Соловьева Наталья Анатольевна
- + Филология департаменті
- + Лауазымы: қауымдастырылған профессор
- + Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты
1977 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 1994 жылдан 1998 жылға дейінгі аралық А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің шетел тілдер факультетінде, ағылшын және қазақ тілі бөлімінде, ағылшын және қазақ тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқыды.
2005 жылдан бастап 13.00.08-кәсіби білім берудің теориясы және әдістері мамандығы бойынша аспирантурада ізденуші ретінде сырттай білім алды.
2008 жылдың мамыр айында, В.П.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерия университетінің диссертациялық кеңесінде қорғаудан өтіп, нәтижесінде Ресей Федерациясының педагогика ғылымдарының кандидаты атты ғылыми дәрежесін иеленді.
2009 жылдың қазан айында, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде педагогикалық ғылымдарының кандидат дипломының нострификациясын алды.
БҒМ алқасының 25.10.2011 ж. № 7 шешімі бойынша, «доцент» ғылыми атағы берілді.
40-тан астам ғылыми жұмыстардың және 1 монография, 3 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Екі тараудан тұратын монографиясында (ISBN 9965-19-470-Х), заманауи білім беру шарттарының негізі болып алынатын ЖОО студенттерінің танымдық дербестіктерінің мәселелері қарастырылған және оны оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында қалыптастырудың дидактикалық шарттар кешені берілген.
Қазақстанда және одан тыс жерлерде, әр түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға тұрақты түрде қатысып, өзінің кәсіби деңгейін жетілдіруде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің педагогика және психология бойынша сараптау комитетінің отырыстарында сарапшы және ғылыми хатшы.
Қазақстан Республикасының студенттері мен оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарын қарастырып сын пікір береді.
2000 жылдан 2016 жылға дейін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ағылшын тілі мұғалімі, доцент, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі ретінде жұмыс істеді.