Күзембайұлы Аманжол
- + Қазақстан тарихы кафедрасы
- + Лауазымы: профессор
- + Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының докторы
- + Ғылыми атағы: профессор
-
Білімі
- 1972 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады.
- 1993 жылы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.
-
Жұмыс тәжірибесі
1969 жылы С.М.Киров атындағыҚазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1969-1993 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент және кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Аманжол Күзембайұлы - Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі (1990), тарих ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995 ж.), ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі (1997).
1995 жылдан бастап Қостанай ауылшаруашылық инситутында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, Қазақ мемлекеттік заң академиясы Солтүстік Қазақстан филиалының директоры, Мемлекеттік қызмет институтының проректоры, Солтүстік-Қазақстан заң академиясының бірінші проректоры, Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институтының директоры, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, ректор кеңесшісі қызметтерінатқарды.
-
Марапаттары
- 1987 ж. - Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі;
- 2006 ж. - ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы»;
- 2009 ж. - ҚР БҒМ «Ғылымдағы ерекше жетістіктері үшін»;
- 2011 ж. - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі;
- 2014 ж. - Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа буын мамандарды дайындаудаудағы инновациялық істері үшін «А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен» марапатталды;
- 2014ж. - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
- 2015 ж. - ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы»;
- 2015 ж. - Қостанай облысы Мендіқара ауданының құрметті азаматы;
- 2017 ж. - «Мәдени мұра» номинациясы бойынша Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты.
М.Қ.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Ғылыми Кеңесінің 2018 жылғы 28 қыркүегіндегі шешімімен (хаттама №2) Қостанай мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы АМАНЖОЛ КҮЗЕМБАЙҰЛЫ ғылым және ғылыми-зерттеу жұмыс-тарын ұйымдастыру мен жетілдірудегі маңызды жетістіктері үшін академик Манаш Қозыбаевтың медалімен марапатталды. Ректор С.Өмірбаев.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов атақты ақын-жырау, ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткері Қожаберген Толыбай-ұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге қосқан зор үлесі үшін Қос-танай мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, тарих ғылым-дарының докторы АМАНЖОЛ КҮЗЕМБАЙҰЛЫН Құрмет грамотасымен марапаттады.
«ҚАҺАРМАНДАР» қоғамдық қоры ғасырлар бойы азаттық үшін күрескен, Ұлы Дала төсінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлес қосқан бабаларымыздың есімдерін ұлықтау,ерліктерін жас ұрпаққа дәріптеп, артында қалған асыл мұраларын насихаттауға бағытталған еңбегі үшін Қос-танай мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, тарих ғыл-ымдарының докторы АМАНЖОЛ КҮЗЕМБАЙҰЛЫНА алғыс білдіріп, 100 мың теңге сиақы берді.Республикалық «ҚАҺАРМАНДАР» қоғамдық қорының төрағасы Сабыр Қасымов. 16 қазан 2018 жыл.
-
Ғылыми-білім беру қызметі
1972 жылы А.Күзембайұлы тарих мамандығы бойынша диссертация қорғады, ал 1993 жылы докторлық диссертациясын қорғады. А.Күзембайұлының өзінің ғылыми мектебі бар - ол 12 кандидат, 2 ғылым докторын дайындап шығарды. 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 56-ы оқу құралдары мен оқулық және монографиядан тұрады. Оның Қазақстан тарихы бойынша оқу құралы 1992 жылдан бері 10 рет 50 000-нан астам данамен басылып шықты. Мемлекеттік тілде жазылған тарих методологиясы бойынша жазылған бірінші оқулықтың авторы.
2004 жылдан бастап А.Күзембайұлы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерішісі, тарих факультетінің деканы, Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институтының директоры, ректор кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Ол, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры ретінде тәжірибелі басшылық қызметте болған ұстаздардың бірі. Ол 45 жылдық ұстаздық қызметінде 26 жыл кафедра меңгерушісі болды. Осы уақытта кафедрада ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жанданды. Ол кісінің бастамасымен оқу-әдістемелік кешендер кітап түрінде шықты. 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша кафедра басылымдар саны жағынан институтта бірінші орынға шықты.
Ол университетіміздің барлық тәрбие жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар облыстық телеарналарда, мерзімді басылымдарда әртүрлі қоғамдық-саяси тақырыптарда сөз сөйлеп жүр.
Аманжол Күзембайұлы Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбын айқындап, «Қостанай облысының танымал тұлғалары тарихын зерттеу» мәселесімен айналысуда.
-
Ғылыми жобалар дайындаудағы қызметі
- 2009 – 2013 жж. Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Қостанай облысының тарихи топонимі» атты ғылыми жобасының жетекшісі;
- 2011 ж. Қостанай облысы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» жобасының жетекшісі;
- 2016 ж. «ЖОО-дағы тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесінің құрылымын және мазмұнын дамыту» гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобасы;
- 2017 – 2019 жж. Ботай елді мекеніндегі әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық контексттерді зерттеу және қайта құру жобасы;
- 2018 – 2020 жж. «Тобол-Торғай өңірінің мәдени мұрасы: тарих және киелі жер» ғылыми жобасы;
- 2018 – 2020 жж. «Қазақстан тарихы теориясы мен әдіснамасының жалпы мәселелері» ғылыми жобасының жетекшісі;
- 2018 – 2020 ж. «Әлем тілінің бейнесі: лингвомәдени аспект» ғылыми жобасының жетекшісі;
- 2018 – 2020 ж. «Жоғары оқу орындарындағытарих теориясы мен әдістемесін оқытудың мазмұны мен құрылымын құрастыру» ғылыми жобасының жетекшісі.
-
Еншілес ұйымдар
ҚМПУ жаршысы негізі қаланғаннан бері редакция алқасы
Ғылыми қауымдастықтарға мүшелік:
- «Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі;
- Қостанай облыстық ономастикалық комиссиясының мүшесі.
-
Негізгі ғылыми еңбектері
400-ге жуық ғылыми еңбек, оның ішінде монография, оқулық, оқу-әдістемелік құралдардың авторы:
- Есею мектебі / А. Күзембайұлы, С.П. Молдабаев. – Алматы: Мектеп, 1975. – 68 б.
- Роль оренбургской экспедиции в истории и этнографии Казахстана: материалы к спецкурсу / А.К. Абилов. – Караганда, – 40с.
- Вопросы истории и этнографии казахского народа в трудах русских авторов второй половины XVIII в: методическое пособие / А.К. Абилов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 1985. – 36 с.
- Русская историография истории Казахстана ХVШ-ХХвв.: учеб. пособие / А.К. Абилов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 1988. – 86 с.
- Казахстан в древности: учеб. пособие / А.К. Абилов, В.В. Евдокимов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 1991. – 130 с.
- История дореволюционного Казахстана: учебник для вузов / А.Кузембайулы. – Алматы: РИК, 1992. – 383 с.
- История Казахстана: (с древнейших времён до 20-х годов ХХ в. / А.Кузембайулы, Е. Абиль.- 2-е изд, перераб. и доп.- Алматы: Санат, 1996.- 351с.: ил.
- Казахская Сибирь (из истории Тоболо-Торгайского региона в VI- втор. пол. XIX в.) / А. Кузембайулы. – Костанай: КСХИ, 1997. – 52 с.
- Кузембайулы, А. Казахская Сибирь / А.Кузембайулы, Е.Абиль. – Костанай: КСХИ, Фонд "Тарихшы", 1997. – 52 с.
- Тарихшы және оның заманы/ А. Күзембайұлы, Е. Әбіл. – Петропавл, 2001. – 200 б.
- История Республики Казахстан: учебник для студ. вузов / А.Кузембайулы, Е. Абиль. – 6-е изд., перераб. и доп. – Астана: «Фолиант», 2002. – 368 с.
- История Казахстана: учеб.для вузов / А.Кузембайулы, Е.Абиль.- 7-е изд., перераб. и доп.- СПб: Соларт, 2004.- 420 с.
- Традиционная материальная культура казахского народа: учеб. пособие /А. Кузембайулы. – Костанай: КГПИ, 2006. – 47с.
- Түркі руханияты: оқу құралы / А.Күзембайұлы, Т.Ә. Ахметов, Т.Қ. Әлібек. – Қостанай: ҚМПИ, 2007. – 245 б.
- Историческая топонимика Костанайской области / А.Кузембайулы, Т.К. Алибек, Р. Ж. Байдалы, К.Е. Мурзахметов. – Костанай, 2008. – 352 с.
- Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері: мақалалар жинағы / Е. Әбіл, Т. Әлібек, А. Күзембайұлы. – Костанай: "Центрум", 2009. – 370 б.
- Некоторые вопросы методологии и теории истории Казахстана / А.Кузембайулы. – Костанай, 2009. – 370 с.
- Историческая топонимика Костанайской области: В 5-ти ч. Ч.2. (Карабалыкский, Федоровский, Костанайский районы) / Е.А. Абиль, А.Күзембайұлы, Т.Қ.Әлібек. – Костанай: "Центрум", 2010. – 294 с.
- Введение в специальность историка: учеб. пособие / А.Кузембайулы, КГПИ. – Костанай: "Центрум", 2010. – 263 с.
- Ашамайлы-керей Танаш баба шежіресі / құраст. А.Күзембайұлы; ҚМПИ, ҚАТЗИ. – Қостанай: "Центрум"ЖШС, 2011. – 732 б.
- Историческая топонимика Костанайской области: В 5-ти ч. / А.Күзембайұлы, Е.Е. Әбіл,, Т.К. Әлібек. – Костанай: "Центрум", 2011. – 260 с.
- Тарихтану теориясы. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты / А.Күзембайұлы. – Қостанай: Центрум ЖШС, 2012. – 136 б.
- Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Т ХV: Керей /А.Күзембайұлы. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2014. – 608 б.
- Тарих теориясы және әдіснамасы: оқу құралы / А.Күзембайұлы, Е.Әбіл. – Қостанай: ҚМПИ, 2014. – 220 б.
- Тарих теориясы және методологиясы: Оқу құралы. Қысқаша нұсқасы / А. Күзембайұлы. – Қостанай: «Центрум», 2014. – 188 б.
- Өкінішсіз өмір / А.Күзембайұлы. – Қостанай: «Центрум», 2015. – 221б.
- Тау тұлға / Құрастырушы А.Күзембайұлы. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2015. – 216 б.
- Тарихнама. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. /А. Күзембайұлы, Е.Әбіл. - Қостанай, 2016. - 209 бет.
- Деректану. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. / А.Күзембайұлы – Қостанай, 2017. – 228 б.
Негізгі ғылыми зерттеушілік бағыты:
Отан тарихының және өлке тарихының өзекті мәселелері.
Тарих теориясы және методологиясы. Оқу құралы / А. Күзембайұлы, Е. Әбіл. - Қостанай, 2014. - 220 бет.
ISBN 978-601-7305-76-5
Оқу құралы оқу жоспарына жаңадан кірген «Тарих ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері» пәнінің негізгі проблемаларына арналады. Кітап біріне-бірі тығыз байланысты екі үлкен тақырыпты ашуға арналған. Тарих ғылымының теориялық мәселелері оқу құралының бірінші бөліміне арқау болған. Арнаулы бөлімде тарихи зерттеулер барысында пайдаланылатын әдіс- тәсілдерге тоқталған. Оқу құралы тарих факультетінің студенттеріне, магистрлеріне, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған.
Тарихнама. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. / А. Күзембайұлы, Е. Әбіл. - Қостанай, 2016. - 209 бет.
ISBN 978-601-7839-08-6
Оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын тарихнама пәніне арналған. Кітапта әлемдік тарихнамалық процеске толық сипаттама беріледі. Сонымен қатар авторлар ХҮІІІ ғасырда қалыптасып осы күні әлемдік деңгейге көтерілген Ресей тарихнамасының негізгі кезеңдеріне де тоқталады. Қазақ ұлттық тарихнамасы қазір алғашқы қадамдарын жасауда. Дегенмен қазақ тарихы көптеген шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Сондықтан оқу құралының әрбір тарауында қазақ тарихына қалам тартқан тарихшылар мен олардың шығармаларына аннотациялық талдау беріледі. Қазақ тілін;де жазылған оқулықтың жоқтығын ескерсек оқу құралының тарих факультетінің студенттеріне, магистрлеріне, жоғары жəне орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдеріне көмегі тиері анық.
Деректану. Оқу құралы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. /А. Күзембайұлы – Қостанай, 2017. – 228 б.
ISBN 978-601-7839-94-9
Оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын деректану пəніне арналған. Оқу құралы негізгі үш бөлімнен тұрады.
Алдымен дерек түсінігінің теориясы қарастырылған. Келесі бөлімінде деректердің түрлеріне сипаттама беріледі. Ал соңғы тарауында деректерді іздеу, табу, талдау жəне олардан объективті ақпарат алу əдістері баяндалған.
Оқу құралы тарих факультетінің студенттеріне, магистрлеріне, жоғары жəне орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған. -
Фотогалерея