Құрметті әріптестер!

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті ҚМПИ Жас Ғалымдар Кеңесінің қолдауымен «BuildingglobalisedWorld: social, economic, political Perspectives of Education» 31 қазаңда халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты:тәжірибе алмасу және білім беру келешегінің дамуын түрлі аспектілерден талқылау; ғылыми және іскерлік қарым-қатынас орнату; шеттілділік білім беру саласында бірлескен жобаларды қолдау және құрастыру.

Конференция келесі бағыттар бойыншажұмыс жасайды:

  1. Үштілділік негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
  2. Жаһандық әлемде қазіргі білім беру дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері.
  3. Шеттілділік білім беру: халықаралық тәжірибе және ұтқырлық.
  4. Ерте тілдік білім беру: мәселелер мен келешегі.
  5. Инклюзия қазіргі білім беруде үрдіс ретінде.
  6. Қазіргі білім беруде АКТ-құзыреттерді қалыптастыру.

Конференцияға қатысуға білім беру, мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлер, зерттеушілер, аспиранттар, докторанттар, ізденушілер, магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс.

Материалдар 2017 жылдың 30 қыркүйек айының дейін қабылданады.

ТЕЗИСТЕР МЕН БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Баяндамалардың мәтіндері Microsoft Word мәтіндік редакторында, RTF форматында, Times New Roman шрифтімен; жоларалық интервал – 1; таңба өлшемі – 12; тегістеу – ені бойынша; оң жағы – 2 см, басқа барлық жолдары – 1,5 см. Жоғарыда – баяндаманың атауы бас әріптертермен жол ортасында; төменде 1 интервалдан кейін – автордың аты-жөні, келесі жолда мекеме атауы, қаласы, елі; төменде 1 интервалдан кейін – аннотация мен тірек сөздер басылым тілінде; төменде 2 интервалдан кейін – баяндаманың мәтіні. Мәтінде суреттер мен кестелер болуы мүмкін. Суреттер ақ-қара түсті болуы керек. Суреттердегі мәтін көлемі 12 пт кем болмауы керек. Суреттер топталу керек. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында және баяндамада көрсетілген ретіне сәйкес құрастырылады. Мәтінде сілтемелер тік бұрыш жақшаның ішінде/1; 345/ келтіріледі. Баяндаманың көлемі – 7 беттен аспауы тиіс.

Басылымға қойылған талаптарына сай мәтіндер қабылданады. Баяндамадағы қателер үшін автор жауапты.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 10 наурызына дейін мақала мәтінің және өтінімді келесіформада жіберу керек:

  1. Аты-жөні (толық)
  2. Мекеменің атауы, жоо
  3. Жұмыс мекен-жайы,телефон, e-mail
  4. Секцияның атауы
  5. Баяндаманың атауы
  6. Қонақ үйде орынға алдына ала тапсырыс беру керек пе
  7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
  8. Керекті техникалық құралдар
  9. Мен
  • Баяндамаменпленарлық мәжіліске қатысамын (иә, жоқ)
  • Баяндамаменсекциямәжілісіне қатысамын (иә, жоқ)
  • Конференцияға тыңдарман ретінде қатысамын(иә, жоқ)

Конференцияны ұйымдастыру жарнасы:

  • Жинақтың басылым түрі - 3000 теңге,
  • Жинақтың PDF-түрі -1000 теңге.

Конференцияға баяндамамен қатысқан қатысушыларға халықаралық конференциясының сертификаты беріледі.

Конференция қатысушыларының іссапар шығындары конференцияға қатысушыныңе себінен жүргізіледі. 

Шетелдегі  авторлар мен ғылым докторларының баяндамалары тегін жарияланады (конференцияның сертификаты мен жинақтыңPDF-түрі электронды түрде ұсынылады).

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

110000 Қостанай қ., Таран көш. 118, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті, шетел тілдерікафедрасы, 220каб.

Жауапты:Данилова Виктория Валерьевна, п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, тел. +7 705 4604348, +7 707 0411856, e-mail:, (хатты екі электронды адресіне жіберуіңізді өтінемін).

Тірек күндер:

  • 30 қыркүйек 2017жылы – конферецияға материалдарды қабылдаудың аяқталуы.
  • 31 қазаң 2017жылы – конференция жұмысының басталуы.
  • 7 қараша 2017 жылы – конференция жинағын аталған электронды адрестер бойынша жіберу.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Құрметті әріптестер!