеге Қостанай қаласының үш мектебін, Рудный қаласының бір мектебін дайындап, олар «Алтын белгі» алды
А.Ф.Дайкер Мәскеу әлеуметтік мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасымен (кафедра меңгерушісі Мардахаев) тығыз қарым-қатынас қызмет етеді. ТМД мемлекеттерінің этностық-мәдени білім беру мәселелерін дайындауға белсенді түрде ат салысқаны үшін Славян Академиясының Халықаралық профессоры дәрежесіне ие болды.
А.Ф. Дайкер халықаралық практикалық конференцияларға белсенді қатысады. 100-ден аса ғылыми басылымдары, педагогикадан тапсырмалар жинағы, «Студенттердің ғылыми ұйымы» атты оқу-әдістемелік оқу құралы, «Ғасырлар тоғысындағы білім беру» атты монографиясы бар.
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері болып табылады.