Оспанова Шынар Бектепбергенқызы

аға оқытушы
  • + Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы
  • + Лауазымы: аға оқытушы
  • + Ғылыми дәрежесі: -
 

Оспанова Шынар Бектепбергенқызы 2004 жылы Қостанай мемлекеттік университеті «Қолданбалы математика» мамандығын «экономика бағытындағы қолданбалы -математик» біліктілігі бойынша бітіргеннен кейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасына оқытушы қызметіне тағайындалды. 2006 жылы екіжылдық «Жас оқытушылар мектебі» курсын тәмамдады. 2009 жылдың қыркүйегінде Оспанова Ш.Б. аға оқытушы қызметіне ауысты.
«Жоғары оқу орнында оқытудың жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялары» бағдарламасы бойынша 2010 жылы Алматы қаласында біліктілігін жетілдірді. 2015 жылы «Өрлеу» БАҰА бағыты бойынша Алматы қаласында біліктілігін жетілдірді. 2016 жылы ЧМГУ «Педагогикалық білім беру» магистрлік бағдарламасы «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша магистрлік диссертациясын үздік қорғады.
Өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Ш.Б. Оспанова институттың, факультеттің және кафедраның ғылыми-практикалық конференциялары мен ғылыми-практикалық семинарларына, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары қатысады. 7 оқу құралы баспаға шықты. Ш.Б. Оспанова студенттік инновациялық сайыстарға қатысу үшін студенттердің жобаларына ғылыми жетекші болып келеді. Студенттің үздік жұмысын жетекшілік етіп, кеңес бергені үшін ҚМПИ ғылыми жұмысы мен халықаралық байланыстар бойынша проректорының грамотасымен және білім беру жолында аянбай тер төккен, өнегелі шәкірт тәрбиелеген үшін ҚМПИ ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Жыл сайын қалалық, облыстық олимпиадаларға қазылар алқасы құрамында, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары конференцияларына, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми жобалардың облыстық байқау-сайыстарына қатысады. білім беру жүйесіндегі ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуде ҚР БҒМ программисі ретінде өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді орындағаны үшін ҰТО директорының құрмет грамотасымен жыл сайын марапатталады. Сонымен қатар жыл сайын ОЖСБ шарасына және магистратураға, докторантураға және т.б. түсу үшін шетел тілінен емтиханын жүргізуде БҒМ өкілі ретінде қатысады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Мұғалімдер Оспанова Шынар Бектепбергенқызы