Жумабаев Канат Аканович
- + Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы
- + Лауазымы: кафедра меңгерушісі
- + Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты
Қанат Аканович Жумабаев 1979 жылы 10 қыркүйекте Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Лютенка ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Қостанай ауданының № 2 Затобол орта мектебін бітірді.
1994 жылы Қостанай ауылшаруашылық техникумының (Заречный к.) бухгалтерлік бөліміне оқуға түсті. 1997 жылы ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін (оқу орнының атауының өзгеруіне байланысты) «ауылшаруашылық өндірісінің бухгалтері» мамандығына ие болды. Сол жылы Қостанай ауылшаруашылық институтының инженерлік-технологиялық факультетіне оқуға түсті. 2000 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «инженер-экономист» біліктілігімен бітірді (жоғары оқу орындарының бірігуіне байланысты қайта аталды).
2000 жылдың маусым айында әскери қызметке шақырылды. 2001 жылы мамырда қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылды.
2001-2018 жж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды:
2001-2009 жж. – философия және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушысы;
2009-2011 жж. – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы;
2011-2016 жж. – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті;
2016-2018 жж. – Академия Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде (Астана қ.) экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетке шығуыма байланысты ішкі істер қызметінен босатылды. 2019 жылдың 1 ақпан айынан бастап Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылым және халықаралық қатынастар басқармасында маман болып жұмыс істеді. Сол жылдың маусым айында университеттің бос лауазымдарын иелену конкурсына қатысты. Конкурстың нәтижелері мен конкурстық комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімі негізінде ұсынылып, 2019 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
30-дан астам жарияланған еңбегі бар, оның ішінде оқулықтар, қазақ және орыс тілдеріндегі экономика бойынша дәрістер курстары. Университеттегі, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысады. Біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қызығушылық танытады. Ғылыми жобаларды әзірлеуге, ІІМ жүйесінде заңнамалық актілерді дайындау жұмыстарына қатысты. Ведомстволық марапаттары бар.
Оқытатын пәндер: экономикалық теорияның негіздері, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері; экономика және кәсіпкерлік негіздері, құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі, мұғалімнің кәсіби бағыты, кәсіпкерлік дағдылар негіздері, маркетинг.